0 дауыс
12.4k көрілді
Өсімдік фотосинтез процесінің нәтижесінде бөліп шығаратын өнімдер?

3 жауап

0 дауыс

Өсімдіктердегі метаболизмнің соңғы өнімдері. Өсімдік ағзасында маңызды екі: тыныс алу және фотосинтез үдерістері жүретінін білесіңдер. Тыныс алу барысында түзілетін заттар фотосинтез кезінде пайдаланылады және керісінше. Жалпы бұл екі үдерісті қайтымды химиялық реакция түрінде былай көрсетуге  болады:

Шын мәнінде бұлай емес! Фотосинтез «тыныс алуға керісінше» болып табылмайды. Фотосинтезге жарық энергиясы қажет. Бұл екі үдеріс жасушаның жеке органоидтерінде жүреді. Фотосинтез хлоро- пласта жүзеге асады. Тыныс алудың негізгі органоидтерімен кейінірек танысасыңдар.

Тыныс алу және фотосинтез үдерістерінде өсімдіктер фотосинтез ба- рысында органикалық заттар түрінде қорға жинаған жарық энергиясы босап шығады да, оны өсімдіктер тыныс алу нәтижесінде пайдаланады. Тіршілік үдерістері үшін қажет энергияны өсімдіктер (жануарлар да) тек органикалық заттардан алады. Оны тікелей жарықтан алу мүмкін емес! Кейбір ұқсастықтарды келтірейік. Көмірдің энергия беретіні белгілі. Көмір пласт немесе қапқа салынған күйінде тұрса, энергия бермейді. Егер көмірді жақса жылу энергиясы түзіледі де, үйді жылытады. Бірақ табиғи көмірден электр энергиясын арнайы жылу электр станцияларында ғана алады. Жарық энергиясынан өсімдіктер нәруыздарға, майлар мен көмірсуларға айналдыруға қажет энергияны алады. Осы органикалық заттардан тыныс алу барысында тіршілікке  қажет  энергия алынады. Фотoсинтездің бастапқы және соңғы өнімдері. Фотосинтездің бастапқы өнімдеріне су ыдырағанда түзілетін оттек пен сутек, жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат  жатады.

Фотосинтездің соңғы өнімі бірінші реттік көмірсу – глюкоза болып табылады. Глюкозадан өсімдік кейін басқа органикалық заттар түзеді. Бұл енді фотосинтез үдерісі емес, биосинтез – тірі ағза ішінде қажет заттарды түзу үдерісі болып саналады. Фотосинтездің бастапқы өнімдерінен өсімдік  тек  оттекті  пайдаланбайды. Ол атмосфераға бөлінеді де, аэробты тыныс алуға мүмкіндік жасайды. Сутек атмосферадағы көмірқышқыл газымен қосылып, соңғы өнім – глю- коза түзіледі. Бұл реакцияларды қамтамасыз етуге жарық хлорофилмен әрекеттескен кезде түзілетін энергияға бай зат  қолданылады. Спортшыларда (жүгіру, шаңғы тебу, жүзу, веложарыс т.б.) сүт қышқылының мөлшері – бұл ағзаның энергетикалық төзімділігінің көрсеткіші. Сүт қышқылының деңгейі неғұрлым төмен болса, тыныс алу және қан тамыр- лары жүйесі жасушаларды оттекпен қамтамасыз етумен соғұрлым жақсы айналысады.

Көптеген микроағзаларда аралық өнімдерге сірке қышқыл, спирт, көмірқышқыл газы жатады. Өсімдік жасушаларында оттексіз тыныс алудың аралық өнімі – пирожүзім қышқылы сүт қышқылына айналуы мүмкін. Белсенді жұмыс істеп жатқан бұлшық ет жасушаларында сүт қышқылы  жинақталады.

Барлық ағзаларда тыныс алудың соңғы өнімдері міндетті түрде су мен көмірқышқыл газы болып табылады. Бірақ нәруыздар оттексіз ыдырауға ұшыраса, онда су мен көмірқышқыл газынан басқа құрамында азот бар қосылыстар түзіледі. Олар ағзадан бауыр және бүйрек арқылы шығарылады.

Өсімдіктердің бөліп шығару ұлпалары. Өсімдіктердің бүйрек сияқты бөліп шығару мүшелері болмаса да, оларда бөліп шығару ұлпалары бар. Ал өсімдіктерге бөліп шығару ұлпалары басқа да әртүрлі мақсат үшін қажет. Мысалы, кейбір өсімдіктер шөпқоректі жануарлар мен жәндіктерден қорғану үшін ащы немесе иісті заттар бөліп шығарады. Басқа өсімдіктер керісінше тозаңдандырғыш жәндіктерді еліктіру үшін тәтті иісі мен дәмі бар заттарды бөледі. Ал басқа бір өсімдіктер қорға жинау үшін заттар түзеді. Бөліп шығару ұлпаларында өсімдіктер түзетін көптеген заттар рөлін ғалымдар анықтаған жоқ, тек әртүрлі болжамдар бар. Мысал ретінде бөліп шығару ұлпаларының үш типін қарастырайық.

Толығырақ. https://martebe.kz/simdikterdegi-b-lip-shy-aru-nimderi-tynys-alu-men-fotosintezdi-bastap-y-zh-ne-so-y-nimderi/

0 дауыс

Оның нәтижесінде энергия қоры ретінде көміртек, оттек және су бөлінеді.

Дұрыс жауап

0 дауыс
Мысалы жануарлар өсімдіктер өзін қорғау үшің жасғымсыз іиістнр бөледі

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 8.09.2021 Биология сұрақ қойды
0 дауыс
2 жауап
...