0 дауыс
555 көрілді
Ққрметті, мырзалар! Біздер бір топ құрылысшылар ЖШС-тің дара қатысушысы, әрі директоры боп табылатын жеке адамның ойын сауық өткізуге арналған ғимаратын салудамыз, Келісім шарт ауызша, 6 айдан бері жұмыс істеп жатырмыз. 1 жылдан бері жұмыс істеп жүргендер де бар. Еңбек шартын жасаудан директор бас тартты, Ақшамызды ай сайын болмағанмен арасында алып жүрміз, Бірақ, табыс салығы, зейнетақы және әлеуметтік салығы дегендер аударылмай отыр, Директордан сұрасақ,"мен жеке тұлғамын және де салынып жатқан объект серіктестікі емес, жеке өзімнің меншігім болады, сондықтан шарт жасауға және аталған салықтарды,  аударымдарды  жасауға міндетті емеспін"- дейді. Бір жағынан оныкі дұрыс сияқты. Екінші жағынан қарасақ, Азаматтық, салық кодекстерінің және кәсіпкерлік туралы заңдардың қағидалары бұзылып тұрған сияқты. Біріншіден, тұрақты түрде жұмысшы жалдайтын адам кәсіпкерлік субъект ретінде тіркелуі тиіс. Жұмысшыға төленген табысынан салық ұсталынып, бюджетке аударылуы тиіс. Екіншіден, жеке азамат азаматтық-құқықтық негіздегі  шарттарды, тек қана жеке басының қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында жасай алады делінген.Үшіншіден; Әрбір азамат табыс салығын өзі есептеп төлеуі керек делінгендігін ескерсек, табысымызды жасырып,салық төлеуден жалтарып жүрген біздер де кінәлі сияқтымыз.Ойлап қарасақ, қаншама жеке тұлғалар да, заңды тұлғалар да, жұмысшыны азаматтық шарт жасауға мәжбүрлеу арқылы, жұмысшының заңдарға сай әлеуметтік көмек алу құқықтарын шектеп отырғандығы; міндетті сақтандыру, зейнетақы қорларына қаражаттың ,тіпті , салықтың да түспей отырғандығы байқалады.Зейнет жасын 67 жасқа дейін ұзарту идеясы бюджеттің тапшылығынан туындағаны рас болса, жоғарыдағы айтылған жайларды бюджеттің және тиісті қорлардың кіріс көзіне айналдырып,әйелдеріміздің уайымы мен ашыу ызасын басса болмас па екен деген ой келеді.Сіздер қалай ойлайсыздар? Директордың іс- әрекетінде заңға қайшылықтар бар ма?

1 жауап

0 дауыс

Еңбек шарты дегеніміз – қызметкер мен жұмыс беруші  арасындағы  келісім.  Бұл шартқа сəйкес қызметкерлер еңбек тəртібіне бағына отырып, белгілі бір мамандық бойынша жұмыстарды орындауға, ал кəсіпорын тараптардың келісімі жəне еңбек заңдарында қарастырылған айлық жалақыны төлеуге жəне тиісті еңбек жағдайларымен қамтамасыз етуге міндетті болады.

Қазақстанның қолданыстағы еңбек заңдарының өзіне тəн ерекшеліктері еңбек шартының маңызы мен мəнін күшейту болып табылады. Нарықтық қатынастарда еңбек саласындағы қоғамдық қатынастардың  қатысушыларына жеке еңбек шарты негізінде еңбек жағдайларын реттеуде теңдей мүмкіндіктер ұсынылады. Шарт жалдамалы қызметкерлердің жеке қасиеттерін ескеруге, еңбек құқықтық қатынасының тараптарының құқықтары мен міндеттерін дербестендіруге мүмкіндік береді.Еңбек құқықтық қатынастарды мемлекеттік реттеуге күш салу орталықтандырылғаннан орталықсыздандырылуға,  заңнан  –  шарттылыққа қарай өтеді. Сонымен бірге,  негіздеме жəне жеке еңбек шартын бұзу бөлігінде заңмен реттеу қадағаланады.

