0 дауыс
1.6k көрілді
Сап және оның элементтерін атаңыз?

Сап дегеніміз не?

Саптық адым қандай жағдайларда қолданылады?

Жауынгерлік машинадағы мотоатқыштар бөлімшесінің құрамы қандай?

Автоматты толық емес бөлшектеу тәртібі.

АК-74 ұрыстық қасиеттерінің сипаттамасы.

Алгашкы аскери дайындыктан керек еди. Сессия сурагы еди. Билип жатсаныздар жаза кесетсениздер

1 жауап

0 дауыс
 
Жақсы жауап

Сап — әскери қызметшілердің, бөлімшелер мен бөлімдердің жаяу ретте және машиналарда бірлесіп қимылдау үшін жарғымен белгіленуіне сай орналасуы.

Сап жазылған және жорықтық болуы мүмкін. Сап әскери тәртіпті нығайтуға ықпал етеді, бөлімшелер мен болімдерді реттеп, басқаруга жағдай жасайды, олардың тез қайта орналасып, ұйымдасқан қимылдар жасауына мүмкіндік береді.

Саптын әскери кызметшілер бетін беріп тұрған жағы — мандай шеп, оң және сол қанаттары — қапталдар, мандай шепке қарсы жақ — Саптын тыл жағы болады. Қапталдар арасындағы қашықтық саптың ұзындығы, алдыңғы қатардан соңғы қатарға дейінгі ара қашыктық — Саптың тереңдігі деп аталады.

Саптық адым қандай жағдайларда қолданылады?

Саптық адым бөлімшелердің салтанатты шерумен жүріп өту кезінде; олардың қозғалыс кезінде әскери сәлемдесуді орындау кезінде; әскери қызметші саптан шыққанда және қайтып келгенде; саптық даярлық жөніндегі сабақтарда қолданылады.

Басқа жағдайларда жорықтық адым қолданылады.

Саптық адыммен қозғалыс жасау: «Саппен адым бас!» (қозғалыс кезінде: «Саппен – адымда!» пәрменімен, ал жорықтық адыммен қозғалыс жасау: «Адым бас!» пәрмені бойынша басталады.

Алдын ала пәрмен бойынша дене біршама алға ұмсындырылады, оның салмағы орнықтылығын сақтай отырып, оң аяққа салынады; орындалатын пәрмен бойынша қозғалыс сол аяқтан толық адыммен басталады.

Саптық адыммен қозғалыс кезінде аяқтың ұшын жерден 15–20см жоғары көтеріп, аяқ алға созылады және табанға нық қойылады. Иықтан бастап, қолдармен дененің айналасында қозғалыс жасау керек; алға – оларды шынтақта денеден алақанның еніндей ұстап, белдіктен жоғары көтерілетіндей бүгіп, ал шынтақ қолдың білегінің деңгейінде болу керек; артқа – иық буынының шегіне жеткенше. Қолдың саусақтарын жартылай бүгіп, басты тік ұстап, өзінің алдына қарау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде аяқтың ұшын созбай, еркін қозғау керек және оны жерге әдеттегі жүрістегідей қою керек; қолмен дененің айналасында еркін қозғалыс жасау керек.

Жорықтық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Тік тұр!» пәрмені бойынша саптық адымға көшу керек. Саптық адыммен қозғалыс жасау кезінде: «Еркін тұр!» пәрмені бойынша жорықтық адыммен жүру керек.

Орнында тұрып адым жасау «Орныңда адым – бас!» (қозғалыста: «Орныңда!») пәрмені бойынша жүргізіледі.

Осы пәрмен бойынша аяқты жерден 15-20см көтеру керек және оны ұшынан бастап табанға толық қою керек, сол аяқты жерге қоюмен бір мезгілде берілетін: «Тура!» пәрмені бойынша оң аяқтан орнында тағы бір адым жасап қозғалысты сол аяқтан толық адыммен бастау керек.

Қозғалысты тоқтату үшін оң немесе сол аяқты жерге қоюмен берілген орындалатын пәрмен бойынша тағы да бір адым жасап саптық тұрысты қабылдау керек. Мысалы: «Взвод– тоқта!»

