0 дауыс
1.6k көрілді
Төртінші курс студент әкімі аппаратында практидан өткен.Мінездеме, пікір керек

1 жауап

0 дауыс

Мында мысал көрсетілген:

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
Экономика және бизнес жоғарғы мектебі
қаржы мамандығының IV курс студенті 
Жанибеков Ерасылға

Мінездеме

Жанибеков Ерасыл 20.01.14-17.04.2014 ж. аралығында ОҚО бойынша қаржылық бақылау инспекциясында өндірістік іс-тәжірбиеден өтті. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Ерасыл практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін тез түзеуге тырысады. Болашақта Жанибеков Ерасыл еліміздің экономикалық әл-ауқатын жоғарылауына үлес қосатын білікті қаржыгер болады деп үміттене отырып, өткізген іс-тәжірибесін «5» өте жақсы деп бағалаймыз.

ОҚО бойынша қаржылық
Бақылау инспекциясының басшысы Б.К. Момышов

Толығырақ: https://surak.baribar.kz/379413/

...