–1 дауыс
3.0k көрілді
Мамамның карточкалары Халық банк және Каспи банк. 1 ай бұрын кредит төлемеген үшін құлыптанған еді. Енді 1 апта бұрын кредитті толығымен жаптық. Сонда да карточканы ашу үшін сот орындаушысы 48 000 талап етіп отыр. Бұл қаншалықты заңды?

2 жауап

0 дауыс

Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, қазақстандықтардың несие бойынша қарызы шамамен 6 триллион теңге екен. Сарапшылардың зерттеуінше, олардың көбі - тұтынушылық несиелер. Яғни несиелер тұрғын үй, көлік, техникалық бұйымдар, қымбат жолдамалар сатып алу мақсатында алынады. Бірақ несиені алуын алып, оны төлей алмай, түрлі қиындықтарға тап болып жүрген қазақстандықтар аз емес. Мұнда бірінші кезекте несие тарихы бұзылып, тіпті келесі рет несие алу мүмкіндігінен айырылып қалатын жағдайлар болады. 

Несие тарихтарының базасын сақтайтын "Бірінші кредиттік бюро" Субъектілермен жұмыс істеу департаментінің директоры Индира Қарлыбаева Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында несиені уақтылы төлей алмаған немесе кешіктіріп төлеген жағдайда борышкерге қатысты мәліметтің банкке емес, кредиттік бюроның базасына енгізілетінін айтады. Оның айтуынша, несиені кешіктіріп төлеген жағдайда бірінші кезекте несие тарихы бұзылады. Ал несие тарихын, оның айтуынша, тазарту немесе өзгерту мүмкін емес.

Несие тарихы деген не және онда қандай мәліметтер сақталады? 

"Несие тарихы бірінші кезекте банктер мен несие беретін мекемелер үшін өте маңызды. Несие тарихы банктер мен микроқаржы ұйымдарынан келген ақпараттарлы негізінде кредиттік бюро құрады. Несие тарихын тазалауға немесе өзгертуге болмайды. Жалпы, несие тарихында несие мерзімін ұзарту қай айда, қандай сомада болғандығы және қанша күнге созылғандығы туралы ақпарат та көрсетіледі", - дейді Қарлыбаева.

Ең қызығы, ол ақпарат несие тарихында несиені толық жапқаннан кейін де қалады екен.

Сарапшының айтуынша, несие берушілер алушының несие тарихына қарап, бұрын қандай несие, қандай сома мен мерзімге алғаны, оны уақытылы жауып жүр ме, жоқ па, қандай банктерден алғаны туралы мәліметті қарап шығып, өзінің несиелендіру саясатына сәйкес шешім қабылдайды. 

Несие тарихы қандай жағдайда бұзылады? Оны түзеуге бола ма? 

Маманның айтуынша, әр банктің несие тарихын бағалауда өз саясаты бар.

"Әр банктің несие тарихын бағалаудың өз талаптары бар, яғни, несие беру саясаты әр түрлі болып келеді. "Несиелік бюролар мен ҚР несиелік тарихтарды қалыптастыру туралы" ҚР Заңына сәйкес, несие тарихындағы мәлімет соңғы жаңартудан бастап 10 жыл көлемінде сақталады. Соның өзінде, несие тарихы өшірілмейді. Қысқаша айтқанда, 10 жылдан асқан несие келісімшарттары туралы ақпараттар ғана өзексіз болады", - деп түсіндірді Қарлыбаева.

Несиені мерзімінен бұрын төлеу несие тарихына қалай әсер етеді?

