0 дауыс
748 көрілді
Қорада шөпте тұрған жылқы неге іш тастайды.Оның алдын қалай алуға болады.Бұл қандай ауру, не себепті іш тастайды.Бұл  ауруды білетін вед врачтар бар ма. Бруцеллез ауруы ма, білсеңіздер кеңестеріңізді беріңіздерші өтініш

1 жауап

0 дауыс

Іш тастау – буаздық кезең тоқтап, жатырдағы ұрық жартылай немесе түгелдей жойылып кетуі, болмаса дамыған немесе өлген ұрықтың жатырдан сыртқа шығарылуы. Кей мал үнемі, кейбіреулері 1 – 2 рет іш тастайды да, одан әрі қалыпты төлдейді. Іш тастаудың жасырын түрі де кездеседі. Бұл жағдайда өлі төл жатырда жатады. Әдетте төл өлгеннен кейін 2 – 3 тәулік өткен соң мал іш тастайды, кейде төл іште солып, ферменттердің әсерінен оның жұмсақ тіндері іріп түседі де, жатырда тек сүйегі ғана қалады. Болмаса төл іште шіріп, малдың өліміне соқтырады. Іш тастау – жұқпалы емес және жұқпалы деп екіге бөлінеді. Жұқпалы емес Іш тастаудың себептеріне: дамып жатқан ұрықтың табиғи кемшілігі, малдың жатыр, бауыр, жүрек, бүйрек, өкпе, т.б. аурулары, буаз малға құнарсыз, бұзылған азық беру, жарақаттану, құлау, буаз малдың шамадан тыс шаршауы және жатырдың дұрыс жетілмегендігі жатады. Жұқпалы Іш тастау – бруцеллез, қылау, вибриоз, трихомониаз, т.б. аурулар әсерінен болады. Буаздық мерзімінің алғашқы үштен бір бөлігінде Іш тастау белгілері алдын ала білінбейді, әдетте төл шаранамен бірге шығып қалады немесе жатырда ыдырап, малдың бойына сіңеді. Іш тастау бұдан кеш болса, онда малдың азыққа тәбеті нашарлайды, дене температурасы көтеріледі, іш тастағаннан кейін шуы түспей, жатыры қабынып, одан қан аралас қоңыр жалқаяқ ағады. Малдың қандай аурудан іш тастағанын анықтау үшін қаны алынып, түсікпен бірге мал дәрігерлік бактериология лабораторияға жіберіледі. Іш тастау белгісі білінген малды дереу оқшаулап, оның тұрған қорасы мен құрал-саймандарға дезинфекция жүргізу керек. Іш тастаған малдың бөксесін, желінін, құйрығын креолиннің 3%-дық ерітіндісімен жуады. Мал іш тастаған орынға ағаш үгіндісі, шымтезек немесе топан шашып, кейін оны қағанақпен бірге жинап алып өртеп жібереді. Бұдан кейін қораны тазартып, сөндірілген әктің 10 – 20%-дық, күйдіргіш натрдың 2%-дық ерітіндісімен, т.б. залалсыздандырады. Іш тастаған малдың шуы түспей, жатыры қабынып, ауруы асқынса, оны әдеттегідей емдеуден өткізеді.

Толығырақ: https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%86%D1%88_%D1%82%D0%B0%D1%81%D1%82%D0%B0%D1%83

...