0 дауыс
612 көрілді
Соңғы 150-200 жылда адам сан қалай өзгерді

2 жауап

–1 дауыс
ол әлі белгісіз
0 дауыс

Демографиялық көрсеткіштер. Жер шары халқы алғашында өте баяу өскен. Мұны адамның табиғат апаттарына тәуелділігімен , жиі болған соғыстармен және жұқпалы аурулардың кең таралуымен түсіндіруге болады. Мысалы, XIV ғасырда Еуропаны жайлаған оба дертінен халықтың шамамен 20%-ға жуығы қырылған. Өндірістің жетілуі, адамдардың тұрмыс жағдайының жақсаруы және медицинаның алға басуы нәтижесінде дүниежүзі халқы жылдам қарқынмен өсе бастады. Әсіресе XX ғасырда халық санының айрықша жылдам артуы байқалды. Мысалы, 1930 жылы Жер шары халқы 2 млрд адам болса, 1962 жылы — 3 млрд, 1976 жылы — 4 млрд, 1987 жылы — 5 млрд, ал 1999 жылы 6 млрд адамға жетті. Халық санының мұндай күрт өсуі демографиялық жарылыс деп аталады. Бұл құбылысты адамның өмір жасының ұзаруы, сәбилер өлімінің азаюы жағдайында туу көрсеткішінің өзгеріссіз қалуымен түсіндіруге болады. Дегенмен 1980 жылдардың ортасына қарай халық санының өсуі баяулай бастады. Бұл туу көрсеткішінің күрт кемуімен байланысты болды. Дамыған елдердің көпшілігінде халық санының өсуі тұрақтанып, кейбір елдерде табиғи өсу мүлде тоқтады. Дүниежүзіндегі халық саны көп елдер. Дүниежүзі аймақтарындағы, жеке елдердегі демографиялық жағдайды сипаттау үшін абсолюттік және салыстырмалы демографиялық көрсеткіштер пайдаланылады. Абсолютті көрсеткіштер қатарына табиғи өсу (туу мен өлудің арақатынасы) мен механикалық өсу (иммигранттар мен эмигранттар саны арасындағы айырма) жатады. Туу мен өлім көрсеткіштері әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, мемлекеттің демографиялық саясатына тікелей байланысты болса, халықтың көшіп-қонуына экономикалық және саяси алғышарттар, экологиялық ахуал себепші болады. Туу мен иммиграция көрсеткішінің жоғарылауы халық санын арттырса, өлім мен эмиграция халық санын кемітеді.

Адамның өмір жасының орташа ұзақтығына елдегі экономикалық көрсеткіш, әлеуметтік тұрақтылық, экологиялық жағдай және денсаулық сақтау жүйесінің қызметі тікелей әсер етеді. Бұл көрсеткіш тарихи кезеңдерде үлкен өзгерістерге ұшырап отырған.

Жеке елдердегі адамның өмір жасынын орташа ұзақтығы 25—30 жыл өмір сүрсе, XX ғасырдың орта шенінде дүниежүзі бойынша бұл көрсеткіш 46 жасқа, ал 2008 жылы 68 жасқа жетті. Қазақстан Республикасында адамның өмір жасының орташа ұзақтығы 67 жасқа тең: әйелдерде — 72, ер адамдар үшін 61 жасты құрайды. Қазіргі кезде өмір жасының орташа ұзақтығы женінен андорралықтар алдыңғы орында болса, Африканың мешеу елдерінде бұл көрсеткіш өте төмен.

Адамзаттың үздіксіз жаңарып, ауысып отыруын қамтамасыз ететін туу мен өлу және табиғи өсу көрсеткіштерінің жиынтығын халықтың ұдайы өсуі деп атайды.

Ұдайы өсудің дәстүрлі типі тән болатын мешеу елдерде өлім көрсеткішінің жоғары болуы халықтың тұрмыс жағдайының нашарлығымен, жқұпалы аурулардың кең тарауымен түсіндіріледі. Бұл елдерде табиғат апаттары мен апштық нәтижесінде халық санының күрт қысқаруы да байқалады. Мысалы, 1984—1985 жылдарда болған құрғақшылық нәтижесінде Эфиопияда аштықтан миллиондаған адам қайтыс болды. Өтпелі тип тән болатын елдерде соңғы жылдары халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына байланысты өлім азайған, бірақ туу жоғары деңгейде қалып отыр. Ұдайы өсудің үшінші — казіргі типі демографиялық көрсеткіштердің төмендігімен сипатталады. Германия мен Швецияда өлгендер саны туғандар санынан артық, халық санының аздап өсуі тек сырттан келгендер есебінен өсуде

Ұқсас сұрақтар

...