Көркем шығарманың жазылуы бар да, оның рухани айналымға түсуі, сол деңгейде қоғамдық ойға әсері бар. Бұл ретте, әрине, көркем сынның атқаратын міндеті үлкен. Көркем сыны әлсіз әдебиет мың жерден мықты болсын мейлі, тереңін толық аша алмайды, небір интерпретацияларға бастай алмайды. Айтар ойы терең шығарманы айтар ойы терең сын талдаса – оқырман құныға оқиды, көкірегіне әлдебір сәуле түсіреді. Осы бір үлкен міндетті жазушы Жүсіпбек Қорғасбектің «Кітапхана» жобасы атқарды. «Білім және Мәдениет» арнасында өткен сын-сұхбаттардың үздіктері жеке жинақ болып та жарық көргені қуаныш. Ал, олардың арасынан да бөле-жара бір туындыны атасам, ол -
«ШЫҒАРМА АТЫ –«БЕСАТАР», АВТОРЫ – АСҚАР СҮЛЕЙМЕНОВ» атты сұхбат.
Біріншіден, осылайша толымды блиц-талдауға көрнекті жазушы-драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Сүлейменовтің «Бесатар» повесінің өзі өте жақсы негіз бола алады. Және де Ғабең, көрнекті суреткер Ғабит Мүсіреповтің ақжол мақаласынан бастап бірталай сыншылар, әдебиеттанушы, философ ғалымдар талдаған шығарма.
Бұл сын-сұхбатта «Бесатар» әр қырынан қарастырылады, Көрнекті тарихшы М.Қойгелдиев пен белгілі әдебиеттанушы Ұ.Еркінбай әрқайсысы повесті өз тарапынан жоғары кәсіби түрде талдап, шығарманың жаңалығы, ерекшелігі неде? – деген сауалдар төңірегінде ой қозғайды.
«Асқар Сүлейменов 1917 жылғы революциялық төңкерісті, соның қарсаңындағы, сонан кейінгі өзгерістерді басынан кешірген Жүсіпбек Айтмауытов, Мағжан Жұмабаев сияқты тұлғалы жазушылардың жалғасы» дейді М.Қойгелдиев.
«Бесатар» –бір авторлық стратегияны нақты практика жүзінде көрсеткен шығарма. Тікелей генетикалық ерекшелігімізді сақтай отырып, осылай да жазуға болатынын нақты көрсеткен. Ерекшелігі бес қолдың саласындай анық байқалады. Ішкі мәтін энергетикасы көзге ұрып тұр» дейді Ұ.Еркінбай.
Толығырақ: https://adebiportal.kz/kz/news/view/3081