+3 дауыс
3.7k көрілді
Сүйісу адам денсаулығына пайдалы ма?

6 жауап

0 дауыс

Әрине пайдалы. Әсіресе өзің ұнататын адаммен сүйісу.

ахахаха))  "Әсіресе өзің ұнататын адаммен" дит)))) өрт ко мынау
0 дауыс
иә жүрекке пайдалы ))
0 дауыс
пайдалы менің ойым
0 дауыс
сүйісіп көрмеппін өзім, миллиондаған инфекция алмасады диді ғо, зачем пайдалы тогда?
0 дауыс
Ерлі-зайыптыларға қатысты мәселе.
0 дауыс

Құрбым уатсапқа екі адамның сүйісіп тұрған суретін жіберіпті. Суретті көріп еріксіз жымидым. Хех, сүйісу. Фантазия деген атша шауып кетті.... Кіршіксіз, сондай таза, махаббаттың ләззатына терең бойламаған, құдды жасқанып тұрғандай, жағымды оқиғалардың сәулесін бойына сіңірген, ешкімде шатағы жоқ, бір деммен сабырлы түрде орындалып жатқан процесс, тым пәк. Аты да сондай қарапайым, теңіздің жанында шашыңды сәл ұшыртып, бетіңе ернінің ұшын тигізер тигізбестен жалап өткен жылы самалға ұқсайды. Сүйісу. Түкке тұрмайтын күйкі тірліктің сергелдеңінен тым алыс, бензин мен доллардың еркін айналымда жүргеніне назар да аудармады, өзімен өзі бір әлем жасап тұр, оның еркіндігінің жанында доллар мен бензиннің еркіндігі «чепуха» дерсің. Ғажап, бұл үрдіске дым керек емес екі адамның ерні болса жеткілікті.

«My life, mu rules» ұранын тым жақсы көретін еркектердің көбейіп кеткені соншалық сүйісудің шапағатын біржыныстылар да көріп жүр, пәтшағарлар! Менің айтып отырғаным ондайлардың арасындағы емес, қыз бен жігіт арасындағы «сүйісу». Себебі ол таза, ал аналардікі пасық. (Табиғатқа қарсы шығып нелері бар десейш). Мен айтып отырған сүйісу Төлеген мен Жібектің махаббатындай берік, дәлірек айтсақ, Құман ағай мен Меруерт апаның сезіміндей.

Жібек пен Төлегеннің ортасында Бекежан бар, ол оқиға ұнамайды.(Төлеген өліп қалады) Соларды сомдаған актерлар жұбының өмірлері бақыттырақ, сүйісу одан да соларға тартсын. Ерінмен емес, жүрекпен сүйісу... Керемет.. Құдайдың құдыретінен кейін, екінші орында тұрған махаббатың құдыреті болса керек!

Жаратқанның құдыреті аспаннан келеді, оны сезбеу, көрмеу деген бос әңгіме, жүрегінде сенімі барлардың да, жоқтардың да тәубесіне бір минутта келтіретін тылсым күш. Ал жердегі құдырет, «махаббаттың құдыреті» қабырғаңа қатты бататын жалғыздықтан да, әлемді жаулап алғалы тұрған қатыгездіктен де, жылжыған уақыттан да, аунаған айлардан да, тоқылдаған сағаттан да, сенімсіздік пен жалғаннан, пендешілдік пен шындықтан да биік болуы, бензиннен тіпті доллардан да қымбат болуы хақ. Сүйіскім кеп тұрғаны – ай... Жүрекпен..

...