Конституция тақырыбы бойынша сұрақтар мен жауаптар керек?

+1 дауыс
1.1k қаралым
1. Қазақстан Республикасы құрылымы жағынан қандай мемлекет?
Егеменді
Унитарлы
Аграрлы

2. Егемендік алғаннан кейін Қазақстан Республикасында Конституция қанша рет қабылданды?
2 рет 1995 жылы, 1998 жылы
1 рет 1993 жылы
2 рет 1993 жылы, 1995 жылы

3. Қазақстан Республикасында ресми түрде қолданылатын тіл.
Қазақ тілі
Орыс тілі
Ағылшын тілі

4. Қазақстан Республикасының Конституциясына қай жылы, қай айда өзгертулер енгізілді?
1995 жылы 30 тамыз
2005 жылы 20 мамыр
2007 жылы 21 мамыр

5. «Сындарлы жыл» кітабының авторы кім?
М.Шаханов
Н.Назарбаев
Ә.Кекілбаев

6. 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасында қандай мереке тойланады?
Республика күні
Қазақстан Республикасының халықтарының тілдер күні
Нашақорлыққа қарсы күрес күні

7. Қазақстан Республикасының Конституция қанша бөлімнен және қанша баптан тұрады?
9 бөлім 99 баптан
9 бөлім 98 баптан
9 бөлім 95 баптан

8. Қазақстан Республикасының заң шығарушы қызметін жүзеге асыратын ең жоғарғы өкілді органы?
Парламент
Президент
Конституциялық кеңес

9. Соттар үкім шығарғанда кімге бағынады?
Президентке
Жоғарғы сотқа
Заңға

10. Ата Заң не үшін қызмет етеді?
Әр адамның құқығын қорғауға, бостандығын сақтауға
Дауыс беру құқығын сақтайды
Нашақорлыққа күрес

11. Республика заңдары қай кезде күшіне енеді?
Парламент тексергеннен кейін
Президент қол қойғаннан кейін
Үкімет қол қойғаннан кейін

12. Адамның құқығы туралы жалпыға бірдей Декларация қашан қабылданды?
1948 жылы 10 желтоқсан
1947 жылы 8 желтоқсан
1940 жылы 10 қараша

13. Сенатта неше депутаттық президент тағайындалады?
10
15
7

14. Қазақстан халықтарының ассамблеясы қашан құрылды?
1995 жылы 10 наурыз
1995 жылы 10 ақпан
1994 жылы 1 наурыз
• Санаты: Мектеп

1 жауап

+1 дауыс
Жақсы жауап
ҚР Конституциясы бойынша тест сұрақтары
1. Қазақстан Республикасында кім мемлекеттік билік көзі болып табылады?
А) Қазақстан Республикасының Президенті.
В) Қазақстан Республикасының Парламенті.
С) Қазақстан Республикасының Конституциялық кеңесі.
Д) Қазақстан Республикасының Үкіметі.
*Е) Халық.

2. Қазақстан Республикасындағы басқару нысаны:
*А) Президенттік.
В) Монархиялық.
С) Парламенттік.
Д) Федеративтік.
Е) Халықтық.

3. Қазақстан Республикасы:
А) федералды мемлекет.
В) конфедерация.
*С) унитарлы мемлекет.
Д) конфередативтік одақ.
Е) мемлекеттер достастығының мүшесі.

4. Қазақстан Республикасы өзін қандай мемлекет ретінде орнықтырады?
А) демократиялық, құқықтық және әлеуметтік;
*В) демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік;
С) саяси - экономикалық, демократиялық, зайырлы және әлеуметтік;
Д) демократиялық, зайырлы және әлеуметтік;
Е) демократиялық, зайырлы және құқықтық.

5. Қазақстан Республикасының азаматы қай жастан бастап Сенат депутаты бола алады?
А) 18 жастан бастап.
В) 21 жастан бастап.
С) 25 жастан бастап.
*Д) 30 жастан бастап.
Е) 45 жастан бастап.

