0 дауыс
982 көрілді
Мен 9 сынып окисын. Кыз баласымын, 11ге каламын полиция окуы үшін негізі маған 9дан кетсенде болады деп жатыр туыскандарым бірак мен полиция болғым келеді дедм. КНБға түскім келеді. Ол ауыр, қауіпті жумыс деп жатыр. КНБ туралы накты мәлімет алғым келеді

1 жауап

0 дауыс

Ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери / арнаулы оқу орындарына қабылдау тәртібі

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Академиясы ұлттық қауіпсіздік органдарының жедел, техникалық және басшы қызметкерлерді дайындау, қайта дайындау және біліктілікті арттыру саласындағы арнаулы, көп салалы оқу орны.

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарының жоғары білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын әскери, арнаулы оқу орындарына оқуға іріктеу және қабылдау тәртібі «Арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабымен және ҰҚК Төрағасының 2016 жылғы 13 қаңтардағы №2 бұйрығымен регламенттелген.   

ҰҚК Академиясы қабылдауды мынадай оқу бағдарламалары бойынша жүргізеді:

  1. жоғары білім бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 4 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі;
  2. оқу мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл), мамандығы – қарсы барлау қызметі, ақпаратты қорғауды ұйымдастыру және технологиясы;
  3. қосымша білім бағдарламасы бойынша, қайта даярлау курстары (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес).

         Сонымен қатар оқу орнында Комитеттің жұмыс істейтін қызметкерлері үшін магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқыту бар. 

         Қазақстан Республикасының ҰҚК Академиясына немесе шетел мемлекеттерінің білім беру ұйымдарына оқуға түсуге мыналар құқылы:

  1. жоғары білім берудің оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл) оқуға түсетін жылы он жеті жасқа толған, бірақ жиырма бір жастан аспаған (әскери қызмет өткермеген) азаматтар. Әскери қызмет өткерген азаматтар жиырма төрт жастан бастап қабылданады. Жиырма бес жастан бастап әскери қызметшілер не болмаса арнаулы мемлекеттік органдарда қызмет өткеріп жүрген қызметкерлер қабылданады;
  2. оқыту мерзімі қысқартылған жоғары білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл) жоғары білімі бар, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары;
  3. қосымша білім беру бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі – 6 айдан кем емес) жоғары білімі бар, оқуға түсетін жылы кемінде жиырма екі жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары.  

ҰҚО оқу орындарына түсуге тілек білдірген кандидаттар оқуға түсетін жылдың алдындағы жылдың 1 қарашасына дейін тұрғылықты жерлері немесе жұмыс орындары орналасқан жерлері бойынша ҰҚК органдарына тестілеуді қай тілде тапсыратындығын және қай тілде білім алатындығын көрсете отырып, еркін нысанда өтініш береді. 

Өтінішке мыналар қосымша ұсынылады:

  • жалпы орта білімі туралы қосымшасымен бірге аттестат немесе техникалық және кәсіби білімі туралы не болмаса орта білімнен кейінгі білім туралы қосымшасымен бірге диплом (көшірме);
  • жоғары білім туралы диплом (көшірме), дипломға қосымша (көшірме) (транскрипт);
  • жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
  • туу туралы куәлік (көшірме);
  • алты фотосурет (бас киімсіз, өлшемі 4,5 х 6 см);
  • өмірбаян және сауалнама;
  • әскери билет немесе тіркеу куәлігі (көшірме);
  • жоғары білім бар кандидаттар үшін еңбек жолын растайтын құжаттар.

Оқуға зеределенетін кандидатқа мынадай талаптар белгіленеді:

  1. жоғары білім оқу бағдарламасы бойынша (оқу мерзімі - 4 жыл):

орта және ортадан кейінгі кәсіби білімінің болуы;

10-11 сыныптарының оқу табельдері бойынша кандидаттың орта балы дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан төмен болмауы қажет;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

  1. қысқартылған оқу мерзімді жоғары білім оқу бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі – 2 жыл):

жоғары білімнің болуы;

ҰҚО-ға қызметке қабылданар кезде кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)  кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болғанкезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес)төмендетуге жол беріледі;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

  1. қосымша білім беру бағдарламалары бойынша (оқу мерзімі - 6 айға дейін):

жоғары білімнің болуы;

ҰҚО-ға қызметке қабылданар кезде кандидаттың алған жоғары білімі бойынша орташа балы оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 2,67 (В-) (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 4 балдан кем емес)кем болмауы тиіс.

Кандидатта сирек кездесетін мамандығы (оның ішінде техникалық және медициналық бейін), мамандандырылған білімі (оның ішінде сирек шет тілдерін білуі), Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарында, Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарында, құқық қорғау органдарында жедел-қызметтік іс-қимылдың өзекті бағыттары бойынша практикалық қызметтің белгілі бір тәжірибесі болған  кезде, сондай-ақ ғылыми дәрежесі, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық, оқытушылық қызмет тәжірибесі немесе спорттық жетістіктері болған кезде алған жоғары білімі бойынша орташа балын оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингілік әріптік жүйесіне сәйкес 1,0 (D-)-ға дейін (дәстүрлі бағалау шкаласы бойынша 3 балдан кем емес)  төмендетуге жол беріледі;

6 айдан кем емес практикалық қызмет тәжірибесі;

қажетті жеке, моральдық қасиеттері, денсаулық жағдайы және дене дамуы.

Оқуға түсуге өтініш білдірген кандидаттар қызметке жарамдылығын анықтау үшін міндетті түрде әскери-дәрігерлік комиссияларда медициналық және психофизиологиялық тексеруден, сондай-ақ полиграфологиялық зерттеуден өтеді. Сондай-ақ кандидатқа және оның жақын туыстарына арнайы тексеру жүргізіледі.

Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/military_service/wkola_fknb

...