Әскери (әскерден) қызметтен босату)
Алдымен Қазақстандағы әскери тәртіп бірнеше бағыттарға бөлінетінін атап өтейік:
- мерзімді әскери қызмет (18-27 ер адамдар үшін 12 ай мерзімге);
- запастағы офицерлер қызметі (29 жасқа дейінгі жігіттер үшін 24 ай мерзімге);
- келісімшарт бойынша әскери қызмет (келісімшартта көрсетілген мерзімге сәйкес);
- әскери жиындар (әскери міндеттілер үшін 2 аптадан үш айға дейінгі мерзімде.
Әскерге шақыру жылына 2 рет жүзеге асырылады: сәуірден маусымға дейін және қазаннан желтоқсанға дейін.
Бейбіт уақытында әскери шақырудан мынадай азаматтар босатылуы мүмкін:
- денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылғандар.
Қазіргі уақытта соған сәйкес азаматтар әскерде қызмет етуге жарамсыз деп танылуы көзделген аурулар тізімі көзделген. Медициналық куәландыру нәтижелері бойынша дәрігер маман мынадай белгілер бойынша азаматтардың жарамдылық санаттары туралы қорытындыны шығарады:
- "А" – әскери қызметке жарамды;
- "Б" – кішігірім шектеулермен әскери қызметке жарамды;
- "В" – әскери қызметке шектеулі жарамды;
- "Г" – әскери қызметке уақытша жарамсыз;
- "Д" – бейбіт уақытта әскери қызметке жарамсыз, соғыс уақытында шектеулі жарамды;
- "Е" – әскери есептен басқа әскери қызметке жарамды емес.
- 27 жасқа толғандар;
- туыстарының бiрi (әкесi, анасы, аға-інілерi немесе апа-сіңлілері) әскери қызмет өткеру кезеңiнде қызметтік мiндеттерiн атқару кезiнде қаза тапқан, қайтыс болған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедек болып қалғандар;
- басқа мемлекетте әскери (балама) қызметті өткерген;
- «Қазақстан Республикасчының арнайы органдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51 бабының 9 тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдарында қызметті өткерген;
- оқу туралы растау құжаттарын ұсынуда доктор ғылыми дәрежесі барлар;
- діни бірлестіктерде тіркелген дін жолындағы адамдар
Бейбіт уақытта әскери жиындарға шақырудан босатылады:
- қорғанысты, қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етумен байланысты лауазымдарда мемлекеттік органдарда жұмыс істейтін азаматтар;
- мемлекеттік, азаматтық және тәжірибелік авиацияның авиация персоналы;
- егін және жинау жұмыстары кезінде ауылшаруашылық техникасын жөндеу ұйымдарында және ауыл шаруашылығында жұмыс істейтін азаматтар;
- оқу жылы кезінде күндізгі оқыту нысанындағы білім беру ұйымдарының педагогика қызметкерлері;
- күндiзгi нысанда оқытатын бiлiм беру ұйымдарында оқитындар;
- әскери міндетті әйелдер;
- әскери міндеттілер запастан шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;
- 18 жасқа толмаған 3 және одан да артық балалары бар азаматтар;
- оларға қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiлiп жатқан немесе сот қылмыстық iсін қарап жатқан адамдар;
- Қазақстан Республикасының Парламенті депутаттары немесе жергілікті өкілдік органдар сайлаған әскери міндеттілер.
- соттылығы бар азаматтар.
- мемлекеттік органдарда қорғанысты, қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарда жұмыс істейтін азаматтар;
- мемлекеттік, азаматтық және эксперименттік авиацияның авиация персоналы;
- егіс және жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы техникасын жөндеу ұйымдарында жұмыс істейтін азаматтар;
- оқу жылы кезеңінде күндізгі оқу нысанындағы білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері;
- күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитындар;
- әскери міндеттілер-әйелдер;
- әскери міндеттілер запасқа шығарылғаннан кейін 2 жыл ішінде;
- 18 жасқа дейінгі 3 және одан да көп балалары бар азаматтар;
- оларға қатысты алдын ала тергеу жүргізіліп жатқан немесе қылмыстық істі сот қарайтын азаматтар;
- Қазақстан Республикасы Парламентінің немесе жергілікті өкілді органдардың депутаттары болып сайланған әскери міндеттілер;
- соттылығы бар азаматтар.
