0 дауыс
2.5k көрілді
1,Адам болып шығу дегенді қалай түсінесіндер?Сұлтанмахмұт өмірінің кезендері туралы не білдіндер?Ақынның адам болп шығу тұралы ойы жүзеге аст ма?

2,Сұлтанмахмұт Торайғыров өз заманында шығамын тірі болсам адам болып деген серт бергенің білеміз, Ақын берген сертін орындады ма?Қазіргі заманда сендер үшін өзекті тақырып турал ой бөліңдер

3,Ақының ойы мен арманын қалай толтырар едініз

1 жауап

0 дауыс

Адам баласы тұлға болып қалыптаса бастағаннан оның өмірінде маңызы күшті, мағынасы терең жайттар болып жатады, ол адамның өмір сүру барысында, жасерекшелігіне де байланысты болып келеді.

Адам тек өз өмірінің мағынасын тауып қана қоймай, оны ары қарай жүзеге асыруы керек. Адам өз өмірінің мағынасының алдында жауапты, мағынаның орындалуы қарапайым процесс емес. Өз өмірінің мағынасын ұйымдастыруда тұлғаның мағынасы қайталанбас болады. Тұлғаның мағынасы əрқашан қоғаммен тығыз байланыста болып келеді, индивид өзінің бағдарында қоғамға байланысты икемделеді жəне керісінше, қоғам мағынасы өз кезегінде индивидтің тіршілік етуіне негізделеді.

Қазіргі таңда тұлға мағынасына көп ғалымдар қызығушылық танытуда. Алайда теориялық жоспарда «мағына» мəселесі шатасқан мəселелердің бірі болып отыр. Отандық ғалым А.Н. Леонтьев алғаш  рет «мағына» түсінігін ашуға тырысты. Оның айтуы бойынша: мағына əрекет мотивінің мақсатқа қатысты көрінуі [1]. Бұнда абстрактілі анықтама болып тұр, бұны психологиялық тілге аудару өте қиын. К. Вилюнастың тұжырымы бойынша: А.Н. Леонтьевтің «мағына» терминін мотивтің қалыпта- суындағы аралық мақсат болып тұр дейді [2].

Өткен ғасырларда өмір сүрген ғұламалар бұқаралық санадағы түсініктерге талдау жасай отырып, адамның болмысының абстрактілі жəне өзгермейтінін негізге ала отырып, адамның өмірінің мəні оның іс-əрекеттерінің негізгі мақсаты мен мұратынан тұрады деген қағидаға ден қойып  келгені мəлім. Бұдан дүниені рухани құралдармен өзгерту мүмкіндігі туралы ой туады. Көптеген философтар өмірдің мағынасын жеке адамның дүниетанымдық жүйесінің көрсеткіші, моральдық нормаларды бейнелейтін реттеуші ұғым ретінде қабылдайды. Бұл жерде адам өмірінің мағынасын белгілі бір тұтынушылық стандарттар мен жеке бастың қамтамасыз болуына жетумен байланыстырудың да негізсіз емес екендігін айта кету керек. Өмірдің мағынасы туралы сауалдарға ғылыми тұрғыдан нақты жауап қайтару мүмкіндігін теріске шығаратын теориялар да жоқ емес. Ондай тұжырымдар өмірдің мағынасы əр жеке адам үшін өзінше, қайталанбас өзгешелігінен туындаса керек. Егер дүние жүзінде  6 млрд-тан астам адам бар десек, өмірдің мағынасы туралы сонша пікір бар.

Ал, өмірдің мағынасы туралы философтар пікірлерінің жалпы адамзатқа ортақ, əлдеқалай бір жиынтық тұжырым болып шығып жатуының да өзіндік жөні бар. Адам өмірінің мағынасы оның əлеуметтік жағдайларымен айқындалады. Адам – белсенді əрекет иесі. Ол əлеуметтік дамуды жеделдетіп немесе тежеп, оған тура ықпал ете алады. Тарихтың түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыратын адам өмірінің мəнін, құндылығын айқындаушы – сол адамның өзі. Жəне ол жеке адамнан, қоғамнан тыс ұғым емес, адамның мақсаттары мен қоғамды диалектикалық тұрғыдан біріктіретін ұғым.

Өмірдің мағынасы туралы айтқанда, біз оралмай кете алмайтын бір ұғым бар. Ол – бақыт туралы ұғым. "Өмірдің мағынасы оны бақытты етіп өткізуде" деген тұжырымның кез келген адамға түсінікті əрі жылы естілетіні содан болса керек.