"Біздің тәжірибеде банктердің несиелерін үнемі мерзімінен бұрып төлеп тұрғандарға несие беруден бас тартқан жағдайлар болды. Яғни бұл несиені мерзімінен төлеудің банкке тиімді болмауымен байланысты шығар. Несиені бірден төлеу оны созып төлеген жағдайға қарағанда банкке табыс аз түсетінінен болуы керек. Дегенмен бұл жағдайда несие тарихы еш бұзылмайды. Және де несие тарихының бұзылғаны немесе бұзылмағанын банк өкілдері өзі шешеді. Кейбіреулер сіздің несие тарихыңызды банк саясаты үшін жағымды деп тануы да мүмкін", - деп түсіндірді Қарлыбаева.

"Нашар несие тарихы" деген не? Бұл банк енді ешқашан несие бермейді дегенді білдіре ме? 

"Нашар несие тарихы" деп төлеу күнін көп уақытқа кешіктіріп алу туралы мәліметі бар несие тарихын айтуға болады. Осындай несие тарихы бар адамдарға несие беріле ме, жоқ па - ол шешімді әр банк өздігінен, өз несие беру саясатына сәйкес қабылдайды. Әр банктің несие беру саясаты әр түрлі болып келеді", - дейді Қарлыбаева.

Осы ретте маман несие тарихын жақсартудың жолы бар екенін айтып өтті.

"Несие тарихын жақсартудың жолы - ол жағымды төлем тәртібін қалыптастыру. Ол үшін аз сомаға немесе тауарға несие алып, оны уақытылы жауып жүрген жөн. Сол кезде ғана тарихыңыз жақсарады. Кредиторларға төлем қабілеттігіңізді көрсетіп, одан кейін көбірек сомаға несие алуға өтініш жасап көрсеңіз болады. Несие тарихын жақсартудың басқа жолдары жоқ", - деп түсіндірді Субъектілермен жұмыс істеу департаментінің директоры.

"Қара тізім". Онда қарыз алушының аты-жөні қанша жыл сақталады?

Қарлыбаеваның айтуынша, "қара тізім" дегеніміз шартты атауы ғана. Ол ұғымды несиені бірнеше рет кешігіп төлегендерге қатысты қолданады. Сондықтан да бұл ретте банктер де, кредиттік бюролар да несие алушыны қара тізімнен алып тастау деген мәселемен айналыспайды. Олар тек борышкердің несие тарихын мұқият зерттеп, несие беруге бола ма, жоқ па - соны ғана шешеді.

"Біріншіден кредиттік бюро ешқашан "қара тізім" жүргізбейді. Мұнымен тек банктер айналысады. Көбіне банктердің "Сіз қара тізімдесіз" деген жауабы сіздің осыған дейін несиелер бойынша төлемдердің мерзімдерін ұзартып алғандығыңызға байланысты. Сол себепті олар сізге несие беруден бас тартуы әбден мүмкін", - дейді маман.

Осы орайда Қарлыбаева несие тарихының несиелер бойынша ағымдағы жағдайды ғана емес, сондай-ақ, оларды өтеу тарихын да көрсететінін ескертті.

"Несие тарихында несиенің мерзімін ұзарту қай айда, қандай сомаға ашылғандығы және қанша күнге созылғандығы туралы ақпарат көрсетілетінін айтып өттім. Ол мәлімет кем дегенде 10 жыл сақталады. (...) Несие бойынша мерзімді өткізіп алу жөніндегі мәліметтер дұрыс болса, олар жаңармайды және ешқашан өшірілмейді. Несие беру туралы шешімді әр банк өз несиелендіру саясатына сәйкес, өздігінен қабылдайтынын ескеру керек, - дейді маман.

Несие берілмейтін жағдайлар

"Банктер нақты қандай жағдайларда несие берілмейтінін атап бере алмаймын. Айтып өткенімдей, әр банк қарыз алушыны өз талаптары бойынша бағалайды. Мысалы, бір банк қарыз алушының несиесін 90 күн кешігіп төлеген жағдай болса, басқа банк оған қарамай-ақ, несие рәсімдеуі мүмкін. Ал үшінші банк қосалқы қарыз алушыны шақыртуы мүмкін болса, басқа бір төртінші банк өкілдері қосымша кепіл беруді сұрауы мүмкін",  - дейді маман.

