Сұрақ: Құптан оқығаннан кейін жүніп болған (ғұсылы бұзылған) адам қай уақытқа дейін ғұсылсыз жүрсе күнә болмайды?
Жауап: Құптан намазын оқығаннан кейін жүніп болған адамның таң намазына дейін ғұсыл алуды кешіктіруі жаиз (рұқсат) болса да, дереу жуынғаны әрине жақсы болады. Имам Ғазали хазреттері «Жүніп болып, ғұсыл алмай бір намаз уақытын өткізген адамға оттан көйлек кигізіледі» деген. Намаз оқитын және оқымайтын әр адам бір намаз уақытын жүніп күйде өткізсе, қатты азаптанады. Мысалы, бесіннің азанынан кейін жүніп болған адамның, бесін намазын оқымаған болса, екінді уақытына бесінді оқитындай уақыт қалғанда ғұсыл алуы парыз болады. Парызды орындау үлкен сауап, ал орындамау үлкен күнә. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Жүніп болған кезде тез ғұсыл алу керек! Өйткені кирамән катибин періштелері жүніп болып жүрген адамға ренжиді.» (Әй, ұлым илмихалы)
«Жандының суреті, ит және жүніп бар болған бөлмеге рахмет періштелері кірмейді.» (Нәсаи)
«Жүніпке, мас адамға рахмет періштелері жақындамайды.» (Бәззар)
«Ғұсыл алу үшін тұрған адамға үстіндегі қыл санындай сауап беріледі, сонша күнәсі кешіріледі, жәннаттағы дәрежесі жоғарылайды. Ғұсылы үшін оған берілетін сауап дүниедегі барлық нәрседен қайырлырақ болады. Аллаһу та'ала періштелеріне "Қараңдар, бұл құлым түнде ерінбей тұрып, әміріме бағыну үшін ғұсыл алып жатыр. Куә болыңдар, оның күнәларын кешірдім, ғафу еттім" дейді.» (Ғунийа)
Толығырақ: https://www.islamdini.kz/articles/1822