0 дауыс
Біріңғай мүшеге 3мысал керек
04.02.2021 12.2k қаралым

3 жауап

0 дауыс

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері - сөйлемнің бір ғана мүшесінің қызметін атқаратын, бір ғана сұраққа жауап беретін, көбінесе бір тұлғада, бір сөз табынан жасалып, бір ғана сөзге қатысты болатын сөздер тобы. Сөйлемнің барлық мүшелері де сөйлемнің бірыңғай мүшелері бола алады.

Бірыңғай бастауыш: Жаз келер, қыстыгүні қысым етіп, Қар, суық, аяз, боран — бәрі кетіп (Шәкәрім). Бірыңғай баяндауыш: Ат міндім, атан алдым, шекпен кидім, Жөнім жоқ сені мақтай сөйлемеске (Жамбыл). Бірыңғай толықтауыш: Бай бейілін, мейірін, Сән, салтанат сейілін, Ақыл күшін, зейінін, Ең ақыры, төбетін, Күймен, жырмен мадақтап, Бәйіт қылып беретін (Жамбыл). Бірыңғай анықтауыш: Тапқыр, адал, ақ ниет адамдардың Алданбайсың артынан ерте берсең (Шәкәрім). Бірыңғай пысықтауыш: Ол мойнын бұрып жан-жағына қарады да, түйенің табанындай аяқ-қолдарын асықпай, табандықта сермеп жүзіп жүре берді (Б. Момышұлы). Сөйлемнің бірыңғай мүшелері жалғаулықсыз да, жалғаулықтар арқылы да байланысады. Негізінен, мұндай реттерде ыңғайлас жалғаулықтар, қарсылықты жалғаулықтар және талғаулы жалғаулықтар қатынасады: Арбада, дөңгелектер де, адамдар да, олардың ойлары да қызғылт шаңның ішінде (М. Жұмабаев); Бірыңғай мүшелерідің алдында немесе соңында жалпылауыш сөздер болады. Ондай қызметті есімдіктер, сияқты, тәрізді сөздер, сондай-ақ сан есімдер де атқарады: Арқаға аяқ салып түскен барып Екі оттың — орыс, қытай арасына (М. Жұмабаев).

06.02.2021
0 дауыс
1.Мұғалімде көк,сары,қызыл көйлек бар.

2.Алмазда 3,4,5 бағасы бар.

3.Алиханда Жазғы,күзгі,қыстық аяқ киім бар.
24.11.2025
0 дауыс
«Күн ыстық, ашық, жайлы.»
(Бірыңғай мүшелер: ыстық, ашық, жайлы)

«Тау биік, көк, қалың бұлтқа тең.»
(Бірыңғай мүшелер: биік, көк, қалың)

«Өзен суы салқын, таза, мөлдір.»
(Бірыңғай мүшелер: салқын, таза, мөлдір)
25.11.2025

Ұқсас сұрақтар

127,959Сұрақ
322,886Жауап
153,169Пікір
73,003Қолданушы