0 дауыс
318 көрілді
Мен дүкен ашайын деген едім. Соған жерді алу үшін не істесем болады?Әлде қалаған жеріме барып қоя саламын ба? Сіздерден жауап күтемін?

1 жауап

0 дауыс

Ең алдымен дүкен ашу үшін оның орналасатын жерін ыңғайлап алу керек. Бұл ең басты мәселе. Дүкен жанында трасса, автобус аялдамасы, жалпы адамдар көп жүретін аумақта болуы тиіс. Себебі табыстың барлығы осыған тәуелді. Дүкен алдында көліктерге арналған орынның болғаны дұрыс. Сосын жақын маңдағы бәсекелестер мен клиенттердің сұранысын зерттеп, қойылатын өнім түрлерін сұрыптап, дүкеннің даму жоспарын жасауыңыз тиіс. Дүкенге ат қойып, майдайшасына тапсырыс беру керек. Бұдан кейін азы-түлік қоятын құрал-жабдықтарын, мұздатқыш, кассалық аппарат, т.б. аласыз. Сатушылар мамандандырылған және сыпайы болуы тиіс. Оларды арнайы киіммен қамтамасыз ету де маңызды. Жарнамалық шаралар, тауар әкелушілермен және барлық заңдық құжаттармен жұмыс жасау тиянақты атқарылуы керек. Бұл ретте клиенттердің барлығын төмен баға қызықтыратыны сөзсіз, сондықтан тауар және басқа заттардың үлгілерін көрсетуге арналған орында қандай тауарларға жеңілдік берілгендігі жөніндегі ақпараттар ілініп тұруы тиіс. Осындай маркетингтік жұмыстар тиянақты жүргізілгенде ғана сіздің дүкеніңіз үлкен пайда әкеледі. Сіздің потенциалды клиенттеріңіз қандай екенін және таяуда не орналасқанын анықтап алыңыз: мектеп, тұрғын үй кешені, демалыс орындары және т.б. Сондай-ақ жарнамадан бас тартудың қажеті жоқ – хабарландыруларды аялдамаларға, үйлерге іліңіз, сіздің дүкеніңіздің ашылғаны туралы, әр түрлі ассортимент және төмен бағалар жөнінде бәріне жариялаңыз. Дүкеніңіздің маңынан адам қаншалықты көп өтсе, сізге клиенттер де соншалықты келетін болады. Негізі 40-50 шаршы метр ғимаратты жалға алу – айына 65-70 мың теңге. Құрал-жабдықтар сатып алу – 70-80 мың теңге. Ал азық-түлік сатып алу –200-250 мың теңгені құрайды. Есіңізде болсын, бастапқыда ең қажетті ғана тамақ өнімдерін алған дұрыс. Бірте-бірте ассортиментті толықтырып, көбейту қажет. Тамақ өнімдерін бөлшек саудада сату табысты болып табылады. Сіздің бизнесіңіз орта есеппен жарты жылда өз шығынын өтейді және таза табыс әкеледі.

Толығырақ: https://alashainasy.kz/interested/azyik-tulk-dukenn-kalay-ashuga-boladyi-51424/

...