0 дауыс
816 көрілді
Бетонның беріктік заңы. Бетон класы мен маркасы тақырыбына реферат қорытындысымен. Алдын ала рақмет)

1 жауап

0 дауыс

Технологиялық классификация, яғни олардың әсер ету механизміне сәйкес барлық химиялық қоспалар төмендегідей жіктеледі:

  1.Бетон араласпасының реологиялық қасиетін реттеуші қоспалар.

Бұл қоспалардың өзін:

а) бетон араласпасының  пластификациялық қабілетін арттырушы (сульфитті-спиртті барда (CСБ), сульфитті-ашытқы бражка),

ә) бетон араласпасын  сұйылтатын (тотықтырылған петралатум,асидол т.б.),

в) бетон араласпасын суды ұстау қабілетін арттыратын (ТЭЦ күлі, жанар тауы күлі, опок, трепель т.б.) қоспалар деп жіктейді.

  2. Қатаю мен ұстасу үрдісін  реттеуші қоспалар. Бұл қоспалар үрдісті жылдамдатушы және баяулатушы қоспалар болып екіге бөлінеді. Ұстасу үрдісін жылдамдатушыларға сілтілік  жер металдарының сульфаты және поташ, төмендетушілерге бор қыщқылы (бура), мырыш оксиді, САБ жатады.

  Бетон араласпасының қатаюын да тездетуге немесе баяулатуға болады. Оның біріншісіне кальций хлориді және оның негізіндегі  қоспалар, ал екіншісіне натрий сульфаты жатады.

  3.Бетон  құрылымын реттеуші қоспалар. Бұл қоспалардың өзі бірнеше топқа бөлінеді:

 a) бетон араласпасының құрамындағы судың мөлшерін төмендетуге мүмкіндік беретін қоспалар (гидролизденген қан, желімді канифоль),  пластификторлар.

 б) газтүзушілер (алюминий ұнтағы, сутегінің асқын тотығы,  кремнийорганикалық қосылыстар)

 в) ауа жинақтаушы қоспалар (мылонафт,тотыққан петролатум)

 г) тығыздаушы қоспалар (сазды топырақты цемент, алюминий сульфаты, кальций сульфаты, магний тұздары).

 Негізінен алғанда бетонның реологиялық қасиеттерін реттеуші барлық қоспаларды судың шығынын төмендетететін, соған сәйкес бетонның құрылымын  тығыздайтын қоспа ретінде қолдануға болады.   

4. Коррозияның  жылдамдығын реттеуші қоспалар. Арматура коррозиясын баяулатушы қоспа ретінде  көп қолданылатын химиялық заттар: (ингибиторлар) натрий нитриті, кальций  нитрит-нитраты, кальций  хроматы, натрий бензоаты.

     5.Толықтырғыштар.

     а) гидравликалық белсенді қоспалар (диотомит, туф, трепель, домна шлактары)

    б) белсенді емес, негізінен микротолықтырғыш-сұйылту қызметін атқаратын қоспалар (известняк, тау жыныстары, саз, ұсақ құм т.б.).

    6. Бетонның химиялық төзімділігін арттыратын қоспалар.

    а) қышқылға төзімділікті арттыратын (андезит, базальт, диабоз, кварц)

    б) бетонның ыстыққа төзімділігін арттыратын қоспалар (известняк, доломит т.б.)   

    в) бетонның ыстыққа төзімділігін арттыратын қоспалар (андезит, диабоз, хромит, магнезит)

     7.Бетонға гидрофобтық қасиет беретін қоспалар. (битум, асфальтит, органикалық полимерлер, натрий силикаты. т.б.).

     8.Арнайы бетондар үшін қолданылатын қоспалар.

     а) оған бұйымның радиациялық төзімділігін арттыратын кадмий, қорғасын және басқа да ауыр металдардың тұздары;

     б) бетонның микроорганизмдерге қарсы тұру қабілетін арттыратын қоспалар.

    г) аязға қарсы қолданылатын қоспалар (кальций хлориді негізіндегі қоспалар т.б.) жатады.

     Сонымен бірге бір түрлі химиялық заттардың әр түрлі концентрацияда қолдану түрлі  әсер ету эффектін және де әр түрлі химиялық заттардың бір түрлі әсер ету эффектін көрсету мүмкіншілігін атап өту қажет.

     Сонымен бірге ғылыми тұрғыдан химиялық қоспаларды жіктеудің  әдістемесі де қолданылады. Ғылыми зерттеу тұрғысынан алғанда химиялық қоспалар олардың әсер ету механизміне қарай жіктеледі. Әсер ету механизміне сәйкес қоспалардың төрт класы ажыратылады:

     1) тұтқыр заттың ерігіштігін арттыратын, бірақ онымен химиялық реакцияға түспейтін қоспалр;

     2) тұтқыр заттармен нашар еритін аз диссоцияланатын қосылыстар түзе отырып химиялық әрекеттесетін қоспалар;

     3) кристалданудын дайын орталықтары;

     4) тұтқыр заттардың дәндерінде адсорбцияланатын қоспалар.

     Химиялық қоспаларды бетон технологиясында тиімді қолдану байланыстырғыш заттардың шығынын төмендету, су-цемент қатынасын жақсарту арқылы бетонның физика-механикалық қасиеттерін жақсарту, суық климаттық  жағдайларда  бетон  қалыптастыру мүмкіншілігін беру, бетонның әр түрлі орта жағдайларына төзімділігін арттыру, бетонның реологиялық қасиеттерін жақсарту арқылы тиімділік береді.

Химиялық қоспалардың әсері тұтқыр заттардың фазалық құрамы мен қасиеттеріне тікелей тәуелді. Сондықтан қоспаларды қолдану кезінде тұтқыр заттың құрамы мен қасиеттерін ескеру қажет.

Цементті клинкер, шикізаттық қоспаны күйдіру нәтижесінде, бірнеше табиғи минералдар  жүйесі түрінде болады. Белгілі бір табиғи минералдардан тұратын гранитпен салыстыру, полиминералдық  жүйе ретінде клинкер туралы жалпы түсінік  бере  алады. Бірақ  гранитке  қарағанда клинкердің жекелеген бөліктерін  қарапайым  көзбен  ажырату мүмкін емес, өйткені клинкер өте майда түйіршікті кристалдық, сондай-ақ аморфтық фазалардан тұрады.

Толығырақ: https://uniface.kz/index.php?post=article&section=4&id=49

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
–1 дауыс
3 жауап
0 дауыс
2 жауап
Белгісіз 17.12.2015 Ұялы телефон сұрақ қойды
...