0 дауыс
311 көрілді
Жасым 19да.әлі күнге дейін  жеке куәліксіз жүрмін.Туған әкем менен кішкентай кезімде бас тартты *Ажырасқан* Анаммен бірге өгей әкеммен тұрамын.Жеке куәлік алу үшін әкемнің тегін алу үшін рұқсаты керек , өгей әкем тегін бермейді .3 жыл болды жеке куәліксіз жүрмін .Не істесем болады  ....

1 жауап

0 дауыс

Қазақстан Республикасы азаматтарының, тұрғылықты мекен-жайына қарамастан, жеке басын куәландыратын құжаты болуы тиіс. Қазақстан Республикасының азаматтары үшін жеке басын куәландыратын құжаттар  Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі мен паспорты болып табылады 

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға олардың жасына қарамастан өз қалаулары бойынша беріледі және Қазақстан Республикасының аумағында және аумағынан тыс жерлерде иесінің жеке басын куәландыратын құжат болып табылады. Паспорт 10 жыл мерзімге беріледі. 

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі азаматтарға 16 жастан бастап беріледі және республика аумағында жарамды. Қазақстан Республикасы аумағында ұдайы тұратын барлық  азаматтардың жеке бас куәлігі болуы тиіс. Жеке бас куәлігі 10 жылға беріледі.

Жеке куәлік немесе төлқұжат алу үшін сізге тұрғылықты жеріңіз немесе уақытша орны бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ (ХҚКО) жүгіну қажет. Жеке куәлікті алу үшін қандай құжаттар талап етілетіні туралы сіз сілтеме бойынша Ішкі істер Министрінің 2015 жылғы 10 сәуірдегі №332 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының азаматтарына паспорттар, жеке куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына өтіп, біле аласыз.

Егер сіз жеке басты куәландыратын құжатты жоғалтып алсаңыз немесе оны ұрлап кетсе,  бұл жағдайда қандай әрекеттерді жасау қажет екендігі туралы "Жеке куәлік жоғалғанда және ұрланғанда оны қалпына келтіру"  мақаласынан біле аласыз. 

Жеке куәлікті алуға уақтылы жүгінбегені үшін жауапкершілік 

Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке куәліксіз немесе жарамсыз жеке куәлікпен немесе тұрғылықты жерінде тіркеусіз 10 күннен 1 айға дейінгі мерзімде тұрған жағдайда - ескерту жасалады, аталмыш мерзімнің аяқталуы бойынша азамат Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 492-бабының 2-тармағы бойынша 7 АЕК  мөлшеріндегі айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылады  Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жылдың ішінде қайта жасалған осы сияқты бұзушылық үшін 13 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салынады (492 б. 3-бөл.)  

Азамат жеке куәлікті ресімдеу үшін тек 16 жас мерзімге толуы бойынша ғана жүгіне алады, осы уақытқа дейін оған құжат берілмейді.

16 жасқа толғаннан кейін жеке куәлікті алу үшін мынадай құжаттарды ұсыну қажет:

  • туу туралы куәлік;
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
  • 0,2 АЕК мөлшеріндегі жеке куәлік үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек;
  • паспорт (болған жағдайда).

16 жасқа дейінгі балаларға паспортты ресімдеуге арналған құжаттар тізбесі:

  • туу туралы куәлік;
  • ата-анасының бірінің жеке куәлігі;
  • 8 АЕК мөлшеріндегі жеке куәлік үшін мемлекеттік баж алымын төлеу туралы түбіртек.

Құжаттарды ресімдеген кезде баланың болуы міндетті. 

Сондай-ақ, ата-анасының азаматтығы әртүрлі болған жағдайда, баланың Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды алуы үшін  шетел ата-анасының нотариалдық куәландырылған жазбаша келісім-өтініші талап етілетіні туралы білу қажет (бала Қазақстан Республикасынан тыс жерде туып,   ата-аналарының азаматтығы әртүрлі болса, оның бірі бала туған кезде Қазақстан Республикасының азаматы болса және  осы кезде ата-анасының екеуінің де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрғылықты жері болса);

Мерзімі өткен паспорт үшін жауапкершілік белгіленген бе?

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты азаматтарға олардың қалауы бойынша беріледі. 

Осылайша, мерзімі өтіп кеткен паспортты ауыстыру/ауыстырмау мәселесін азамат өзі шешеді, әкімшілік заңнамада мерзімі өтіп кеткен паспорт үшін жауапкершілік көзделмеген. Бірақ, мерзімі өтуіне, сондай-ақ, айқындама деректерді өзгертуіне байланысты  жаңа жеке куәлікті алған кезде  жарамсыз паспорт болған жағдайда, оны міндетті түрде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) тапсыру қажет.     

Егер сіз өз айқындама деректеріңізді өзгертсеңіз жеке куәлік пен паспортты қалай ресімдеуге болады?

Тегін өзгертуіне байланысты «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына (ХҚКО) қандай құжаттарды тапсыру қажет екендігі туралы Сіз «Тегін ауыстыруына байланысты жеке басын куәландыратын құжаттарды ресімдеу» мақаласынан біле аласыз. 

Ұлтын өзгертуіне байланысты жеке куәлікті және паспортты алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары мынадай құжаттарды ұсынады:

  • қалайтын ұлты көрсетілген жазбаша өтініш;
  • туу туралы куәлік;
  • қуғын-сүргін уақытында республика аумағына еріксіз қоныс аударғандар үшін – ақталғаны туралы анықтама;
  • ауыстырылуға жататын жеке куәлік, паспорт, болған жағдайда;
  • жеке бас куәлігі үшін - 0,2 АЕК,  паспорт  үшін 8 АЕК  көлемінде мемлекеттік баж салығы төленгені туралы түбіртек.

Паспортта және жеке куәлікте ұлты туралы жазба ата-аналарының ұлтына сәйкес жүргізіледі. Ата-аналары әр түрлі ұлттан болған жағдайда, Қазақстан Республикасының азаматы әкесінің немесе анасының ұлты бойынша еркін таңдау құқығы бар.  

Кейіннен, өтініш бойынша ұлты тек екінші ата-анасының ұлты бойынша ғана өзгертіледі. 

Ерекше жағдайларда Қазақстан Республикасының аумағына қуғын-сүргін кезінде күштеп жер аударылған Қазақстан Республикасы азаматтарының паспорттарындағы, жеке куәлктеріндегі ұлты туралы жазбаны өзгертуге рұқсат беріледі. Ұлтын өзгерту «Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы» Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 20 мамырдағы Заңына сәйкес берілетін ақтау туралы анықтамалардың негізінде жүргізіледі.

Азаматтардың паспорттарындағы немесе жеке куәліктеріндегі ұлты туралы жазбаларды өзгерту туралы даулар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі. 

Н өзгертуіне байланысты жеке куәлікті берген кезде, азаматқа бір уақытта ұлты туралы жазба өзгертілгені туралы анықтама беріледі, ол азаматтық хал актілерінің тиісті жазбаларына ұлты туралы мәліметтерді енгізу үшін тұрғылықты жері бойынша азаматтық хал актілері  жазбалары (АХАЖ) органдарына ұсынылады.   

Жеке басын куәландыратын құжаттарды ауыстырған кезде, оларда ұлтын көрсеткісі келмеген Қазақстан Республикасының азаматтары жазбаша өтініш бере алады. 

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/faqs_passport_id

...