2019 жылдың басы ең жақын адамым 1,5 млн кредит алып бершi деп сұрады. Жақсы бiр iс шығып тұр, инвестиция салам деп ойла, тапқан пайданы екiге бөлемiн. Прям срочно керек дейд. Мен декретте отырғанымды, ондай кредит бермейтiнiн айтып, көметесе алмайтынымды айтсам да болмады Уйiңнiң документiн залогка қойып ала тұрсақ болады, Бiр көмегiң болсын. 1 ай максимум 2 айда кайтарамын деген соң ақыры көндiм. Алдық ақшаны. Айы 15 % процентке алдық. 1 ай өтті, ақша жоқ, 2 ай келед ақша тағы жоқ. Процент берген адам звондап кайтаруым ды не процент толеуимди сұрайды. Менде не ондай ақша жоқ. Отбасы болған соң басымыз да алынған кредит бар. Әлгi туысым, келесi ай точно деп алдаумен 2021 ж болды. Одан бері iшкенiм iрiң. Ұйқысыз түндер. Алладан күнде тілерiм осы күндер артта қалса екен. Айына кредит кусап 225 мың төлеуим керек. Өтiрiкшi болдым әр кiмнен 5, 10 мың сұрап, не оны қайтара алмай. Алтындардың бәрi ломбардқа кетті. Көрiнген ақшанды кобейтем деген афферисттердi де көрдім. Ставкаға да ақша салып көрдім. Не көрмедім. Мфо бәрiнен кредит алдым, барлығы просрочка да. Мiне 2021 жылдың 2 айы тәмәм болып келеді.Бiр қиыны, құса боп жүргенiң, не анам, не жолдасым осылай қарызда жургенимдi бiлмейд. Өмiрi өтiрiк айтпап ем енді қалай шы]ндықты айтам. Казiр есептесем барлық қарызым 3,2 млн екен. Ендi қалай шығам бұл жолдан. Туңғыйықтың түбiне баттым. Үйден шығудан қалдым. Адамдар тугiл, үйдегі балаларымның бетіне қарай алмайм. Не iстесем. Жұмыс iсте дейтiн шығар сыздар. Ушiншiме буйырса 3 ай болады. Жұмыс үйден тiгiн тiгем. Олда шамалы болып тұр. Жол көрсетіп жiберiңiздершi, өтініш