0 дауыс
11.4k көрілді
Үлкен дәретке отырғанда Әжетхана қағазы қан болады қандай ауру түрі

1 жауап

0 дауыс

Геморрой тік ішек көктамырларының кеңеюі менгеморроидальді түйіннің пайда болуы салдарынан болатын ауру.

Ауыру бара-бара күшейе түседі және емдеу тәртібі жоқ болса онда жедел хирургиялық араласым қажет болу мүмкін. 40%1 дейін геморрой аурумен шалдығатындар проктология пациенттердің арасында бұл ең таралған ауру.

Геморройдың симптомдары:

  • артқы өтіс аймағындағы жайсыздық
  • үлкен дәрет кезінде қан кетуі
  • қабыну, ісінулер
  • артық өтіс аймағының қатты ауыруы
  • ашыту және қышынуы
  • түйіндердің шығып кетуі
  • шырыштың бөлінуі

Көп жағдайда, адам өзінде бұл аурудың дамып келе жатқандығынан тіпті күдіктенбеуі де мүмкін. Ұзақ уақыт бойына (бірнеше айдан бірнеше жылдға дейін) тек артқы өтіс аймағындағы жайсыздық сезімі мен қышынуы ғана мазалауы мүмкін. Бірақ бұған ерекше мән бере қоятын адам аз. Кейіннен аздап түйіндердің сыртқа білінуі мен шығып кетуі байқалып, кейде қабынуға немесе тартылып қалуға бейім бола бастайлы. Қан кету әдетте, кешірек, ауру бірнеше ай, тіпті бірнеше жыл әдетке айналғаннан кейін көрініс береді.

Ауырсынудың пайда болуы, дәретхана қағазына және нәжіске жұққан қанның болуы дәрігерге қаралуға себеп болып табылады.

Симптомдарының бірігіп келуі және олардың әр нақты жағдайда біліну қарқындылығы жекелеген сипат алады, және тұтас алғанда да, аурудың ағымы болып табылады. Аурудың «халықта кең таралғандығына» және оның шығу тегі мен белгілері туралы пікірлердің алуан түрлілігіне қарамастан, геморройдың бірнеше түрлері мен ауырлық дәрежелері анықталған.

...