Еңбек заңдарының мақсаты – барынша ұзақ мерзімді құқықтық қатынасты қамтамасыз ету. Бұған əдетте, жұмыс беруші де, қызметкер де мүдделі. Жұмыс беруші өз ісін жақсы білетін жəне қажетті жұмысты орындай алатын оқыған, білікті қызметкерлерден тұратын кадрларды тұрақты иемденуді қалайды. Қызметкер тұрақты жұмыс пен соған төленетін ақыға мүдделі. Еңбек заңдарының құқықтық нормалары тап осындай  жағдайды  тудыруға   бағытталған. Осы немесе басқа тараптың қалауына байланысты еңбек құқықтық қатынастарын еріксіз тоқтатуға əкелетін тараптардың əрекетіндегі кездейсоқтарды болдырмауды көздейді.

Бірнеше еңбек шартына байланысты жағдайларға тоқталсақ:

ҚР Еңбек кодексінің (бұдан əрі – Кодекс) жұмыс беруші – жеке тұлға қайтыс болған жағдайда еңбек шартының тоқтатылуын жəне үй қызметкерлерімен еңбек шартының тоқтатылуын қоспағанда, еңбек шартының тоқтатылуы жұмыс берушінің актісімен ресімделеді.

Жұмыс берушінің актісінде Кодекске сəйкес еңбек шартын тоқтатудың негізі көрсетілуге тиіс.

Бапқа сəйкес оларға төмендегідей негіздер жатады:

  • тараптардың келісімі бойынша еңбек шартын бұзу;
  • еңбек шарты мерзімінің аяқталуы;
  • жұмыс берушінің бастамасы бойынша еңбек шартын бзу;
  • қызметкердің бастамасы бойынша еңбек шартын бұзу;
  • тараптардың еркінен тыс мəн-жайлар;
  • қызметкердің еңбек қатынастарын жалғастырудан бас тартуы.

Осыған орай, қызметкердің жұмыстан өз еркімен кетуін рəсімдеу кезінде (бұйрықта, еңбек кітапшасында) негіз ретінде Кодекстің 51-бабының  4) тармақшасы көрсетіледі.

Бұл ретте, Кодекстің 57-бабында еңбек шартын қызметкердің бастамасы бойынша бұзудың тəртібі  белгіленетінін назарыңызға саламыз.

Еңбек шарты – жұмыс берушімен жəне қызметкер арасындағы жазбаша келісімдері, қызметкерайқынжұмыстыжекеорындауға,еңбек тəртібінің ережесін орындауға міндеттелінеді, ал жұмыс беруші негізделген еңбек функциясы, ҚР ЕК қарастырылғандай еңбек жағдайын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының нормативтік құқылық актілері жəне заңдары, ұжымдық шартпен, жұмыс берушінің актілері, Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (ары қарай ҚР ЕК ) сəйкес уақытылы жəне толық көлемде еңбек жалақысын  төлеу  (негіздеме: 1 б. 1т. 39т) бойынша қызметкерге жұмыс беруге міндетті. ҚР ЕК 32 бабының 1 т., 23 б. 1 п 2) т сəйкес, жұмыс беруші қызметкерді жұмысқа қабылдаған кезде кем дегенде екі данада жазбаша түрде еңбек шартын жасасу керек, олар екі жақпен қол қою арқылы бекітіледі. Бір данадан жұмысберушідежəнеқызметкердесақталынады. Қызметкер еңбек шарты нұсқасын алғаны туралы жазбаша түрде бекітіледі. Жасасқан еңбек шартыжұмыс берушінің актісі (жұмысқа қабылдау туралы бұйрық) негізінде жұмысқа қабылдау рəсімделеді.

Жұмыс беруші Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтік құқықтық актілері, ұжымдық келісім-шарт, жұмыс   берушінің   актілерінде  қарастылыған еңбек шарттарымен қамтамасыз етуге, еңбек қызметінің шарттары бойынша жұмыс беруге, уақтылы жəне толық көлемде еңбек ақысын төлеуге міндетті.

...