0 дауыс
954 көрілді
Мен Алматы облысында тұрамын.Қазір 9 сынып оқып жатырмын.Екі жыл бұрын домбыра бөлімінің 3 ші сыныбын бітірдім .Белгілі бір себептермен оқуымды бітіре алмадым.Музыка мектебінде 5ке оқыдым.Менің колледжге грантқа түсу мүмкіндігім бар ма?Қандай экзамен тапсыру керек?

1 жауап

0 дауыс

Вокал – талапкердің орындауында қазақ халық әні және қазақ композиторларының әні акапелла, немесе өз сүйемелдеуімен ән салуы керек; - әннің мазмұнын толық ашып, темпін, музыкалық ерекшеліктерін дұрыс орындауы тиіс. Талапкердің дауысы жақсы, тембрі әдемі, диапазоны кең, интонациясы таза, ритмі жақсы, есту қабілеті бар болуы қажет (тек тірі дауыспен айту керек). 

Колледжге түсу үшін қажетті құжаттар тізімі:

1) Қабылдау туралы өтініш;

2) білім туралы құжаттың түпнұсқасы;

3) көлемі 3х4 см 6 дана фотосурет;

4) 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюросуретімен қоса (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы),

5) ұлттық бірыңғай тестілеу немесе кешенді тестілеу сертификаты (бар болса);

6) жеке басын куәландыратын құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін).

Күндізгі оқу бөліміне өтініштерді қабылдау 20 маусымнан 20 тамызға дейін, сырттай оқу бөліміне - 20 маусымнан 20 қыркүйекке дейін жүргізіледі.

Толығырақ: https://college.kaznai.kz/kz/%D0%BA%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%B5%D0%B4%D0%B6/

...