0 дауыс
577 көрілді
Турцияга оқуға түспекшімін бірақ ол жақтың дипломымен Қазақстанда жумыс жасай аламынба?

Турцияда оқып жатқандар болса нақты қандай документер керек кімдерден көмек сұрауға болады, қанша ақша кетеді, 18 керекпа?

2 жауап

0 дауыс

Бір ғана сұрағыңызға жауап бере кетейін . Қай мемлекетте оқысаңыз да ол алған дипломның басқа мемлекетке жарамдылығы аталған ЖОО статусына байланысты.Өзіңіз түскелі отырған ЖОО беделі жайлы ақпарат алыңыз. 

0 дауыс

Көптеген адам, әсіресе жастар алыс-жақын шет елдерге барып, тегін білім алып, уақытша өзге елде тұрып көруді армандайды. Сол арманға қол жеткізудің бір жолы шетелге оқуға түсу. Бүгін біз сіздерге Türkiye Bursları немесе Türkiye Scholarships бағдарламасымен таныстырмақпыз.

Бағдарлама жеңімпаздарына төменде көрсетілген мүмкіндіктер қарастырылған:

– Тегін оқу;

– Тегін баспана, тегін тамақтану;

– Шәкіртақы;

– Тегін медициналық сақтандыру;

– Түрік тілін оқу (1 жыл). Студенттер бір жыл түрік тілінен дайындық курсы кезінде (егер түрік тілін білмейтін болса ) шәкіртақы мүмкіндіктерін пайдалана алады.

– Екі тегін ұшақ билеті (ең алғаш оқуға тіскенде және оқуды тәмамдап елге оралатын уақытта беріледі).

Ай сайынғы төленетін шәкіртақы мөлшері:

– Бакалавр — 700 түрік лирасы;

– Магистратура — 950 түрік лирасы;

– Докторантура — 1400 түрік лирасы;

– Постдокторантура — 3000 түрік лирасы.

Бағдарламаның шарттары:

· Бакалавриатқа 01.01.1997,

· Магистратураға 01.01.1988,

· Докторантураға 01.01.1983,

· Постдокторантураға (таңдауына қарай) 01.01.1973 жастан аспаған талапкерлер тапсыра алады.

· Білім алуына денсаулығына байланысты кедергінің болмауы талап етіледі.

· Шәкіртақы бағдарламасына сәйкес, талапкерлердің өтінімдерін қабылдау бағалау және іріктеу сынды екі кезеңінен тұрады:

I. Академиялық үлгерім деңгейі талаптарға сай болуы

II. Сұхбат түрінде.

· Өтініштер тек Интернет арқылы жүзеге асырылады.

Бағдарламаға қажетті құжаттар:

Бакалавриат үшін:

– Оқу үлгерімі көрсетілген табель (егер әлі мектепті тәмамдамаған болса) немесе аттестат;

– Халықаралық, республикалық олимпиадалық диплом немесе сертификаттар. (егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады);

– TOEFL, İELTS, SAT сияқты ағылшын тілінен сертификаттар (егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады);

– Және басқалары.

Магистратура мен докторантура үшін:

– Диплом (егер университет қабырғасында оқып жатқан болсаңыз, университетке қабылданғаныңыз жайлы құжат, оқу үлгеріміңізді нақтылайтын орташа балл (GPI баллы) құжаты.

– Біліктілігіңізді көрсететін халықаралық, республикалық дәрежедегі түрлі диплом немесе сертификаттарыңыз (егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады).

– TOEFL, İELTS, PTE, FCE сияқты халықаралық дәрежедегі ағылшын тілінен біліктілігіңізді көрсететін сертификаттар. Бұл шарттар таңдаған бөлімдеріңізге қарай өзгереді. Дегенмен, аталған сертификаттар бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады.

Және басқалары:

– Ұсыныс хат (егер бар болса грантты ұтып алу мүмкіндігіңіз жоғары болады);

– Электронды 3×4 фото;

– Анкетаны сауатты толтыру;

– Өз мамандығызды, Түркия мемлекетін не үшін таңдағаныңызды, алдағы бес жылдық жоспарыңызды т.с.с. шағын эссе түрінде баяндап жазу.

Жоғарыда аталған шарттарды толықтай орындап, сауатты онлайн өтінім берген талапкерлер, екінші кезеңге сұхбаттасуға шақырылады. Талапкерлерге сұхбаттасуға шақырылатыны жайлы толық ақпарат электрондық пошта мекен-жайына жіберіледі. Екінші кезең бойынша әңгімелесу, Қазақстанның Астана, Алматы және Шымкент секілді ірі қалаларында өтеді.

Құжаттарды тапсыру мерзімі:

Жыл сайын қаңтар мен мамыр аралығында өтеді. Алайда, нақты құжат тапсыру мерзімі жылда өзгеріп отырады. Сол үшін ресми сайтын жиі қадағалап тұрған абзал.

Толықтай ақпаратты бағдарламаның расми сайты www.turkiyeburslari.gov.tr алуға болады.

Сәттілік!

...