0 дауыс
477 көрілді
Кітапты тек таза қолмен ұстау керек.

Беттерін қатты басуға болмайды, одан кітап парағы түсіп қалады
Кітаптың арасына дәптер , қалам салуға болмайды , одан мұқаба бүлінеді
Кітапты бүктеме , кітап баулығын пайдалан
Тамақ ішкенде кітап оқымау керек

1 жауап

0 дауыс

Кітапты күн көзінде оқыған және сақтаған дұрыс емес. Себебі, кітап қағазы сарғайып, өңі бұзылады. Сонымен қатар, кітапты дымқыл жерде сақтауға болмайды. Бұл жағдайда кітап арасы көгеріп, парақтары бір-біріне жабысып қалады. Сондықтан да үйіңіздегі кітап сақтауға жайлы орынды белгілеп, сөрелерді сол жаққа орналастырыңыз. Мүкіндігінше кітаптарды жабық сөрелерде сақтаған жөн. 

Кітапқа шаң да, әртүрлі кеміргіш құрт, қоңыз, т.с.с. жәндіктер әуес. Бірі кітап қағазын кеміріп, бүлдірсе, бірі кітап түбіндегі желімге құштар. Қай-қайсы болмасын кітапты бүлдіріп, қағазын үгіп шаңдатады. Бұл зиянкес жәндіктер көбінесе кітап өте тығыз және аса көп қозғалмайтын шаң басқан сөрелерде жиі кездеседі. Сондықтан да үй жинаған кезде кітап сөрелерін де сүртіп, шаңсорғышбен тазалап қоюды ұмытпаңыз. Ал көзіңізге зиянкес жәндіктер шалынса, дереу оған қарсы шаралар қолданыңыз. Алдыменен сөредегі кітаптардың барлығын алып, әрқайсысының шаңын сүртіңіз. Сөрені дымқыл шүберекпен сүртіп, үстіне үлкен қағаз не мата жайып қойыңыз. Содан кейін әр кітаптың шаңын қағып, бір-бірлеп қойыңыз. Сөрелерге кітаптарды қоған кезде, оларды тығыз орналастырмаған абзал. Адам баласына ауа қаншалықты қажет болса, кітаптарға да таза ауа соншалықты қажет. Кітап сөресі тұрған бөлменің жиі-жиі терезесін ашып, ауасын тазартып тұру керек.

Толығырақ: https://www.google.kz/amp/s/massaget.kz/kyizdarga/shayra/2695/amp/

Ұқсас сұрақтар

...