Романтикалық түс жору бойынша бала әдетте жетілмеген қарым-қатынасты білдіреді. Жағдайдың күрделілігі мен маңыздылығын сезінбей сіз немесе ғашығыңыз өзіңізді бала сияқты ұстайсыз. Егер түсіңіздегі нәрестенің жынысы сізбен бірдей болса, сүйіктіңіздің жылулығы мен мейірімділігіне мұқтажсыз. Жас қыз үшін түсінде баланы көру жүкті болатынын білдірсе, ересек әйел қызының немесе ұлының отау құратын ойы бар екенін естиді. Түсінде сәби көрген ер адам қарым-қатынасындағы сексуалды жайттарға қатысты әрекетін өзгертуі керек.Түсіңізде нәрестені көрсеңіз, оны қандай жағдайда көргеніңізге қарай түстің мағынасы да өзгеріп отырады. Сәби- шамадан тыс қуаттың, қуаныштың және бейберекеттіктің белгісі. Сонымен бірге ол әлсіздіктің, алаңдаушылықтың және кішігірім әбігерлікті де білдіреді. Өлі баланы көру – үлкен қиындықтарға және әлденеден көңілдің қалуына. Жорғалаған бала – жылдам шешімді талап ететін жағдайға түсесіз. Ұйқыдағы нәресте сіздің ұяңдығыңыз бен шамадан тыс сенгіштігіңіз туралы сыр шертеді. Күліп тұрып сөйлеп жатқан баланы көрсеңіз, жақында қуанышты хабар аласыз. Қолынан жетектеп апара жатқаныңызды көру де – жақсылыққа. Тығырықтан шыға аласыз.