0 дауыс
25.4k көрілді
Есет Көтібарұлының бастаған көтерілісінің себебі мен салдары?

1 жауап

0 дауыс

19 ғасырдың басында Ресей империясы қазақ еліне көп бекіністер сала бастады. Бұған қарсылық ретінде Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс басталды. Кенесары қазақтың соңғы ханы, данагөй қолбасшы әрі халық қамқоршысы еді.

Кенесары ханның батырларының ақылдығы, ерлігі, қайсарлығы, патша өкіметінің орыс казактарынан және олармен бірге ел сайлаған ханға қарсы шыққан кейбір қазақ сұлтандарының төленгіттерінен басым еді. Талай шайқастарда ел мен халық қолдаған Кенесары әскері орыс казактарын жеңген еді. Сан түрлі тактикалық әдістерді пайдаланып, мысалы тұтқиылдан шабуылдап.

Бірақ жау қолында зеңбіректер мен мылтықтар көп еді, соңдықтан Кенесары әскері 10 жыл күресіп, түбінде жеңілді. Бірақ Ресей империясының отаршылдарына қарсы күрес бұнымен аяқталмады, бұның бірі - Есет Көтібарұлы бастаған көтеріліс.

Патша өкіметінің салған бекіністері

Патша өкіметі - 1845 жылы Орынбор (кейін Торғай деп атала басталды) және Орал (кейін Ырғыз деп атала басталды) бекіністерін салды. Ал 1847 жылы Райым бекінісі салынды. Райым бекінісі Сырдария өзенінің Арал теңізіне құятын жерінде салынған.

1848 жылы Қарабұтақ, ал 1846 жылы Ново-Петровск бекіністері салынды.

Осыншама бекіністерді салған патша өкіметі, жергілікті қазақ халқына ауыр салық салды. Бұл бекіністерді салу үшін қажетті, жүк таситын көлік ретінде пайдалынған түйелерді, момын, еш жазығы жоқ қазақтардан алған. Есесіне бекіністер салған жерлер де қазақ руларына тиесілі еді, бұларды да еш ақы төлеусіз тартып алған.

Бұл заманда Сыр өңірін өзіне қаратып алған Хиуа мен Қоқан хандары, Ресей империясының бұл пиғылдарына қарсы болды. Бірақ наразылығын, Кенесары хан сияқты Ресей империясының бекіністерің алумен емес, жергілікті қазақ халқын тонаумен көрсетті.

Көтерілістің басталуы

Елді қанаған бұл жауларға қарсы күресті, Кіші жүздің Шекті руының батыры Есет Көтібарұлы бастады. Есет батырдың әкесі Көтібар Бәсенұлы, кезінде Сырым батырмен бірге патшалық ресейдің отарлық саясатына қарсы күрескен, елге әйгілі батыр болған.

Есет батыр көтерілісі 1847 жылдан 1858 жылға дейін созылған. Алғашында партизандық соғыс сипатында еді, аз топтармен Ресей империясының күштеріне шабуылдап тұрған. Ал кей кездері патша әскерлерімен үлкен шайқастар да болған.

1853 жылы патша әскерлері Қоқан хандығының құрамында болған қазақтың Ақмешіт қаласына қарсы жорыққа аттанады. Бұл жорыққа қажетті 4 мың түйенің патша өкіметі Кіші жүздің қазақтарынан өндіргісі келді. Бұның салдарынан халық арасында патша өкіметіне деген наразылық есейе түсті.

Патша өкіметі 1855 жылы Есет батырға қарсы күш жібермек болды, батырымыз тоспай өзі бұрын күш жинай бастады. Бұл батырдың қол астында осы жылы 1300-ге жуық сарбаз жиналған, бұлардың барлығы дерлік патша өкіметі жүргізген саясатына қарсы болған адамдар еді.

Есет батырға қарсы ресейлік Орынбор бекінісінен, Кіші жүздің орта бөлігінің басқарушысы болған Арыстан Жантөреұлы 900-ге жуық сарбазбен шықты. Сарбаздарының көбі Ресей империясына беріліп кеткен қазақтар еді, және бұларға қоса казактардың әскери жүздігі бар еді. Бұл заманда бірегей Кіші жүз бірнеше бөлікке бөлінген еді, әр бөліктің патшаға берілген қазақ арасынан шыққан басқарушысы бар еді. Сондай адамдардың бірі Арыстан Жантөреұлы еді. Оған қоса, ресейліктерге берілген сан түрлі шенеуніктер те қазақ арасынан болған еді. Бұндай адамдар қалын халыққа қарсы жорыққа Орынбордан аттанған еді.

Бірақ данагөй Есет батырымыз бұларды Суықсы шатқалында тұтқиылдан шабуылдап, сұлтан орналасқан лагерьді талқандайды. Сұлтанмен бірге, ресейліктер жағында болған талай билер, рубасылар қаза табады.

Осы жеңістен кейін Есет Көтібарұлының жасағы 10-40 адамнан тұратын шағын топтарға бөлініп, жау жағында болған билердің, рубасыларының, сұлтандардың малын барымталайды.

Көтерілістің жеңілуі

Орынбор әкімшілігі қол құсырып отыра алмады. Есет батырдың көтерілісің тоқтатқысы келді. Сөйтіп 1857 жылы, Орал мен Орынбордың казак әскерлерің, башқұрт полктерің және осы қамалдардағы әскери гарнизондарын көтерілісшілерге қарсы шығарды.

Мұншама қалын қол, көтерілісшілерге қарағанда жақсы қаруланған қол, Есет батырдың әскерін қуды. Есет батыр Үстіртке жақын орналасқан Асмантай және Сам құмдарына шегінеді. Осы Сам құмдарында көтерілісшілер түгелдей дерлік талқандалады.

Ал келесі жылы, 1858 жылының жазында, Есет батыр Орынбор губернаторы Катенинмен бітімге келіп, күресін тоқтатады.

Көтерілістің жеңіліуінің себебі

Көтерілістің жеңіліуінің басты себебі бұл қазақта заман талабына сай қару-жарақтың аз болуы. Ресейлік әскерилерде мылтықтар, зеңбіректер бар болса, қазақтардың қолында найза, садақ, қылыш сияқты ортағасырлық қару жарақ қана бар болды. Мылтықтар қазақтарда көп көлемде болмады.

Екінші себебі бұл патша жағында болған ақсүйектердің сатқындығы. Кейбір сұлтандар, билер, рубасылары орыстармен бірге қазақтарға қарсы соғысты.

Есет Көтібарұлының хиаясы бұнымен аяқталмайды, осы батырды Ресей империясының шеңеуніктері 1859 жылы Петерборға шақырады. Және кейінгі жылдары Есет батыр лажсыздан ресейлік билікті мойындап, әділетті ел билеушілердің қатарында болады.

Толығырақ: https://alash.info/unit/271

...