0 дауыс
5.2k көрілді
Гүлді өсімдіктердің қосарлы ұрықтануының маңызды ерекшеліктерін сипаттайтын тұжырымды анықта.

1 жауап

0 дауыс

Жануарлар мен жоғары сатыдағы гүлді өсімдіктердің жыныс жасушаларының дамуы мен ұрықтануында көптеген ортақ қасиеттермен бірге айырмашылықтар да бар. Оны даражарнақты гүлді өсімдіктердің жыныс жжасушаларының дамуынан байқауға болады.

Аналық жыныс жасушалары түйінде дамиды. Оның ішінде тұқым бүршігі орналасқан. Бұл тұқым бүршігіндегі пісіп-жетілген жұмыртқа жасушасы мейоз жолымен екі рет бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар тқрт жасуша пайда болады. Осы төртжасушаның үшеуі тіршілігін жояды да, қалған біреуі митоз жолымен үш қайтара бөлініп, гаплоидті жиынтыңғы бар сегіз жасуша түзіледі. Сегіз жасушаның бесеуі ұрықтың қабығын түзуге қатысса, ал қалған үшеуінің біреі жұмыртқа жасушасына айналады. Қалған екеуі гаплоидті хромосома жиынтығы бар жасушаларға қосылып, диплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады, Осындай жолмен пісіп-жетілген гаплоидті және диплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасы ұрықтануға дайын тұрады. Аталық гаметалардың дамуы. Аталық гаметалар тозаңқаптың тозаң түтікшелерінде (аталықта) дамиды. Бұл жасуша да мейоз жолымен екі рет бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар төрт жасуша түзіледі. Оның біреуі митоз жолымен бөлініп, гаплоидті жиынтығы бар екі жас жасушаға айналады. Түзілген жас жасушаның біреуі өсімді (вегетативті) , екіншісі генеративті жасуша деп аталады. Генеративту жасуша митоз жолымен екіге бөлінеді. Соңынан ол жасуша спермийге айналады. Сөйтіп, сыртын тығыз қабықша қаптаған тозаң түйіршігінде үш жасуша пайда болады. Оның біреуі - өсімді, екеуі - гаплоидті жиынтыға бар спермий. Пісіп-жетілген спермий гаплоидті жиынтығы бар жұмыртқа жасушасын ұрықтандырып, диплоидті хромосома жиынтығы бар жұмыртқа жасушасын ұрықтандырып, триплоидті жиынтығы бар жасушаға айналады. Триплоидті ядросы бар жасушадан дамып келе жатқан ұрықтың қоретік заты ретінле жұмсалатын эндосперм дамиды. Эндросперманың құрамында қоректік заттар - нәруыздар, майлар және көмірсулар болады.

Бір мезгілде диплоидті хромосома жиынтығы бар жасушадан болашақ өсімдіктің ұрығы дамып, ал триплоидті хромосома жиынтығы бар жасушадан ұрықтың дамуына жұмсалатын қоректік зат - эндосперманың дамуын гүлді өсімдіңтердің қосарланып ұрықтануы деп атайды, Жабық тұқымды гүлді өсімдіктердің қосарланып ұрықтануы деп атайды. Жабықтұқымды гүлді өсімдіктердің ұрықтануындағы бұл ерекшелікті тұңғыш рет 1898 жыры орыс цитологі С. Г. Навашин ашты. Ал эндоспермнің триплоидті табиғатпен 1915 жылы оның баласы М. С. Навашин ашқан болатын. Өсімдіктерде жыныс жасушаларының түзілуі және ұрықтану процестері, жалпы алғанда, жануарларға ұқсас жүреді. Алайда өсімдік құрылысының ерекшелігіне байланысты болатын жабықтұқымды өсімдіктерді алатын болсақ, олардың аналық хромосомасы бар төрт жасуша түзіледі. Әдетте, оның үшеі жойылып кетіп біреуі ғана бөлініп ұрық қапшығын түзеді. Ал аталық тозаң түтікше арқылы ұрық қапшығының ішінде өтеді. Оның біреу аналық жұмыртқа жасушасымен қосылып, диплоидті зигота түзеді. Екінші спермий диплоидті жиынтығы бар жасушаны ұрықтандырып, триплоидті жасушаға айналдырады, ол дами келе қоректік заты болып есептелетін эндоспермге айналады. 

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/

Ұқсас сұрақтар

...