"Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар
1. Жалпы ережелер
1. "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге санитарлық-эпидемиологиялық талаптар туралы" санитарлық-эпидемиологиялық ережелер және нормалар (бұдан әрі - санитарлық ережелер) медициналық қалдықтарды жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптардан тұрады.
2. Осы санитарлық ережелер талаптарын сақтауды медициналық ұйымдардың бірінші басшылары қамтамасыз етеді.
3. Осы санитарлық ережелерде төмендегідей терминдер мен анықтамалар қолданылды:
1) медициналық қалдықтар - денсаулық сақтау ұйымдары қызметтің үрдісі барысында пайда болатын қалдықтар;
2) зиянсыздандыру - қалдықтарды адамның денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпсіз жағдайға келтіру.
2. Медициналық қалдықтардың жіктемесі
4. Медициналық ұйымдар (бұдан әрі - ұйымдар) өз қызметін жүргізу барысында құрамы және эпидемиологиялық, улану және радиациялық қауіптілік дәрежесі бойынша әртүрлі қалдықтарды түзеді. Қалдықтар төмендегідей кластарға бөлінеді (осы санитарлық ережелерге қосымша ):
1) А класы - қауіпсіз қалдықтар;
2) Б класы - эпидемиологиялық тұрғыдан қауіпті және өте қауіпті қалдықтар;
3) В класы - құрамы бойынша өнеркәсіптік қалдықтарға жақын қалдықтар;
4) Г класы - радиоактивті қалдықтар.
3. Қалдықтарды жинау, уақытша сақтау және тасымалдау
жүйесін ұйымдастыру
5. Жататын класына байланысты қалдықтардың айналыс үрдісі мыналардан тұрады: медициналық ұйым ішіндегі қалдықтарды жинау, зарарсыздандыру, оларды контейнерлерге қайта тиеу, ұйым аумағында уақытша сақтау, тасымалдау, зиянсыздандыру, полигондарға көму (қатты тұрмыстық немесе өнеркәсіптік қалдықтарды).
6. рбір ұйымда медициналық қалдықтардың айналым жасау сызбасы дайындалуы керек. Қалдықтардың сандық және сапалық құрамын тексерудің негізінде бір жолғы пайдаланылатын қораптарға, контейнерлерге, қалдықтарды сақтауға арналған ыдысқа деген қажеттілік, зарарсыздандырғыш құралдарға және зарарсыздандырғыш ерітінділерге арналған ыдыстарға деген қажеттілік есептеледі.
7. рбір бөлімшеде бұйрықпен медициналық ұйым аумағында қалдықтарды жинауға, оларды сақтауға, және контейнерге дейін тасымалдауға жауапты адам тағайындалады.
8. Ұйымның қызметкері қалдықтарды қауіптілік класына сай қорғанатын киіммен қамтамасыз етілуі, жұмысқа қабылданар алдында халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен алдын ала және кезеңді медициналық тексеруден өтуі керек.
4. Қалдықтарды жинау тәртібі
9. Қалдықтардың қауіптілік класына байланысты оларды жинауға, уақытша сақтауға және тасымалдауға әртүрлі талаптар қойылады. Қалдықтарды жинаудың, сақтаудың және тасымалдаудың барлық сатыларында түрлі класқа жататын қалдықтарды араластыруға болмайды.
10. А класына жататын қалдықтар ұйымның палаталық бөлімшелерінде (жұқпалы ауруларды, тері-венерологиялық, туберкулезді емдейтін, микологиялық бөлімшелерден басқалары); әкімшілік-шаруашылық қызмет жүргізетін үй-жайларда; бөлімнің ас үйінде; буфеттерінде (жұқпалы, тері-венерологиялық, туберкулезді емдейтін, микологиялық бөлімшелерден басқалары); ұйым территориясында түзіледі.
11. А класына жататын қалдықтарды көп рет пайдаланатын ыдыстарға немесе бір рет пайдаланылатын қапшықтарға жинайды. Қалдықтар көп рет пайдаланылатын ыдыстардан оларды жинауға және әкетуге арналған контейнерлерге, ал бір рет пайдаланылатын қапшықтар контейнерлерге қалдықтардан босатылмай-ақ тиеледі. Көп рет пайдаланылатын ыдыс қалдықтан босатқаннан кейін жуылуы, ал тағамдық қалдықтарын жинауға арналған ыдыстар жуылып, зарарсыздандырылуы керек.
12. Б класына жататын қалдықтар ота жасайтын, реанимациялық, ем шара жүргізетін, және диагностикалық үй жайларда, жұқпалы ауруларды емдейтін, тері-венерологиялық, патологоанатомиялық бөлімдерінде және зертханаларда түзіледі.
13. Б класына жататын қалдықтар тығыз жабылған қақпағы бар (темірден жасалған, пластмассалық) ыдысқа салынып, бір рет пайдаланылатын пластикалық қапшықтарда, немесе бір рет пайдаланылатын қатты герметикалық ыдыста жиналады. Бір рет пайдаланылатын ыдыстың төрттен үш бөлігі толғаннан кейін, ол тұмшаланып, байланады.
14. Қалдықтарды зиянсыздандыруға арналған арнайы қондырғыға келіп түсетін қалдықтардан, көмуге жататын жұқпалы емес науқастан түзілетін, органикалық ота жасаудан түзілген қалдықтардан басқа Б класының барлық қалдықтарын жинау алдында алдын ала зарарсыздандыру керек.
15. Бір рет пайдаланылатын медициналық құрал саймандар (піспектер, инелер, ұштықтар, жүйелер және басқа керек-жарақтар) олардың бүтінділігін бұзбай-ақ, бір рет пайдаланылатын қатты қапшыққа салып және алдын ала зарарсыздандырмай-ақ арнайы қондырғыларда күйдіреді немесе зиянсыздандырады.
16. Медициналық керек жарақтарды зарарсыздырғаннан кейін пайдаға асырылуы Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен іске асырылады.
17. Жұқпалы материалмен немесе науқаспен жанасқан ірі габаритті қалдықтардың бетін және агрегаттарды зарарсыздандыру керек.
18. Арнайы қондырғыларда күйдіруге немесе зиянсыздандыруға жататын қалдықтардан басқа бір рет пайдаланылатын қапшықтарда жиналған Б класының қалдықтарын аумақтағы контейнерге тиеледі. Б класына жататын сұйық қалдықтар зарарсыздандырылғанан кейін канализацияға құйылады.
19. Медициналық бөлімшеден тыс жерлерге Б класына жататын қалдықтардың барлық түрлерін тасымалдау оны тұмшалағаннан кейін бір рет пайдаланатын қапшықтар арқылы жүзеге асырылады.
20. А класының қалдықтары диагностикалық бөлімшелерде; химиялық ем жасайтын бөлімдерде; патологоанатомиялық бөлімдерде, фармацевтикалық цехтарда, дәріханаларда, қоймаларда; химиялық зертханаларда; әкімшілік-шаруашылық қызмет жүргізетін үй жайларда түзіледі.
21. В класына жататын қалдықтың әрбір түрінің уыттылық дәрежесі қалдықтардың қауіптілік класы жөніндегі қолданыстағы нормативтік құқықтық актілер негізінде анықталады.
ЖАЛҒАСЫ БАР