0 дауыс
281 көрілді

Менің тегім Умирбаев. Осыны Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 2 ақпандағы N 2923 жарлығына сәйкес ұлт-дәстүрге сай Өмірбай деп өзгерткім келген. Бірақ ХҚКО ға барғанымда норматив бойынша У әріпінің орнына Ұ немесе Ү әріпін ауыстыруға ғана болады деп тегімді өзгертіп бермеді. Бірақ жоғарыдағы жарлықтың 5-бабында Республика Үкiметi өзiнiң құқықтық нормативтiк актiлерiн және республиканың орталық атқарушы органдарының актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрудi қамтамасыз етсiн., деп анық жазылып қойған. Менің сұрағым, мен заң жүзінде тегімді Умирбаев тен Өмірбайға ауыстыра аламын ба әлде жоқ па? Нақты жауап берсеңіздер

2 жауап

0 дауыс

Адамға өзінің тегі, есімі немесе әкесінің аты ұнамайтын кездер болады. Осындай жағдайларда ол өзінің есімін өзгерте алады ма? Ол үшін қайда жүгінулері керек? Бұл жағдайда оның міндеттемелері мен құжаттарына не болады? Есімді, тегті немесе әкесінің атын ауыстыру қанша уақыт керек? Есімді, тегті немесе әкесінің атын өзгертуге болады ма?

 Азаматтар құқықтар мен міндеттерді өз аттарынан (бұған азаматтың есімі, тегі, және өз қалауынша әкесінің тегі жатады) жүзеге асырады. ҚР-ның Азаматық кодексінің 15 бап, 4-ші тармағына сәйкес азамат өз есiмiн заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша өзгертуге құқылы. 3-ші тармаққа сәйкес, азаматтың туған кезде берiлген есiмi, сондай-ақ есiмiн өзгерту азаматтық хал актiлерiн тiркеу туралы заңдарда белгiленген тәртiп бойынша тiркелуге тиiс. Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы заңнаманың 101 бап, 8-ші тармағына сәйкес Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуге азаматтың есімін, әкесінің есімін (бар болғанда), тегін өзгертуі негіздеме бола алады.

Азаматтың есімін өзгертуі міндеттемелерді тоқтатуға негіз бола алады ма?

ҚР-ның Азаматық кодексінің 15 бап, 4-ші тармағына сәйкес азаматтың есiмiн өзгерту оның бұрынғы есiмiн, жасырын немесе бүркеншiк атпен алған құқықтары мен мiндеттерiн тоқтатуға немесе өзгертуге негiз болмайды. ҚР-ның Азаматық кодексінің 15 бап, 5-ші тармағына сәйкес азамат өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлау үшiн қажеттi шаралар қолдануға мiндеттi және бұл адамдарда оның есiмi өзгертiлгендiгi туралы мәлiметтер болмауынан туған ықтимал зардаптарға тәуекел етедi. Осылайша азамат өз есімін өзгерткен кезде басқа тұлғалар алдындағы оның міндеттемелері жойылмайды, оған қоса ол өзiнiң борышқорлары мен несие берушiлерiне өз есiмiн өзгерткенi туралы хабарлауы керек.

Бұл мәселе жөнінде қайда бару керек?

Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеуді ұйымдастыру, азаматтық хал актілерінің жазбаларына өзгерістер енгізу, қалпына келтіру, күшін жою қағидаларын бекіту туралы заңнаманың 101 бабына сәйкес азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу туралы өтініш жазбаша түрде өтініш берушінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркеуші органға беріледі.

Қандай негіздемелер бойынша азамат өз есімін, тегін немесе әкесінің атын өзгерте алады?

ҚР-ның неке және отбасы туралы кодексінің 257 бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру мынадай дәлелді себептер:

1) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;

2) атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;

3) егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;

4) егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;

5) бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;

6) жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;

7) жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;

8) өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;

9) құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;

10) егер некеге отырған (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі;

11) ұлттық дәстүрлерге байланысты әкесiнiң немесе атасының аты бойынша текте болғысы келуі;

12) өтініш берушіні іс жүзінде тәрбиелеген адамның тегі мен аты бойынша текті және әкесінің атын алғысы келуі;

13) жынысын хирургиялық жолмен өзгерткен кезде таңдаған жынысқа сәйкес келетін атты, әкесінің атын, текті алғысы келуі кезінде жүргізіледі.

Керекті құжаттар:

ҚР-ның неке және отбасы туралы кодексінің 261 бабына сәйкес атын, әкесінің атын, тегін ауыстыру туралы өтінішке өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын мынадай құжаттар: 1) өтініш берушінің туу туралы куәлігі; 2) егер өтініш беруші некеде тұрса (ерлі-зайыпты болса), неке қию (ерлі-зайыпты болу) туралы куәлік; 3) егер өтініш берушінің кәмелетке толмаған балалары болса, баланың туу туралы куәліктері; 4) егер оларды тіркеуші органдар тіркеген болса, бала асырап алу туралы куәлік не әке болуды анықтау туралы куәлік; 5) егер өтініш беруші некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуға байланысты өзіне некеге дейінгі тегін беру туралы өтініш жасаса, некені (ерлі-зайыптылықты) бұзу туралы куәлік; Қажет болған жағдайда, өтініш берушінің атын, әкесінің атын, тегін ауыстыруды өтінуіне байланысты себептерді растайтын қосымша құжаттар талап етіледі. Өтінішті қарау мерзімі АХАЖ-ға өтініш түскен күннен бастап 1 ай мерзімінде қаралады. Егер дәлді себептермен өтініш қарау мерзімін ұзарту керек болса онда ол мерзім жергілікті АХАЖ бөлімінің жетекшісімен 1 айдан көп емес мерзімге ұзартылады Құжаттарға өзгерістер енгізу ҚР-ның Азаматық кодексінің 15 бап, 6-шы тармағына сәйкес есiмiн өзгерткен азамат өзiнiң бұрынғы есiмiне рәсiмделген құжаттарға тиiстi өзгерiстер енгiзiлуiн талап етуге құқылы.

Толығырақ: https://alashainasy.kz/interested/atyinyiz-ben-tegnzd-ozgertu-ushn-ne-steu-kerek-132666/

0 дауыс
Тіпті болмай жатырса жылына бір-бір әріптен өзгертіп отырсаңыз болады
...