0 дауыс
5.4k көрілді

Тальго вагондары туралы не білесіңдер?

2. Болашақта пойыздың қандай моделін ұсынар едіңдер?

   «Бағытталған оқу» әдісі бойынша мәтіндегі ақпаратты кесте, диаграмма, сызба, шартты белгілермен белгілеңіздер.

№2 Тапсырма 

а/ «Салыстырмалы карта» әдісімен «Кешегі және бүгінгі теміржол торабы» тақырыбын талқылап, сұхбат жүргізіңдер.

Кешегі теміржол торабы

Бүгінгі теміржол торабы

ә/ Мақсатты аудиторияға арналған терминдер мен ұғымдарды,тілдік оралымдарды талдаңдар.

№3 Тапсырма.

Қазақстанның ірі теміржол стансыларын диаграммаға түсіріңдер.

1 жауап

0 дауыс

ТАЛЬГО шығаратын барлық маятникті пойыздарды жасау кезінде қауіпсіздікке, жылдамдыққа, жайлылыққа, электр қуатын үнемдеуге және қоршаған ортаның ластануын азайтуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы мақсатқа жету үшін Тальго ТНК-F61 вагондары жобаланды, олар Қазақстанның қатал континенталды ауа-райы жағдайында ұзақ уақыт (кем дегенде 20 жыл) іске пайдалануға арналған. Тальго ТНК-F61 пойызының вагондарында Тальго жүйесіне тән барлық дәстүрлі сипаттамалар (жеңілдетілген құрастырым, тәуелсіз доңғалақтары бар бағытталмалы біліктер, төмен ауырлық ортасы, вагондардың арасының буындастырып біріктірілуі) бар. Бұл сипаттамаларға әмбебап шанақтың пайдаланылуы, сондай-ақ соңғы технологиялық жетіктіктерге және белгілі бір климаттық және географиялық жағдайлардан туындаған талаптарға, сондай-ақ Темір Жолы компаниясының қалауына байланысты пайда болған ең жаңа әзірленімдер қосылады. Сондай-ақ бұрылыстардан жылдамдық елеулі түрде азайтпастан өткен кезде жолаушылар үшін жайлылықты қамтамасыз ететін, буксалары табиғи түрде еңкейетін және аспадағы қысым бұрылыс жаққа үлестірілетін маятникті жүйе қолданылады. Тұлпар-Тальго жасаған «Турист» класының вагоны (4 кісілік купелі) (жатын орындардың орналасу сұлбасы) «ТУРИСТ» ЖАТЫН ВАГОНДАРЫ Осы типті вагондардың 2 нұсқасы бар, олар іліністің ортасы арқылы өтетін бойлық тік жазықтыққа қатысты ішкі үлестіруде симметриялы болып келеді. Вагондардың бұл типінің 2-4 кісілік вагондар сияқты аймақтары мен элементтері болады, купелер де, сондай-ақ пойыздың жолсерігіне арналған учаске де оң жақта орналасқан. Купенің ішкі жағында төмендегідей айырмашылықтар байқалады: 5 купе бар. Бірінші купеде 2 орын, қалған купелерде 4 орындықтан бар, олар бір біріне қарама-қарсы орналасқан, бұл 4 жатын сөре бар дегенді білдіреді, олардың кітап оқуға арналған жарықтамасы, заттарды қоюға арналған үйкегі және телефон бар. Бұл орындықтардың отырғыштары қайырмалы емес, бірақ арқалықтары қайырмалы, сондықтан орындықтарды жатын сөреге айналдыруға болады. Әр купеде 2 жолжүк бөлігі бар: біреуі үстіңгі жақта, кіретін есіктің үстінде, ал екіншісі төменгі жақта, орындықтардың астында орналасады. 2 кісілік купелері бар вагондағы сияқты, терезенің жанындағы қабырғада киім ілетін ілгектері бар дігек орнатылған, жолаушылар шағын сыртқы шкафты пайдалана алуы үшін жатын сөрелердің арасындағы бос жер пайдаланылған. Жатын сөренің бас жағында үстіңгі сөреге көтерілуге арналған саты орнатылған. Тұлпар-Тальго жасаған «Гранд-класс» (Люкс) вагоны (жатын орындардың орналасу сұлбасы) «ЛЮКС-КЛАСС» вагоны Осы типті вагондардың 2 нұсқасы бар, олар іліністің ортасы арқылы өтетін бойлық тік жазықтыққа қатысты ішкі үлестіруде симметриялы болып келеді. 