6. Қазақстан Республикасының азаматы қай жастан бастап Мәжіліс депутаты бола алады?
А) 18 жастан бастап.
В) 21 жастан бастап.
*С) 25 жастан бастап.
Д) 30 жастан бастап.
Е) 45 жастан бастап.

7. Қай жастан бастап Қазақстан Республикасының азаматы Мәслихат депутаты бола алады?
А) 18 жастан бастап.
*В) 20 жастан бастап.
С) 21 жастан бастап.
Д) 25 жастан бастап.
Е) 45 жастан бастап.

8. Қазақстан Республикасының Сенаты депутаттарының өкілеттік мерзімі:
А) 2 жыл.
В) 3 жыл.
С) 4 жыл.
Д) 5 жыл.
*Е) 6 жыл.

9. Қазақстан Республикасының Мәжілісі депутаттарының өкілеттік мерзімі:
А) 4 жыл.
В) 3 жыл.
С) 2 жыл.
*Д) 5 жыл.
Е) 6 жыл.

10. Қазақстан Президенті кімдерге ант береді?
*А) халыққа;
В) Үкіметке;
С) халыққа және Парламентке;
Д) халыққа және Үкіметке;
Е) барлығы да дұрыс.

11. Парламент депутаттары кімдерге ант береді?
*А) Қазақстан халқына;
В) халық пен Президентке;
С) Президент пен Үкіметке;
Д) халыққа және Үкіметке;
Е) барлығы да дұрыс.

12. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелері ант береді:
А) Қазақстан халқына.
В) Қазақстан Республикасының Үкіметіне.
С) Қазақстан Республикасының Президентіне.
*Д) Қазақстан Республикасының халқына және Президентіне.
Е) Қазақстан Республикасы Президентіне және Қазақстан Республикасы Парламентіне.

13. Қазақстан Республикасының Үкіметі өзінің барлық қызметінде жауапты:
А) Қазақстан Республикасы халқының алдында.
В) Қазақстан Республикасы Парламентінің алдында.
*С) Қазақстан Республикасы Президентінің алдында.
Д) Қазақстан Республикасы Премьер - министрінің алдында.
Е) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің алдында.

14. Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағдарламалары:
А) Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітіледі.
В) Қазақстан Республикасының Үкіметімен.
С) Қазақстан Республикасы Үкіметімен және Парламентімен бірлесіп қабылданады.
*Д) Қазақстан Республикасы Президентімен бекітіледі.
Е) Қазақстан Республикасының Президентінің ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасы Парламентімен қабылданады.

15. Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады:
*А) Қазақстан Республикасы Үкіметі.
В) Қазақстан Республикасы Парламенті.
С) Қазақстан Республикасы Президенті.
Д) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты.
Е) Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі.

16. Мәслихатпен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылданатын нормативтік - құқықтық актілер:
А) өкімдер мен шешімдер.
В) өкімдер.
*С) шешімдер.
Д) қаулылар мен шешімдер.
Е) қаулылар мен өкімдер.

17. Әкімдіктермен өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қабылданатын нормативтік - құқықтық актілер:
*А) шешімдер мен өкімдер.
В) өкімдер.
С) шешімдер.
Д) қаулылар мен шешімдер.
Е) қаулылар мен өкімдер.

18. Төменде көрсетілген нормативтік - құқықтық актілердің жоғарғы заңды күші бар:
А) Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының.
*В) Қазақстан Республикасы Конституциясының.
С) Қазақстан Республикасы заңының.
Д) Қазақстан Республикасы Кодексінің.
Е) Жоғарғы Сот шешімінің.

19. Сот билігі кімнің атынан жүзеге асырылады?
А) Қазақстан халқының.
В) Қазақстан Республикасы Президентінің.
С) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының.
*Д) Қазақстан Республикасы.
Е) Қазақстан Республикасы Парламентінің.

20. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес халық атынан сөз сөйлеуге шыға алады:
А) Конституциялық Кеңес.
В) Үкімет.
*С) Президент және Парламент.
Д) Жоғарғы Сот.
Е) Прокуратура.

Ұқсас сұрақтар

127,938 сұрақ
322,812 жауап
153,160 пікір
72,926 қолданушы