0 дауыс
705 көрілді
Мұрынбоқ  кан болып шыгып жатыр (коп емес ) не себеп  коп емес бирак катты шашаршаган кезде асиресе , жане тамак жуткыншак ауырып жатыр осыган билетиндер болса

1 жауап

0 дауыс

Дәрігерлердің айтуынша, мұрынның жиі қанауы - мұрын қуысының жаралануы және гипертония, жүрек ақауы, өкпе эмфиземасы, бауырдың зақымдануы сияқты тамыр ауруларынан болады.

Мұрыннан қан кетудің 85%-ы аурудың белгісі саналады, ал 15%-ы мұрын қуысы аурулары себебінен болады.

Мұрыннан қан ағу себебін білесіз бе?

Мұрыннан қан кету себептері түрлі жағдайлардан болады.

  • Инфекция аурулары. Дифтерия, қызамық, тұмау, қызылшада мұрыннан қан кету байқалады;
  • Анемия, лейкемия, пурпура секілді аурулардың алғашқы белгісінде мұрыннан қан кету сезіледі;
  • Жүгіру, секіру жаттығуларында қан қысымы тұрақсыз болса, жиі мұрыннан қан ағады;
  • Қан кетудің тағы бір себебі – мұрыннан жарақат алу. Бұл кезде мұрыннан жұлын сұйықтығы ағады. Көбінесе мұрынның алдыңғы жағына саусақ тигізу арқылы зақымдаудан да мұрын қанайды.

Қан кетудің қандай түрлері бар?

Физиотерапевтер бұл жағдайды сипатына қарай болмашы қанау, қалыпты қанау және ауыр қанау деп үшке бөледі. Алғашқысы, мұрын қуысынан тамшылап қана қан бөлінуі, мұның айтарлықтай қаупі жоқ, дегенмен ол – созылмалы аурудың бастапқы белгісі болуы ғажап емес. Қалыпты қан ағу деп дәрігерлер бір мезгілде мұрыннан 200 мл-ге дейін қызыл сұйықтық бөлінуін айтады. Мұндай жағдайда қан адамның өңешіне құйылуы да мүмкін. Кішкентай балалардың мұрын қаны асқазанына кеткен кезде, құсып, іші өтіп, артериялық қысымы төмендейді. Үшінші жағдай – мұрыннан 1 литрге дейін қан кетуі. Бұлардың барлығының да себебі қан тамырлары жүйесіндегі ақаудан болуы ықтимал. Сондықтан дер кезінде дәрігерге көрінген абзал.

Лор

Мұрын қуысының құрылысы. Фото ©Айгүл Хожантаева

Мұрыннан қан кету кезінде диагноз анықтау оңай емес. Алайда егер қан қою қызыл түсті болса, онда мұрын қуысының терең аймағынан аққанын білуге болады. Қан жоғалту кезінде бас айналу, тахикардия, ентігу болады.

Қалай тоқтатуға болады?

Қан ағып тұрған мұрынды саусақпен басу, науқасты дұрыс қалыпта отырғызған дұрыс. Мұндай кезде адамды жатқызуға болмайды. Себебі мұрыннан аққан қан науқастың мұрын-жұтқыншағына кетіп, асқазанды тітіркендіреді. Мамандар қан кеткен кезде 15-20 минут мұрынды дымқыл мақтамен немесе дәкемен көлегейлеуге кеңес береді.

©otolaryngologist.ru

Мұрыннан қан ағуды токтату үшін нафтизин, санорин, ксимилин сияқты тамшыларды тамызуға болады.Егер жасбаланың мүрныныан қан кетсе, осы тамшылардың балаларға арналған түрін пайдалануға болады. Мұрыннан қан кету тоқтамаса,тезірек жедел жәрдем шақыртқан дұрыс.

...