Патша үкіметінің жерді баса-көктеп тартып алуы салдарынан көптеген қазақ рулары дәстүрлі мал жайылымдарынан айырылды. Өйткені ол жерлер жаңадан белгіленген шекаралық шептің «ішкі жағында» қалып қойды. Қазақтардың қарулы қарсылығы басталып кетті.
Бүл оқиғалар XIX ғасырда өмір сүрген зерттеушілердің бірі Н. Петропавловскийдің еңбегінде жеткілікті дәрежеде жан-жақты суреттелген:
“'...Қорған, Есіл және Туқала округтарында шаруалар қырғыздармен
(қазақтармен) курес жургізді. Осы ең соңғы кезге дейін дерлік олар өздерінің қожайын ретіндегі құқығын қорғап қалуға тырысты, біздің ғасырымыздың (XIX ғасыр) 40-жылдарының өзінде де шаруалар мен қырғыздар (қазақтар) арасында қанды қырғын қақтығыстар болып келді...'
”
.
Жаңа шекара шебі жаңадан басып алынған жерлерді оның күні кешегі заңды иелерінен, яғни казақтардан қорғау үшін патша үкіметіне қызмет етті. Бір жағынан, жоңғарлармен, екінші жағынан, башқұрттармен жанталаса күрес жүргізген қазақтардың патша үкіметінің жерді тартып алу экспансиясына ұйымдасқан түрде қатты қарсылық көрсетуге мұршасы келмеді.
Орта жүздің шекара шебі аймақтарындағы жер дауының одан әрі шиеленісе түсуі
Жаңаесіл шекара шебінің құрылысы аяқталғаннан кейін қазақтардың шекарадан ішкі жаққа өтуіне бұрынғыдан да бетер қатаң тыйым салынды.
Жоңғарлар талқандалғаннан кейін қазақ сұлтандары мен старшындары Ертіс өзенінің оң жақ жағалауына көшіп бару үшін белсене әрекет етіп бакты. Алайда жергілікті аймақтың өкімет билігі тарапынан ашықтан-ашық қатты қарсылыққа душар болды, 1755 жылы патша үкіметі Орта жүз қазақтарының Ертістін оң жақ жағалауына өтуіне қатаң тыйым салды. Одан соң қазақтардың бекініске 10 шақырымға дейін жақындауына да рұқсат етілмеді.
1765 жылы Сібір шекара шебінің командашысы генерал-поручик И. Шпрингер Ертістің далалық бетінде ені 10 шақырым келетін алқап белгілеп, ол аймаққа қазақтарды жолатпауға бұйрық берді. Сондай-ақ қазақтардың Ресей әскери бекіністеріне 30 шақырымнан жақын баруына тыйым салынды. Қазақтардың Ертістің оң жақ бетіне өз бетінше өтуінің қандай түрі болса да әскери күш қолдана отырып, қайтадан еріксіз қуып жіберуімен аяқталатын.
Тек 1771 жылы ғана қазақ хандары мен сұлтандарының қайта-қайта өтініп сұрауы бойынша Сұлтанбет және Орыс сұлтандар басқаратын Ертіс бойы қазақтарының Ертіс өзенінің оң жақ бетінде көшіп-қонып жүруіне рұқсат етілді. Соның өзінде де тек қысқы мезгілде уақытша мерзім негізінде көшіп баруына рұқсат алды. Қазақтар аманат беріп тұруға міндетті болды. Ертістің оң жақ жағалауына тек «сенімді деген далалықтардың» өтуіне рұқсат етілді.