Қозғалыстың жылдамдығын өзгерту үшін: «Қарышта!»«Қысқа адымда!»«Жиі адымда!»«Жарты адымда!» деген пәрмендер беріледі.

Жекелеген әскери қызметшілердің орнын бірнеше адымға өзгерту үшін пәрмен беріледі. Мысалы «Қатардағы жауынгер…., оңға (солға) екі адым - бас!». Осы пәрмен бойыншаәр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Алға немесе артқа бірнеше адым орын ауыстыру үшін пәрмен беріледі.

Мысалы: «Екі адым алға (артқа) – бас!». Осы пәрмен бойынша әр адымнан кейін аяқты ыңғайлап қоя отырып, оңға (солға) екі адым жасау керек.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеу тәртібі:
1). Оқжатарды бөлектеу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен дүмінің маңдайшасынан не құндағынан ұстап, оң қолмен оқжатарды орай ұстайды, бас бармақпен бекіткішті қысып, оқжатардың төменгі жағын ілгері ұмсындырып, оны бөлектеп алады. Содан кейін оқтықта оқтың бар жоғын тексереді, бұл үшін ауыстырғыш төменге түсіріледі, оны «АВ» ( автоматты ату) немесе «ОД» (жекелей ату) жағдайына қойып, бекітпе жақтауының тұтқасы кейін жылжытылады, оқтықты тексеріп, бекіткіш жақтауы жіберіліп, шүріппені ұрыстық қайырудан (взводтан) босатады.
2) Жабдықтар пеналын дүм ұясынан шығарып алу. Оң қолдың сұқ саусағымен дүм ұясының қақпағын пенал серіппенің әсерімен ұядан шығатындай етіп басады; пеналды ашып, одан сүрткішті, тазалағышты,
бұрауышты, қаққышты шығару қажет.
3) Сүмбіні алу. Сүмбінің ұшын оның басы қарауылдың негізіндегі тіректен шығатындай етіп ұңғыдан тартып, сүмбіні жоғары суырып алады.
4) Автоматтан – ұңғылық тежеуіш - компенсаторын, пулеметтен – жалын сөндіргішін бөліп алу. Бұрауышпен ұңғылық тежеуіш компенсатордың орнықтырғышы батырылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор қарауыл негізіндегі бұрандалы дөңестен сағат тіліне қарсы бағытта бұралып шығарылады. Ұңғылық тежеуіш компенсатор (жалын сөндіргіш) тым қатты бұралған жағдайда ұңғылық
тежеуіш компенсатордың әйнегіне қойылған сүмбінің көмегімен бұрап алуға болады.

5) Ұңғы қорапшасының қақпағын бөлектеу. Сол қолмен дүмнің мойнын қамти ұстап, осы қолдың бас бармағымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің дөңесін басады, оң қолмен ұңғы қорабы қақпағының артқы бөлігін жоғары көтеріп қақпақшаны алады.

6) Қайтармалы механизмді бөліп алу. Автоматты (пулеметті) дүмнің мойнынан сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегін оның өкшесі ұңғы қорабының бойлық ойығынан шыққанша ілгері қарай ұмсындырады; бағыттаушы өзектің артқы шетін көтеріңкіреп, қайтармалы
механизмді бекітпе жақтауының арнасынан шығарады.

7) Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен одан әрі ұстап тұрып, оң қолмен бекітпе жақтауын артқа тірелгенше тартып, оны бекітпемен бірге көтеріңкіреп барып, ұңғы қорабынан бөлектеп алады.

8) Бекітпені бекітпе жақтауынан алу. Бекітпе жақтауын бекітпе жоғарыда болатындай етіп сол қолға алады; оң қолмен бекітпені кейін шегеріп, бекітпенің жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығынан шығатындай етіп, бекітпені алға қарай шығарып алады.

