Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасындағы күйдің құдіреті мен күйшінің шеберлігін байланыстыра талдап жазыңыз.
«Күй аңызы» – Тахауи Ахтановтың ең алғашқы әңгімелерінің бірі. Бұл әңгіменің негізгі тақырыбы – өнер құдіреті. Ол өзінің мұңды да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тастай қатып қалған қайғы тоңын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды. Күй – тарихтың өткені мен бүгінін көз алдына әкелетін ерекше қасиеттерімен сипатталады.
Күй өнері – шексіз өнер. Бұл шығармадан күйдің құдіретін көре аламыз. Күй мен күйшіні байланыстырып тұрған не? Күйдің адамды баурап алатын қасиеті бар ма? Әлде күйдің біз білмейтін құдіреті бар ма?
Бұл шығарма екі салт аттылардың ауылдың басына желе-жортып келе жатқандығынан басталады. Олардың бірі, тарамыс денелі, қапсағай өңді, егде кісі, күйші – Естемес. Ал Естеместің қасында келе жатқан өзінің шәкірті – Оразмұхамбет. Екі жолаушы жол ұзақтығынан шаршай бастайды. Астындағы аттарын суытып алу үшін бір жерге тоқтаған кезде, кенет көздері бір нарға түседі. Нардың өзі жүдеу, бүйірі солып, өркеші бір жерге қисая бастаған. Ол нар тамыры қураған ағаштай солып, күйіс қайырмай тұр екен. Көзі жасаурап, өздеріне телміріп қараған нарды жолаушылар аяп кетеді. Күйші бұл түйенің ботасынан айрылғанын бірден түсінген екен. Тіпті бір жол жүріп еді, көздері қараша үйге түседі. Ол үйдегі жалғыз шал мен талдырмаш денелі қыз түйенің биылғы жұттан өз ботасынан айрылғанын айтады. Шаңырақтың иесі түйесінің суалып кеткенін, мүмкін түйесінің күйге иіп кететіндігін күйшіге айтқан болатын. Ал күйші шалға басқа қолқа салады. Естемес өзінің жары жоқтығын айтқаны сол еді, шал оның сөзінің мағынасын түсінгендей болады. Шал оған қызын беруге келіседі. Күйші домбырасын қолына алып, күйді төге бастады. Күйшінің саусағы домбыраның сағасына таман келіп, безек қағып, күй өз бұрылысынан жоғары өрледі де, суырылып барып асқақтап жүре берді. Естемес күйге елітіп, өзге дүниені ұмытып кетті. Маңдайдан тер шығып, арқаны құрыстырып, кеудені кернеп бұлаңтатып жүрген нәрсе түйіні шешіліп, қорғасын таралып жанын сергітіп, мол сазды күй болып дүниеге келе жатыр. Аруана осы тұста бір ыңранып қалды. Естемес оны да домбыраның ішегіне іліп алып кетті. Күйшінің көзі қызға түседі. Қыз нардың желінін қысып, қатты ұстап қалған. Естемес қызға енді бір қарағанда сығымдап ұстаған сүйріктей саусақтарының арасынан шүмектеліп ақ сүт тамып тұрды. Күйшінің де көзінен жас тамады. Бұл дегеніміз, күйдің құдіреттілігінде. Жұмсақ әуен боздаған түйені емірендіріп жібереді. Осылайша «Нар идірген» күйі пайда болған деседі. Бұл жерде күйшінің майысқан саусақтары арқылы, домбыраның пернесінен шыққан күй адам тұрмақ, жан-жануарларды да еліктіретін қасиеті бар екендігі ашық айтылады.
Күй – ойдан туады. Қолың қанша машықтанғанымен, көңілің құр болса, күй шықпайды.
Күй – құдіретті әуен. Оның құдіреттілігі соншама, тау мен тасты да бұзады. Күйді жай ғана музыкалық жанр десек қателесеміз. Ол сан қырлы, сан сырлы күрделі шығарма.
Күй – байыпты мазмұны бар, көркемдігі жоғары аспаптық жанр. Күй мен күйшіні байланыстыратын – сезім деп ойлаймын. Күйші өзінің айтпақ ниетін, күйін өзі түсініп, өзі сезінсе тыңдарманға ол күй нақ жетіп жетеді. Күйдің тұтастылығы – адам жанын баурап алуға ие. Сөзі жоқ, тек домбырадан шыққан күйдің ырғағы арқылы күйшінің не айтқысы келетіндігін түсінуге болады деп ойлаймын. Сондықтан күй – бізді атадан балаға жеткен, қадірлеп, көздің қарашығындай сақтайтын қымбат қазынамыздың бірі деп ойлаймын.