Бақыт дегеніміз – өзі болмысының шарттары мен адамның кең ауқымды ішкі қанағаттанушы- лығына сəйкес келетін, өмірінің толыққандылығы мен маңыздылығын, өзінің  адамдық  мұратына жету күйін көрсететін моральдық сана ұғымы. Бақыт мұраттың сезімдік-эмоциялык формасы болып табылады. Бақыт ұғымы белгілі бір нақты объективті жағдайды немесе адамның субъективті күйін сипаттап қана қоймайды, сонымен бірге адам өмірінің қалай болуы керек екендігі, ол үшін ненің игілікті бола алатыны туралы түсініктерді де саралайды. Осыған байланысты бақыт ұғымы нормативті-бағалық сипат алады. Бақыттың мазмұны əр адамның өз өмірінің мұраты мен мағынасын қалай түсінуіне байланысты. Бақыт сондай-ақ тарихи жəне ұлттық шарттылық сипатта көрініс береді. Моральдық сана тарихында бақыт адамның тумысынан иелік ететін құқығы деп есептелген мезеттер болса да, іс жүзінде қоғамда езілген елдердің бақытты өмір сүруге тырысу əрекеттері аяусыз жанышталып тасталатын жағдайлар, жеке адамның бақытына тосқауыл болатын тарихи оқиғалар да аз болмайды [3].

Қазір бүкіл прогресшіл адамзат қауымы қабылдаған демократиялық қағидалар біздің өмірімізге де мықтап ене бастады. Тұлғаның мүддесі қоғам мүддесінің астында тапталып қалмайтын болды. Бірақ бұл жағдай жекенің мүддесі үшін қоғам зардап шеге берсін дегенге апарып саймаса керек. Ол екеуінің арасындағы байланыстар табиғи, бірін-бірі толықтырып отыратын болуы керек. Қоғам бақытты болса ғана адам бақытты. Ал қоғамның бақыты оның əр мүшесінің бақытынан құралады.

Қатардағы адамньң түсінігіне салсақ, бақыттың белгісі жанына жайлылық, тəніңе лəззат беру болып шығар еді. Бұл да өмірлік тəжірибеден алынған, сонысымен көпшіліктің санасына орныққан жағдай болар. Солай болғанның өзінде оған жетер жол біреу-ақ. Ол – табиғи жол, еңбек жолы. Бұл жолмен көңілдің хошын табу – əр адамның өмірлік нысанасы болуға тиіс.

Өмір жəне оның мағынасы туралы ой қозғаған ұлылардың бəрі бақытты еңбекпен байланыс- тырады. Осы ұстанымды қуаттайтын ойшылдарды, ғұламаларды, көркем-өнер кайраткерлерін көптеп кездестіруге болады. Көпке танымал болмаса да, қатардағы салауатты адамдар да осыны мақұлдайды.

«Бақыт тек еңбекпен келеді» деген тұжырым əлімсақтан келе жатқан ақиқат, белгілі аксиома ретінде əлі күшін жойған жоқ. Адамның өзі таңдаған кəсіппен айналысуы, ұзақ жəне қызықты еңбек жолынан өтіп, мол тəжірибе жинап, кəсіпқойлықтың шыңына шығуы, шабытпен еңбек етіп, оның нəтижесін көруі – міне, адамды бақытқа бастап апарар баспалдақтар осы болса керек. Еңбек еткеннен кейін, оның зейнеті болады. Адал еңбек еш кетпейді. Қатардағы қарапайым адамдардың арасында өзі қалаған мамандығы бойынша еңбек етіп, көпшілік алып жүрген жалақысымен орташа күн кешіп жүрсе де, Отанының аясында, достары мен туыстарының арасында, тату-тəтті өмір сүріп жүргенін бақыт санайтындар толып жатыр.

Жаңа қоғамдық-экономикалық жағдайдағы құндылықтарға бағдарлануы мен жастардың өзіндік сезімінің қалыптасуы жəне қоғамның дамуындағы жаңа тенденциялары мен өмірдің барлық жақтары сапалы өзгерістерге ұшырады.

В. Франкл айтқандай өмір мағынасын адам жаны ұмтылатын рухани деп түсіндіреді. Өмір мағынасын түсіну əр түрлі жас кезеңінде жəне əртүрлі жағдайда пайда болуы мүмкін, сондықтан  адам өз тіршілігіне өзі мəн беруі тиіс, əйтпесе оған сырттан келер көмек жоқ. Өмірдің мағынасы жазылып, құрастырыла салмайды, ол өмір бойы жинақталады. Өмір мағынасын іздестіру адам үшін табиғи құбылыс болып саналады [4].

Күнделікті істі ысырып қойғанда адам шексіз əлем туралы ой қозғайтыны жасырын емес. Ол əлем бізге сондай жақын бола тұра сондай бөгде, алшақ орналасса да сондай қол жетімді. Осы əлем адамға махаббат, сұлулық пен тəтті əуен, гүлдердің хош иістері іспеттес кереметтерді сыйлай отыра тағы табиғи апаттар мен соғыс, эксплуатация, жұт сияқты зілзаларды əкеледі. Адам өзін ғаламның шаңы екенін бар тəнімен сезінеді, оның өмірі бар жоғы Жер шарының Күнді бірнеше ондаған рет айналғанмен тең, ал Ғаламның көзге ілінбестей қозғалысымен тең уақыт екенін біледі, ең ақырында адам бар жоғы сол шаңға айналады. Осы мəселелер жайлы сан ғасырлар бойы ойлана келе адам əр кезде өзіне сұрақ қояды: Жер бетіндегі адамдар не үшін өмір сүреді? Біздің осы əлемдегі өміріміздің мағынасы қандай?

Толығырақ: https://articlekz.com/kk/article/17536

...