9) Ұңғылық бастырмасымен газ түтігін босатып алу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен жабдық пеналын газ түтігі тұйықталғышының шығыңқысына тік бұрышты саңылаумен кіргізеді, жапқышты өзінен тік жағдайға дейін бұрып, газ түтігін газ камерасының келте
түтігінен шығарып алады.

Автоматты (пулеметті) толық емес бөлшектеуден кейін жинастыру реті.
1. Газ түтікшесін ұңғылық бастырмасымен қосу. Автоматты (пулеметті) сол қолмен ұстап тұрып, оң қолмен газ түтігін алдыңғы шетімен газ камерасының келте түтігіне ұмсындырады және ұңғы бастырмасының артқы шетін ұңғыға қысады; тұйықталғышты оның орнықтырғышы көздеу қалыбының ойығына кіргенше бұрайды.
2. Бекітпені бекітпе жақтауына қосу. Бекітпе жақтауын сол қолмен оң қолға алып, оны цилиндрлі бөлігімен жақтау арнасына сұғады; бекітпені оның жетекші дөңесі бекітпе жақтауының фигуралы ойығына кіретіндей етіп бұрап, бекітпені алға қарай сұғады.

3. Бекітпемен қоса бекітпе жақтауын ұңғы қорабына қосу. Сол қолмен дүмнің мойыншасын қамти ұстайды. Бекітпесіне қоса бекітпе жақтауын оң қолда бас бармақпен қысылған бекітпе алдыңғы жағдайда болатындай етіп ұстап тұрып, газ поршенін көздеуіш қалыбының қуысына кіргізеді де ұңғы қорабының қайырмалары бекітпе жақтауының ойықтарына кіретіндей етіп бекітпе жақтауын ілгері жылжытады, оны сәл - пәл күштеп ұңғы қорабына қосады да, ілгері ұмсындырады.

4. Қайтармалы механизмді қосу. Оң қолмен қайтармалы механизмді бекітпе жақтауының арнасына кіргізеді, қайтармалы серіппені қысып, бағыттаушы өзекті ілгері итереді де, біршама төмен түсіріп, оның өкшесін ұңғы қорабының бойлық ойығына кіргізеді.

5. Ұңғы қорапшасының қақпағын қосу. Ұңғы қорабының алдыңғы шетімен көздеу қалыбындағы жартылай шеңбер ойыққа кіргізіледі, қақпақтың артқы шетін оң қолдың алақанымен қайтармалы механизмнің бағыттаушы өзегінің шығыңқысы ұңғы қорабының қақпағының ойығына кіретіндей етіп алға және төмен ұмсындырады.

6. Шүріппені ұрыстың қайырмасынан босатып, сақтандырғышқа қою. Ағытқыш ілмекті басып, ауыстырғышты тірелгенге дейін жоғары көтереді.
7. Автоматқа ұңғылы - тежеуіш компенсаторды, пулеметке – жалын сөндіргішті қосу. Дүмді тежеуіш - компенсаторды қарауыл бойындағы шығыңқы бөлікке тірелгенше бұрайды. Егер ұңғылы тежеуіш - компенсатордың (жалын сөндіргіштің) саңылауы орнықтырғышқа сәйкес келмесе, ұңғылы тежеуіш - компенсатор ұңғысына немесе жалын сөндіргішті саңылау орнықтырғышқа орналасқанша айналдырады (бір айналымнан артық емес)
8. Сүмбіні қосу.

9. Пеналды дүм ұясына салу. Сүрткішті, тазалағышты, бұрауышты, қаққышты пеналға салып, қақпағын жабады да, пеналды түбімен дүм ұясына қақпақша жабылатындай етіп кіргізеді. Жиналмалы дүмді автоматта пенал оқжатарға арналған сөмке қалтасына салынады.
10. Оқжатарды автоматқа қосу. Автоматты сол қолмен дүм мойыншасынан немесе шетмойыннан ұстап тұрып, оң қолмен оқжатардың ілгішін ұңғы қорабының терезесіне енгізіп, оқжатардың ілмегі оқжатардың тірек шығыңқысынан асатындай етіп өзіне бұрады.

...