0 дауыс
37.3k көрілді
"Күй аңызы" әңгімесі бойынша әдеби эссе жазыңыз.  Тақырыбы: "Күй құдіреті".                                                                                                                                           .

1 жауап

0 дауыс

"Күй аңызы" - Т.Ахтановтың ең алғашқы әңгімесі. Әңгіменің негізгі тақырыбы — өнер құдіреті. Естемес деген күйшінің ауыр тағдыры. Ол өзінің мұңлы да зарлы күйі арқылы ботасы өлген боз інгеннің тақырдай қатып қалған қайыс жонын жұмсартып, тіршілікке нәр бергендей болды.   
Бұл әңгіме күйші Естемес пен жас жігіт Оразымбеттің жолдағы әңгімесі мен бастан кешкен оқиғасы туралы. Естемістің жас қызға ғашық болып, оған соңына дейін тырмысып өзіне алғысы келгені, бірақ қыздың ондай ойы болмағанын біліп, көңілі түскені туралы болатын.

Естемес және оның жанында  жүрген жас жігіт Оразымбет екеуі жол жүріп бара жатып жолаушылап Ипан тауының баурайындағы жалғыз үйге тоқтайды. Естемес сол қызға ғашық болады. Әкесі егер менің суалып қалған түйемді идірсең,қызымды беремін дейді. Жаңылға қосылу үшін ол күй шерте  басатайды. Бұл баяғыдан бітіре алмай жүрген  күйі еді. Күй соңында күйші қатып қалған бозінгенді идірсе де қыз оған заманының өткендігін білдіреді. Осы күй осыдан "Нар идірген" деп атылып кеткен.   
 

Шығарма кейіпкерлері:   
*.Естемес - күйші, тарамыс денелі, қатқыл өңді, егде кісі, тағдырына ыза болған, өкінген адам.

*.Оразымбет - Естемістің шәкірті.

*.Жаңыл - жасы он алты-он жетілер шамасындағы, қою қара қасты, мөлдіреген қара көзді, дөңгелек жүзді, қара торының сұлуы. 

Ұқсас сұрақтар

...