Толығырақ: https://kaz.tengrinews.kz/private_finance/kara-tzmnen-shyigyip-nesie-tarihyin-jaksartu-joldaryi-maman-292228/

0 дауыс
Сот  орындаушысының еңбек сыйақысы болуы мүмкін.  Шығындар мынадай болуы мүмкін:

 Затраты, относящиеся к расходам по совершению исполнительных действий

 Порядок возмещения расходов по совершению исполнительных действий

 Затраты, не относящиеся к расходам по совершению исполнительных действий

Статья 114. Порядок возмещения расходов по совершению исполнительных действий

1. Расходы по совершению исполнительных действий взыскиваются с должника в пользу лиц или организаций, понесших эти затраты.



В пункт 2 внесены изменения в соответствии с Законом РК от 15.01.14 г. № 164-V (см. стар. ред.)

2. При прекращении исполнительного производства ввиду отмены акта, на основании которого был выдан исполнительный документ, расходы по совершению исполнительных действий возмещаются за счет средств республиканского бюджета.

3. При прекращении исполнительного производства из-за безосновательного отказа взыскателя от получения предметов, изъятых у должника при исполнении исполнительного документа о передаче их взыскателю, и возвращении исполнительного документа взыскателю, если он своим действием или бездействием препятствовал исполнению, расходы по совершению исполнительных действий взыскиваются со взыскателя.



В пункт 4 внесены изменения в соответствии с Законом РК от 15.01.14 г. № 164-V (см. стар. ред.)

4. Взыскание расходов по совершению исполнительных действий и возмещение их органу или лицу, понесших затраты, производятся на основании постановления государственного судебного исполнителя, утвержденного руководителем территориального отдела - старшим судебным исполнителем, или постановления частного судебного исполнителя и документов, подтверждающих произведенные затраты.

5. Должник вправе обратиться в суд с заявлением об оспаривании постановления судебного исполнителя о взыскании расходов по совершению исполнительных действий с иском об отсрочке или о рассрочке их взыскания, об уменьшении их размера или освобождении от взыскания.

Статья дополнена пунктом 6 в соответствии с Законом РК от 15.01.14 г. № 164-V

6. Методика расчета расходов по исполнительному производству утверждается уполномоченным органом.



Статья 115. Исключена в соответствии с Законом РК от 26.06.20 г. № 349-VI (см. стар. ред.)



Параграф 2. Порядок определения и возмещения расходов для частных судебных исполнителей



Статья 116. Финансирование деятельности по исполнению исполнительных документов частным судебным исполнителем

1. Частный судебный исполнитель самостоятельно финансирует свою деятельность.



Пункт 2 изложен в редакции Закона РК от 29.12.14 г. № 269-V (см. стар. ред.)

2. Из полученных денег в качестве оплаты за свою деятельность частный судебный исполнитель производит обязательные платежи по оплате расходов по приобретению (аренде) конторы, ее содержанию, оборудованию, ремонту и охране, по созданию рабочих мест и выплате заработной платы сотрудникам, приобретению оборудования, необходимого для работы конторы, обязательному страхованию гражданско-правовой ответственности, уплате налогов и других обязательных платежей в бюджет, обеспечению сохранности архива конторы, взносов в региональную палату частных судебных исполнителей, на целевые программы развития частной исполнительской деятельности, а также возмещает другие расходы, связанные с организационно-хозяйственным, транспортным и техническим обеспечением своей деятельности. Оставшиеся средства остаются в распоряжении частного судебного исполнителя и расходуются по его усмотрению.

3. Оплата деятельности частного судебного исполнителя должна учитывать необходимость самофинансирования его деятельности.

См.: Методические рекомендации по вопросам определения расходов по совершению исполнительных действий (Учебный центр при Республиканской палате частных судебных исполнителей, 2019)
...