0 дауыс
2.0k көрілді
Құрбым 2008-2009 жылдар аралығындағы еңбек демалысын 2009 жылдың мамыр айында алуы керек болатын. Бірақ 2008 жылдың 1 желтоқсанынан бастап 2009 жылдың 1 наурызына дейін декреттік демалысқа шықты (бала туғанға дейінгі, бала туғаннан кейінгі). Еңбек демалысын алатын мерзімге екі ай жетпейді, сонда да декреттік демалыстан кейін еңбек демалысын алуға бола ма?

1 жауап

+1 дауыс
–2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 192-бабына сәйкес, әйелге қалауы бойынша жүктілікке және босануға байланысты демалыстың алдында немесе тікелей одан кейін, не балаға күтім жасауға арналған демалыс біткен соң жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі.
...