0 дауыс
983 көрілді
Әлем өркниетіне Қазақстанның қосқан үлесі қандай? жалпы әлемнің дамуына қандай үлес қосты? Ғылым, техника, медецина жағынан. 150-200 сөз эссе

1 жауап

0 дауыс

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы кең байтақ даламыздың жеті қырын атап көрсетіп, өткен тарихымызды қайтадан зерделеп, дүние жүзіне танытудың жолдарын қарастырады. Алдағы атқарылар жұмыстарды айқындайды. Мақаланың ауқымы кең, маңызы зор.

Осы күнге дейін ұлан-ғайыр даланы мекендеген қазақ халқының тарихы XV ғасырда, яғни Қазақ хандығы құрылған кезден ғана басталады деп, оған дейінгі тарихымыздан бейхабар болып келдік. Ақын Қадыр Мырза Әлі: «Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа, бірақ-тағы...» деп айтқандай, тарихымыздың жұқа болғаны көзі ашық зиялыларды ойландыратын. Сондықтан Елбасы тарихымызды жаңаша көзқараспен қарауды ұсынады.

Бұрынғы тарихымыз еуроцентристік көзқараста жазылып, қазақ халқы ғылым мен білімнен шет қалған, тек мал бағып, көшіп жүрген, басқыншылық, зорлық пен зомбылық көрген халық ретінде саналып келді. Оның дүние жүзінің өркениетіне қосқан үлесі ашып көрсетілмеді. Тек тәуелсіздік алғаннан кейін ғана тарихымызды түгендеуге мүмкіндік алдық. Міне, Елбасы «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласын жариялап, ұлт тарихын тани білудің жаңа кезеңін бастап берді. Қазақ тарихын сонау сақ, ғұн, ежелгі түркі дәуірінен іздеуді тапсырды.

Ежелгі Қытай халқы компас, дөңгелек, жібектен мата тоқу арқылы өркениетке үлес қосса (басқа халықтардың да үлесі бар), қазақ халқының да әлем өркениетінің дамуына қосқан өзіндік үлесі бар. Елбасы оларды жеке-жеке жіліктеп, атап көрсетеді. Әуелі олардың мәні мен маңызын өзіміз түсініп алуды ескертеді.

Халқымыз алты мың жыл бұрын жабайы жылқыны қолға үйрету арқылы әлемдік дамуға үлес қосты. Бұл жаһандық құрылым, алпауыт империялардың құрылуына ықпал жасады. Ат үстінде садақ тартуды жетілдірді. Қылышты ойлап тапты. Қару-жарақтың құрылымын өзгертіп, оны күрделі, ыңғайлы, қуатты ете түсті. Сарбаздың өзін, мінген атын қорғайтын сауытты алғаш рет ата-бабаларымыз жасады. Атқа отыруға ыңғайлы шалбар тікті. Бүгінгі киім үлгілеріндей былғары етік, бөрік, шапан киді.

Әлемнің қарыштап дамуына ықпал еткен металлургия өндірісі бізден басталған. Өйткені жылқы әбзелдерінің көбі үзеңгі, ауыздық, таға, жүген сияқты бұйымдар металдан жасалады. Осыдан-ақ ежелгі ата-бабаларымыздың темірден түйін түйгенін байқауға болады. Бұл ретте «Аң стилі» ата-бабаларымыздың айрықша жоғары өндірістік тәжірибесі болғанын көрсетеді. Олар оюмен кескіндеуді, металмен жұмыс істеудің техникасы, соның ішінде мыс пен қоладан балқымалар мен құймалар құюдың, жайма алтын дайындаудың күрделі әдістерін жақсы меңгерген.

Археологтардың қазба жұмыстары негізінде еліміздің бірнеше өңірлерінен «Алтын адам» табылды. Осыған қарап елімізді «Алтын адамдардың» мекені деп атауға болады. «Алтын адамдағы» әшекейлерді өнер туындысы, сол замандағы жаңа технологиялар деуге болады».

Еуразия кеңістігінде орналасқан Ұлы даламыз Шығыс пен Батыстың арасын жалғастырған алтын көпір болып келді. Ұлы Жібек жолы осы жерден өтіп, әлемдік сауда жүйесінің дамуына, транзиттік дәліздің дамуына тікелей ықпал етті. Елбасы осы ата-бабаның ісін ілгері жалғастырып, Еуразия кеңістігіне транзиттік-логистикалық жол ашқанын айта кетуіміз керек.

Елбасы өз мақаласында қазақ жері түркі жұртының қарашаңырағы екенін айта келіп, Алтай жерінен өсіп-өніп, әлемнің шартарабына тарағанын еске салады. Түркілер ұлан-ғайыр далада көшпелі және отырықшы өркениеттің өрнегін қалыптастырып, өнер мен ғылымның және әлемдік сауданың орталығына айналған ортағасырлық қалалардың гүлденуіне жол ашқанын дәлелдейді. Түркі жерінде өркениеттің ұлы ойшылдары Әбу Насыр әл-Фараби, түркі жұртының рухани басшысы Қожа Ахмет Ясауи өмір сүріп, ілім таратты.

Қазақстан алма мен қызғалдақтың Отаны екенін, олардың әлемге осы жерден тарағанын айта кетеді. Қазақ даласында қызғалдақтың елуге жуық түрі өседі. Әлемге атағы шыққан «Голланд қызғалдағы» қазақ даласынан апарылғанын айтып жүрміз. Сондықтан алма мен қызғалдағымызды қолға алып, брендке айналдыру мәселесін қозғайды.

Елбасы қазақ елі жаһандық өркениетке не берді деген сауалға осылай жауап береді. Яғни Ұлы даланың адамзат өркениетінің қайнар көзі болғанын сараптайды. Тарихымызды қайғы-қасіретпен, жаугершілік заманмен, үрейлі жылдармен ғана емес, әлемнің қалыптасуына, ғылым мен білімнің дамуына, өркениеттің өріс алуына сүбелі үлес қосқан халық екенін еске ұстауды атап көрсетеді. Осының бәрі қазақта ғылымның, жоғары мәдениеттің, зиялылардың болғанын көрсетеді. Сондықтан даламыздан бастау алған мәдениеттердің игілігін дүние жүзінің әлі күнге дейін көріп отырғанын дәріптеу керек. 
 Толығырақ: https://egemen.kz/article/180002-alemdik-orkenietke-qosqan-ules
 

...