Егер әскери қызметке шақыру соғыс уақытында жүзеге асырылса, онда денсаулық жағдайы бойынша ғана әскери қызметке жарамсыз деп танылған азаматтар ғана босатылады
Әскерге шақыру мерзімін кейінге қалдыру
Жоғарыда айтылып өткендей, әскерге шақыруды кейінге қалдыру – осы Заңда көзделген негіздер бойынша азаматтарды әскери қызметке шақыру мерзімін ауыстыру.
Мерзімін кейінге қалдыру мынадай жағдайлар бойынша ұсынылады
- отбасы жағдайлары бойынша;
- білім алуды жалғастыру үшін;
- денсаулық жағдайы бойынша;
- басқа да себептер бойынша.
Отбасы жағдайлары бойынша әскерге шақырудан кейінге қалдыру мынадай азаматтарға ұсынылады:
- басқа адамның көмегiне мұқтаж және толық мемлекеттiк қамсыздандыруға алынбаған отбасы мүшелерiн күтумен айналысатын, сондай-ақ жақын туыстары немесе басқа да адамдар болмаған кезде отбасы мүшелерін асырауға мiндетті азаматтарға беріледі.
Басқа адамның көмегiне және күтіміне мұқтаж отбасы мүшелерi:
- әкесi, анасы, әйелi, сондай-ақ әскерге шақырылушының ата-анасы болмаған жағдайда, зейнеткер жасына толған немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын атасы мен әжесi, егер олар оның асырауында болса;
- ата-анасы болмаған жағдайда, І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын немесе он сегіз жасқа толмаған аға-інілерi, апа-сіңлілері ;
- әскерге шақырылушыдан басқа І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын немесе 18 жасқа толмаған бiр және одан да көп балалары бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) тәрбиелеп отырған анасы/әкесi;
- өзінің асырауында жасы бойынша еңбекке қабiлетсiз немесе І немесе ІІ топтағы мүгедектер болып табылатын 1 және одан да көп жалғызiлiктi туыстары (әкесi, анасы, аға-інілерi, апа-қарындастары) бар және оларды күйеусiз (әйелсiз) асырап отырған анасы (әкесi);
- І немесе ІІ топтағы мүгедек болып табылатын, екіншiсiн өзi асырайтын және әскерге шақырылушыдан басқа 18 жасқа дейінгі бiр және одан да көп бала тәрбиелеп отырған ата-анасының бiрi;;
- Отбасы мүшелерінің біреуі мүгедек және шақырылушы жалғыз ер бала болса;
- өзiнiң асырауында анасыз тәрбиелеп отырған баласы (балалары) бар азаматтар;
- ата-анасының қайтыс болуына немесе олардың ата-ана құқығынан айырылуына немесе сотпен бас бостандығынан айыруға сотталуына байланысты кемiнде екi жыл тәрбиесiнде және асырауында болған адамдар бар азаматтар;
- некеде тұрған және бiр және одан да көп баласы бар азаматтар болып табылады.
Білім алуды жалғастыру үшін әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
- білім беру ұйымдарында жалпы орта білiм алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне;
- тиiстi білім беру ұйымдарында, сондай-ақ басқа мемлекеттердің жоғары оқу орындарында күндiзгі оқу нысаны бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім алып жүрген азаматтарға оқитыны туралы растайтын құжаттарды ұсынған кезде – бiр жоғары оқу орнын аяқтағанға дейiн;
- жоғары оқу орнынан кейiнгі кәсiби білім алып жүрген азаматтарға – оқу кезеңіне беріледі;
- азаматтар білім алуды тек оқу кезеңінде ғана жалғастыра алады.
Білімін жалғастыру себебі бойынша кейінге қалдырылған азаматтар, білім алу кезінде ғана кейінге қалдырылады.
Денсаулық жағдайы бойынша шақыру мерзімін кейінге қалдыру шақыру комиссиясының шешімімен 1 жылға дейінгі мерзімге ұсынылады.
