33-бап. Қазақстан Республикасындағы адвокат
1. Адвокат - жоғары заң білімі бар, адвокаттық қызметпен айналысуға лицензия алған, міндетті түрде адвокаттар алқасының мүшесі болып табылатын және осы Заңмен регламенттелетін адвокаттық қызмет шеңберінде кәсіби негізде заң көмегін көрсететін Қазақстан Республикасының азаматы.
2. Сот тәртібімен әрекетке қабілетсіз не әрекет қабілеті шектеулі деп танылған не заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар адам адвокат бола алмайды.
Мынадай:
қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтарының немесе 36-бабының негізінде босатылған;
теріс себептер бойынша әскери қызметтен, прокуратура органдарынан, өзге де құқық қорғау органдарынан, арнаулы мемлекеттік органдардан, соттардан босатылған немесе адвокаттар алқасынан шығарылған;
сыбайлас жемқорлық қылмысын, қылмыстық топтың құрамында қылмыс жасағаны үшін мемлекеттік қызметтен шығарылған, осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл ішінде өзге де теріс себептер бойынша мемлекеттік қызметтен шығарылған;
адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиядан айырылған;
нотариустың лицензиясынан айырылған;
жеке сот орындаушысының лицензиясынан айырылған;
теріс себептер бойынша заң консультанттары палатасы тізілімінен шығарылған, егер шығарылған күннен бастап үш жылдан аз уақыт өткен болса;
осы Заңның 45-бабының 3-тармағында және 5-тармағының 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген негіздер бойынша лицензиясының қолданысы тоқтатылған адам да осындай оқиғалар басталғаннан кейін үш жыл бойы адвокат бола алмайды.
41-бап. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия
1. Адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензия адвокаттық қызметпен айналысуға берілген рұқсат болып табылады және оны үміткер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен және шарттарда тағылымдамадан және аттестаттаудан өткеннен кейін лицензиар береді.
2. Лицензиар адвокаттық қызметпен айналысуға арналған лицензиялардың тізілімін жүргізеді, тізілімнің мәліметтерін, сондай-ақ адвокаттық қызметпен айналысатын адвокаттардың тізімін жаңартылған күйде өзінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етеді.
Осы көрсетілген адвокаттық қызмет көрсету үшін талаптары. Жалпы болам деген адам болады, 4 деген бағаңыздың қатысы жоқ. Талабыңызға нұр жаусын.