0 дауыс
428 көрілді
Сол жақ мойыным қозғалтпай сұғып ауыртып тұр не істесем болады?

1 жауап

0 дауыс

Кез келген ауру салқыннан пайда болады. Сондықтан аурудың алдын алу үшін өзіңді шымырлыққа шыңдағаның дұрыс. Әсіресе, түрлі жаттығу жұмыстарын жасау, таза ауада көп жүру, дұрыс тамақтану — денсаулықтың кепілі. Дәрігерлер соңғы кезде остеохондроз  ауруына шалдыққан адамдардың көбейгенін айтады. Бұл туралы облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының бірінші санаттағы невропатолог дәрігері Рысты Сұлтанова былай дейді:

— Остеохондроз  дегеніміз не? Остеохондроз — сүйек және шеміршектердің қабынуы. Остеохондроз туберкулез ауруынан немесе сүйектер мен буындарға іріңді инфекцияның түсуінен пайда болады. Ауыр дене еңбегі мен шағын жарақаттар және салқын  тиіп ауыру факторлары остеохондрозды асқындыра түседі. Бұндай ауруға шалдыққан адамдардың сүйектері мен буындары сырқырап ауырады. Әсіресе, омыртқааралық дискілерде дистрофикалық процесс жүреді. Науқастың жүріп-тұруы қиындайды. Көбінесе бұндай жағдай бел омыртқа остеохондрозында байқалады. Оны рентгендік диагностика арқылы анықтайды. Сүйектің пішіні өзгермес үшін науқасты қозғалтпай тыныш жатқызу керек. Ауырсынуды азайту үшін ауырған жерге жылу басып, қабынуға қарсы дәрі-дәрмектер берген жөн. Жалпы, бұндай аурудан айығу үшін курорттарға барып емделіп, қара балшықты пайдаланған тиімді. Негізінде остеохондроз — сүйектердің буын араларына минералды тұздың жиналуы. Оның белгілері сан алуан. Остеохандроз мойын, кеуде бел омыртқалар бөлігін қамтиды. 

Кейбір еңбектерге сүйенсек, аталған аурудың 52 түрі бар. Кейде адамдар ағзада орын алған функционалды өзгерістерді елемей жүре береді. Ал мұндай белгілерге мыналар жатады:  мойын бұлшық еті жылдам шаршайды, иық, арқа, екі қолдың бұлшық еті салдырап тез талып қалады. Ал күн ұзағына қозғалмай үстелде отырып жұмыс істеу ауруды асқындырып жібереді. Иық немесе буыны ауырған адамдар оны көпшілікке танымал ревматизм немесе полиартрит ауруымен шатастыруы мүмкін.  Остеохондрозға шалдыққанда омыртқа арасынан шыққан жұлынның талшықтары қысылып қалса, жүрек тұсы шаншиды. Ал бұны біреулер инфаркт немесе стенокардия ауруымен шатастырады. Мәселен, мойын омыртқа остеохондрозында  миды қоректендіріп тұрған қан тамырлары қысылып, 12 пар мидың жүйелері мен ми сүйегі зақымданады. Бұнда неше түрлі белгілер байқалады. Бас пен желке тұсы  ауырып, көз бен жұтқыншаққа да әсер етеді. Кейде адам лоқсып құсуы мүмкін. Вестибулярлы өзгерістер кезінде адам бар тепе-теңдіктен айырылып түзу жүре алмайды. Әсіресе, көлікке отырып түскен кезде бір жағына қисайып кететін болады. Көзге әсер еткенде көз алды сағымданып, перде тұрғандай немесе ұсақ шыбын-шіркейлер ұшып жүргендей көрінеді. Ауру асқынған кезде дауыс шықпай қырылдап қалады. Адамда әлсіздік, тез ашулану, өкпелеушілік, қорқыныш, абыржу, ұмытшақтық пайда болып, ұйқы бұзылады. Ересектер арасында бел омыртқаның зақымдануы, яғни радикулит жиі кездеседі. Аталған ауру қыс мезгілінде жылусыз техника жүргізгенде немесе мал баққанда пайда болады. Ең алғашқы белгісі — белдің ауруы. Бұл күтпеген жерде кенеттен ұстап қалады. Бел бұлшық еттерінің бірден қатты жиырылып, шымырланып қалуынан ауру оқыс ұстайды.  Ауру ұзаққа созылғанда ауыратын нүктені табу қиын. Бұндай кезде арқаны тік ұстау керек, сол кезде омыртқа жотасы жамбас сүйекке қатты кірігеді де оның арасындағы сақиналы дөңгелектерге күш бірдей түседі. Сонда ешқандай қолайсыз әрекеттерге жол берілмейді. Аурудан айығудың ең тиімді жолы — дене жаттығуларын жасау, суда жүзу.

Толығырақ: https://aqtobegazeti.kz/?p=4947

...