0 дауыс
10.1k көрілді
Жеке куәлікті алу үшін қай жерге бару керек?
Қандай құжаттармен барған жөн?
Туған күннен кейін бару керек пе?
Әлде, туған күнге жетпей, алдын ала өтініш білдірген дұрыс па?
Сосын...қанша уақытта дайын болады?
*
Сұрақтардың барлығына жауап беру міндетті емес) Білгендеріңіз бойынша жауап беріңіздер! Алдын ала рахмет!

3 жауап

+2 дауыс
 
Жақсы жауап
Жеке куәлікті алу үшін қай жерге бару керек? * Аудандық ЦОН орталығына.
Қандай құжаттармен барған жөн? * Тұрақты мекен жай труралы анықтама,туу туралы куәдік.
Туған күннен кейін бару керек пе? * Толық 16-жасқа толғанан соң.
Әлде, туған күнге жетпей, алдын ала өтініш білдірген дұрыс па? * Болмайды.
Сосын...қанша уақытта дайын болады? * 1 - 1,5 ай шамасында.
Жауабыңызға көп-көп рахмет!)
+1 дауыс
Әділет органдарының халықты құжаттандыру және тіркеу саласы ҚР-ның азаматтарына жеке басын куәландыратын ҚР азаматының төлқұжаты мен ҚР азаматының жеке куәлігін береді.
ҚР азаматының жеке куәлігі азаматтар мен азаматшаларға 16 жастан бастап беріледі және ол республика аумағына жарамды. «ҚР халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілдеде бекітілген №1063 Қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізіліп, өткен жылдың қазан айынан бастап 10 жылда бір рет ауыстырылуға жататын электрондық ақпарат жеткізгіштері бар жаңа ҚР –ның жеке куәлігі берілуде.
Жаңа куәлік көп қабатты материалдан жасалған. Онда куәлік иесі туралы электрондық ақпарат жеткізгіш ретінде пайдаланылатын микросхема (байланысты және байланыссыз интерфейстер бар чип) орналасқан. Жадының сыйымдылығы кемінде 64 Кб болатын микросхемада қорғалған түрде ҚР азаматының жеке куәлігінің иесі туралы графикалық және мәтіндік ақпарат фотобейнесі мен қолы сақталады.
Микросхеманың байланысты бөлігі ҚР азаматының жеке куәлігінің келесі бетінде орналасқан. Микросхеманың антеннасы бар байланыссыз бөлігі ҚР азаматының жеке куәлігінің беткі жағында жеке куәлік иесінің фотобейнесі, қолы және мынадай дербес деректері мемлекеттік және орыс тілдерінде тегі, аты, әкесінің туған жылы және жеке сәйкестендіру нөмірі орналасқан.
Сондай-ақ, 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап айлық есептік көрсеткіш-1413 теңгені құрап отыр. Осыған орай, ҚР-ның «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің 500 бабының 1-тармағына сәйкес,
-тұрғылықты жерге тіркелу үшін мемлекеттік баж ставкасы 10 пайызы есебімен-141,3 теңгені;
-ҚР азаматының паспорты үшін мемлекеттік баж ставкасы 20 пайызы есебімен 282, 6 теңгені құрап отыр-деп мақала мәтіні түйінделген.
Рахмет, Сағыныш! +1 Әлі де жауаптар толықтырыла түседі деген ниеттемін)
0 дауыс
Салеметсизбе мен туган кунимде калада болган жокпын отбасыммен демалыста болгам 1 ай бойы уакыт отип кетти штраф толеймиз ба алде калай?

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 26.03.2021 Заң сұрақ қойды
0 дауыс
1 жауап
...