0 дауыс
1.1k көрілді
Бжб срочно алтыға дейін

1 жауап

0 дауыс

Біріншіден, ол тактикасына емес, ал стратегиясына байланысты болған. Тактикалық тұрғыдан алып қарастырғанда, моңғолдар садақ ату шеберлері. Мұнымен басқа көшпенділерден аз ерекшеленген. Әрине, тактикалық жағында-да жаңалықтар болған, мысалы аумақтарға бағытталған бастырмалатқан атыс. Бірақ ең бастысы — стратегиялық әдістер. 

Бірінші және ең бастысы — кең майдандағы ұрыс. Осы жаңадан ойлап табылған нәрсенің маңыздылығын түсіну үшін Ортағасырдағы соғыс жүргізу әдістеріне қарау керек. Олар Еуразияның бүкіл аймағында стандартты болған. Соғыс бастаған ел, біріншіден, өз армиясын жинаған. Айта кету керек, ол кезде тұрақты армиялар болмаған еді, армия құрамы әскери міндетті өтеуге борышты болған феодалдардан, егін шаруашылығымен айналысқандардан құралған. Олардың екеуі-де әскери қызметте болған. Сондықтан да жауынгердің киім-кешегі оның табысына тәуелді еді. Мемлекет жорыққа шыққан армияны азық-түлікпен, жемшөппен және басқалармен қаматамасыз еткен. Жорық үшін үлкен обоздар (көп арба) жинақталған. Жорыққа шыққан армия бір бағытта жүріп, өз арбаларын қорғаған. Ал оған қарама-қарсы бағытта тура осындай армия шыққан. Олар белгілі бір жерде кездесіп, сол жерде ұрыс басталған еді. Осыдан кейін соғыс қимылдарын бастағандар жеңілген қарсыласты түгел тонаған немесе жеңілген жау өз жерлеріне қайтып кетіп, кейінгі оқиғаларды күткен. 

Моңғолдар басқа стратегия қолданған. Олар майданның кең аймағында шабуыл жасағандықтан белгілі бір мемлекеттің қарулы күштері бір жерде жиналмаған. Егер де қарсыластың армиялары бір жерге жиналып қалса, онда моңғолдар жеңілген. Камадан өту кезінде, Жебе мен Сүбедей қолбасшылардың Шығыс Еуропаға жасаған шабуылының соңында осылай болған. Хорезмді жаулап алу кезінде, Коломна және Лигница аумақтарының түбіндегі шайқастарда көп қан төгілген. Осы жерлерде көптеген Шыңғыс ханның ұрпақтары қаза тапқан.

Моңғолдар дүниеге алып келген екінші құбылыс — террор. Ортағасырда тұтқынға түсу — кәдімгідей құбылыс. Шайқастарда көп адам қаза тапқан. Мысалы, Александр Невский Нева өзеніндегі шайқаста шведтерді талқандаған. Осы ұрыста 20 орыс жауынгері мерт болды. Осы кезде Чуд көлінде болған ұрыста Тевтондық Орден өзінің 70 жауынгерінен айырылған. Тұтқынға алынған адамдардың ішінде ақсүйектер қоғамының өкілдері болған. Тұтқынға түскендер көбінесе сатып алынған, сондықтан да бекерден-бекер жан тапсырудың керегі жоқ. Ал моңғолдар қамауға алынған адамдарды қинап өлтірген, тұтқынды өлтіру сәті бәріне көрсетілген. Осылай, еуропалық хронисттер адамдардың кескен бастарынан тұратын қорғандар туралы жазған. Моңғолдар Орталық Еуропаға жорықтарын жасау кезінде өздерінен кейін осындай қорғандарды қалдырып кеткен. Осындай әдістер ортағасырлық адамдардың санасына қорқыныш сезімін уялатып, қарсы тойтарыс беру үшін адамдардың жігерін әлсіретті. Осының арқасында қалалар және бекіністер өз еркімен берілген.



Толығырақ: https://e-history.kz/kz/news/show/2943/

...