Басқа себептер бойынша әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыру:
- ауылдық (селолық) жерде орналасқан білiм беру ұйымдарының орта білімнен кейінгі немесе жоғары педагогикалық білiмi бар және мамандығы бойынша жұмыс iстейтiн оқытушыларына – жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
- тиiстi бiлiмi бар, мамандығы бойынша ауылдық (селолық) жерлерде тұрақты жұмыс iстейтiн дәрiгерлерге – денсаулық сақтау ұйымдарында жұмыс iстеп жүрген барлық кезеңiне;
- Қазақстан Республикасы Парламентiнiң немесе жергiлiктi өкiлдi органдардың депутаттарына;
- өздеріне қатысты анықтау, алдын ала тергеу жүргiзiліп жатқан немесе соттар қылмыстық iстерiн қарап жатқан адамдарға – тиiсiнше анықтау, тергеу аяқталғанға немесе сот үкiмi күшіне енгенге дейiн;
- тиісті білімі бар азаматтық әуе кемелерінің үшу экипаждарына, азаматтық авиация инженерлеріне, механиктеріне және техниктеріне азаматтық авиация ұйымдарында барлық жұмыс істеу кезеңіне беріледі.
Бұл жағдайда мерзімін кейінге қалдыру жұмыстың барлық кезеңіне беріледі, ал қылмыстық іс жағдайында – сот шешімі бойынша тергеу аяқталғанға дейін ұсынылады.
Азамат әскерге жарамды/жарамсыз деп танылатын аурулар тізімі
Аурулар тізімін осы сілтеме бойынша өтіп, қарай аласыз.
Кестеде пайдаланылатын атаулардың қысқаша сипаттамасы.
Азаматтың әскери қызметке жарамдылық санаттары
әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу кезіндегі азаматтарға;
мерзімді әскери қызметке шақыру кезіндегі азаматтарға;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында (бұдан әрі – ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдары) әскери-техникалық және басқа да мамандықтар бойынша өтеусіз негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;
республикалық әскери мектеп-интернаттарына (лицейлерге) (бұдан әрі – мектептер) түсетін азаматтарға және оның тәрбиеленушілеріне;
орта техникалық және кәсіби, жоғары білім бағдарламаларын іске асыратын әскери оқу орындарына (бұдан әрі – ӘОО) түсу кезіндегі азаматтарға (әскери қызметшілерге);
жоғары оқу орындары жанындағы әскери кафедраларға (факультеттерге) түсу кезіндегі және онда оқитын азаматтарға;
қатардағы жауынгерлер, запастағы сержанттар қатарынан келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі азаматтарға, мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге, сондай-ақ әскери атағы жоқ, әйел жынысты адамдарға;
ҚР ҚМ мамандандырылған ұйымдарына әскери-техникалық және өзге де әскери мамандықтар бойынша өтеулі негізде даярлау үшін іріктеу кезіндегі азаматтарға;
мерзімді әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт жасасқанға дейінгі ӘОО курсанттарына (кадеттеріне);
есепке алу мақсатында әскери жиынға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы сержанттар мен қатардағы жауынгерлерге;
әскери қызметке шақыру және келісімшарт бойынша әскери қызметке түсу кезіндегі запастағы офицерлерге;
келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілерге;
шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлерге;
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын ӘОО-ға түсу кезіндегі әскери қызметшілерге;
келісімшарт жасасқаннан кейінгі ӘОО-ның курсанттарына (кадеттеріне);
есепке алу мақсатында әскери жиындарға шақыру және одан өту кезіндегі запастағы офицерлерге;
десанттық-шабуылдау әскерлерінде (бұдан әрі – ДШӘ), Әскери-теңіз күштерінде (бұдан әрі – ӘТК), арнайы мақсаттағы бөлімдерде (бұдан әрі – АрнМақБ) әскери қызмет өткеретін (қызмет үшін іріктеліп алынатын) әскери қызметшілерге (азаматтарға) – Талаптар арнайы мақсаттағы, теңіз жаяу әскері, десанттық-шабылдау бөлімшелері және барлау бөлімшелері үшін, жауынгерлік жүзгіштерге және сүңгуірлер құрамына, сондай-ақ корабльдер мен кемелер экипажына қойылады;
танкілерді және басқа да машиналарды су астында жүргізуге, сондай-ақ теңізге шығуға тартылатын әскери қызмет өткеретін (әскери жиындардан өтетін) әскери қызметшілерге (азаматтарға) қойылады.
Алдымен дәрігерге көрініп көріңіз. Дәрігердің шешімі бойынша бұл мәселе шешіледі.
Толығырақ: https://egov.kz/cms/kk/articles/exemption_from_army