0 дауыс
1.0k көрілді

Актриса болу үшін 9-дан кейін кету керекпе, әлде 11-ден кейін түсу керек па?

1 жауап

0 дауыс

Бала күнімде, кино көрген сайын «шіркін мен де мына балалар сияқты кинода ойнасам» деп армандайтынмын, бірақ ол кезде актрисаның кім екенін білмейтінмін, тек әйтеуір елдер тамсанатын рольдегі әдемі қыз болғым келетін. Өсе келе актриса - бұл тек әдеміліктің жаршысы емес, жақсы қаражат табатын еріншек мамандардың иесі, әрі кез-келген жаңа нәрсені бірінші боп көріп, бірінші боп киетін адам ретінде елестетінмін. Алайда, актриса болуды мақсат санамаппын. Уақытша қызығушылық, тамсанушылық... 

Бүгін аяқ асты "сол арманымды неге іске асырып көрмеске, өз бағымды неге сынап көрмеске" деген ой келді. Әрине, жасымның 28-де, бойымның бар жоғы 153 см, салмағымның ХХ екеніне қарамастан интернеттен іздеп іске кірісіп кеттім. Актриса болғысы келетін мен сияқты есек дәмесі бар қаншалықты адам көп болса, кастингке шақырған компаниялар да соншалықты көп екен. 

Барлық кастинг өткізетін ұйымдарда қойылатын талап: бойың 165 см-ден кем емес, дене бітіміңіз - арық, өңіңіздің әдемі әрі жасыңыздың 25-ке толмағаны міндетті екен. Әрине, бұл басты рөлді ойнағысы келетіндерге қойылатын талаптар, ал менің стандарттарыммен екінші пландарда, массовкаларда ойнауға болатынын білдім. 

Кастинг жалпы қалай өтеді? Ол ақылы ма?- деген сұрақтармен әр орталыққа хабарласа бастадым, бірден кастингтен өтуші болып жетіп барғым келген, бірақ олар маған бірден "жоқ" деген жауап айтты. Оларды да түсіну керек қой, мен сияқты күніне қаншама "қияли" хабарласып, өзінің керемет талант иесі екенін айтып, талантты мойындамай жүргендерін дәлелдегісі келеді...

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/blogs/11928/

Бұл мамандыққа оқуға да, оқумауға да болады. Қазіргі таңда кинода жүрген актрисалардың барлығы да осы мамандықты оқып киноға түсіп жатқан жоқ. Егер оқимын десеңіз 9 сыныптан кейін колледжге немесе 11 сыныптан кейін университетке түсуге болады.

...