0 дауыс
450 көрілді
Декреттік төлем дұрыс төленбесе қайта төлей ме?

2 жауап

0 дауыс

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлемді есептеу үлгісі

Бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем: мысалы, бала босанғанға дейін әйел 2 жыл жұмыс істейді, бір жыл ішінде оның еңбекақысы бір рет көтерілді. Бірінші жылы әйел 150 000 теңге алса, екінші жылы 200 000 теңге алған.

Бұл жерде қолайлылық үшін  аталмыш сома барлық қажетті аударымдарды шегерумен алынған ретінде санайық (зейнетақы жарналары, табыс салығы және т.б.).

Жалпы табысты санаймыз:

12*150 000+12*200 000=1 800 000 + 2 400 000= 4 200 000 теңге

Алынған соманы 24 айға бөлеміз: 4 200 000/24= 175 000 теңге

175 000 теңге – табыстың орташа айлық мөлшері.

Баланың бір жасқа толғанға дейінгі күтімі бойынша жәрдемақы мөлшерін есептеу үшін осы көрсеткішті 0,4 коэффициентіне көбейтіп, 10% зейнетақы жарналарын шегеру керек, яғни:

175 000*0,4 = 70 000 теңге, 10% шегергенде  босанған әйел ай сайын 63 000 теңгені алады.

*2021 жылы ай сайынғы бала бiр жасқа толғанға дейiн оның күтiмiне байланысты табысынан айырылған жағдайда төленетiн әлеуметтiк төлем 119 000 теңгеден аспауы тиіс. Бұл ең төменгі жалақының (ЕТЖ) 40% х7 және жұмыс жасамайтын әйелдер алатын жәрдемақыдан төмен болмауы тиіс.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/child/ui_decret

0 дауыс

Баланың туғанына байланысты берілетін жәрдемақы

Баланың өмірге келгені — бақыт. Ендеше, осындай қуанышты сәтте мемлекет тарапынан да сыйлық берілуі заңдылық іспеттес. Елімізде баланың дүниеге келуіне байланысты берілетін бір реттік жәрдемақы түрі бар. Оны жұмыс істейтін де, істемейтін де әйелдер алады. Яғни бала туса болды, бәріне беріледі. Жыл сайын жәрдемақы мөлшері өзгеріп тұрады. Сонымен қатар, көлемінің ұлғаюына баланың саны да әсер етеді. Яғни бала көп туған сайын, көбірек жәрдемақы беріледі. 

•    Бірінші, екінші, үшінші балаға 38 АЕК, яғни 110 846 теңге көлемінде тағайындалады. Былтыр мұның мөлшері 105 564 теңге болған еді. 
•    Төртінші баладан әрі қарай болса, 63 АЕК мөлшерінде төленеді. Бұл дегеніміз, 183 771 теңге деген сөз. 2020 жылы 175 014 теңге болған. 

Осы ретте ескере кететін бір жайт, егіз не үшем өмірге келсе, олардың әрқайсына жеке-жеке төленеді. Бұл — бір реттік төлем. Сонымен бірге жұмыс істейтін әйелдер босанғанға дейін, яғни жүктіліктің 7 айында декретке шығады. Соңғы 12 айдағы табыс көлеміне байланысты орташа табысы есептеліп, бір реттік декреттік төлем тағайындалады. Ал жұмыс істемейтін әйелдер мұндай төлем ала алмайды.

Баланың бір жасына дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақы

Декреттік демалыста отырған әйелдерге бала бір жасқа жеткенге дейін ай сайын беріліп отыратын жәрдемақы бар. Жұмыссыз әйелдерге де төленеді. Бірақ мөлшері әр түрлі. Нақтылап айтатын болсақ, төлемдерді жүргізу үшін екі жерден қаражат тағайындалады. Оның бірі республикалық бюджет тарапынан болса, екіншісі — мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры есебінен. Республикалық бюджеттен бөлінетін ақшаны декретке шыққанға дейін еш жерде жұмыс істемеген аналар алады. Көлемі бала санына байланысты.  
•    Бірінші балаға – 5,76 АЕК, яғни 16 802 теңге (2020 жылы – 16 002 теңге);
•    Екінші балаға – 6,81 АЕК, яғни 19 865 теңге (2020 жылы – 18 919 теңге);
•    Үшінші балаға – 7,85 АЕК, яғни 22 899 теңге (2020 жылы – 21 808 теңге);
•    Төртінші баладан әрі қарай – 8,90 АЕК, яғни 25 962 теңге (2020 жылы– 24 725 теңге).

Ал енді жұмыс істеген әйелдер болса, жалақысының мөлшеріне байланысты алады. Мұндағы бір шарт — жұмыс берушінің қызметкері үшін Әлеуметтік сақтандыру қорына ай сайын ақша салып отыруы.  Яғни соңғы екі жылдағы табысының орташа көлемі анықталып, соның 40 пайызы төленеді.

Көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақылар

2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап отбасында төрт баладан көп болған жағдайда берілетін бөлек жәрдемақы енгізілген еді. Яғни балалары кәмелетке толмаған немесе күндізгі оқу бөлімінде оқитын студент болса, яғни жасы 23-ке жетпесе, беріледі. Жанұядағы табыс көлемі ескерілмейді. Ал енді мөлшеріне келсек:
•    Төрт балаға – 16,03 АЕК немесе 46 760 теңге;
•    Бес балаға – 20,04 АЕК немесе 58 457 теңге;
•    Алты балаға – 24,05 АЕК немесе 70 154 теңге;
•    Жеті балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге;
•    Сегіз және одан да көп балаға – 28,06 АЕК немесе 81 852 теңге. Бұған қоса, жетінші баладан соң дүниеге келген әр балаға 4 АЕК-ден қосылып беріледі. «Алтын алқа», «Күміс алқа» төсбелгілерімен және «Ана даңқы» орденімен марапатталғандар айына 18 669 теңге төленеді.  ...
 

...