2-4 кісілік вагондар сияқты аймақтары мен элементтері бар, бірақ оларды үлестіруде мынадай айырмашылықтар бар: арнайы сөрелері бар 5 купе, олардың әрқайсысында жеке душы бар санитарлық торап қамтылған, бұл купелер бір бірімен байланыспайды. Кіреберістегі санитарлық торап алынып тасталған, ол орын купелерді кеңейту үшін пайдаланылады. Купедегі жолаушыларда ыстық су болуы үшін су құятын шанның орнына ысытқыш орнатылған. Бұл вагон су беретін тәуелсіз қондырғымен жарақталған, шандар дәліздің жоғарғы бөлігінде, аспалы төбе мен вагон төбесінің ортасында орналастырылған. Әр купе мынадай элементтермен жарақталған: Шынтақ таяныштары және купенің қабырғасына жинап қойылатын жатын сөрені ашуға арналған қайырмалы арқалықтары бар екі орындық. Қабырғада бір бірінен жоғары орналасқан екі жатын сөре бар Купенің ішін тазалауды жеңілдету үшін орындықтардың отырғыштарын арқалықтарына көтеріп қоюға болады. Жолаушылардың барлығының жұмыс істейтін өз орындары болуы үшін шынтақ таяныштарға қайырмалы үстел орнатылады. Үстел жолжүк салатын бөлікте сақталады. Жатын сөрелер заттарды қоюға арналған қайырмалы шағын сөрешемен жабдықталған. Үстіңгі сөре сақтандырғыш қоршаумен жарақталған. Дәлізге жақын тұрған қабырғаға кітап оқуға арналған шырағдандар және пойыздың жұмыскерлерімен хабарласуға арналған телефон орнатылған. Орындықтарға қарама-қарсы арақабырғада душы бар шағын санитарлық торап орналасқан. Сондай-ақ аталған қабырғада жолаушы өзінің сыртқы киімін іле алуы үшін киімге арналған ілгіштер орналастырылған. Осы арақабырғаның үстіңгі жағында жолжүкке арналған ұя орналасқан, онда үстіңгі жатын сөреге шығуға арналған жиналмалы саты бар. Тұлпар-Тальго жасаған «Бизнес-класс» вагоны (жатын орындардың орналасу сұлбасы) Бір кісілік және екі кісілік купелері бар «БИЗНЕС - КЛАСС» ВАГОНДАРЫ Осы типті вагондардың 2 нұсқасы бар, олар вагондардың ілінісу ортасы арқылы өтетін бойлық тік жазықтыққа қатысты ішкі құрылымы бойынша симметриялы болып келеді. Аталған вагондар төмендегі аймақтармен жарақталған және мынадай элементтермен қамтамасыз етілген: Автоматты жетегі бар сыртқы кіреберіс есік, сондай-ақ тамбур. Тамбурдан бірден санитарлық торапқа өтуге болады. Кіреберіс есік орналасқан жақта орналасқан, 5 терезесі бар ұзын дәліз. Осы дәлізге тамбурдан кіру қолмен ашылатын айналмалы есік арқылы іске асырылады. Купелерге кіреберіс жерлерде де осындай есіктер орнатылған. Тамбурда түрлі жүйелер үшін қажетті жабдық пен элементтерді орналастыруға арналған шкаф орнатылған. Тамбурдың аспалы төбесінің арасына купені ыстық сумен қамтамасыз етуге арналған су жылытқыш орнатылады. Дәліздің соңында жапсарлас вагоннан айналмалы есікпен қалқаланған, түрлі қондырғыларға арналған аймақ бар. Аталған учаскеде дәліз жақтан біз оң жақтағы купелі вагон мен сол жақтағы купелі вагонның арасындағы айырмашылықты байқай аламыз. Оң жақтағы купелі вагон жолсерікке арналған аймақпен қамтамасыз етілген, ол отырғыштан, қайырмалы үстелден және телефоннан тұрады. Сол учаскеде және сол жақтағы вагонда керек-жарақтарды (стақандар, сулықтар т.с.с.) орналастыруға арналған сөрелері бар, суық және ыстық ауыз су беруге арналған кулер орнатылады. Вагондардың екі типінде де дәл сол учаскеде біз вагонның электрондық жабдығы мен өрт сөндіргішке арналған орынды таба аламыз. Өрт сөндіргіш тамбурда вагонға кіреберіс есікке қарама-қарсы орналасқан. Электрондық бақылау құралдары дәліздің учаскесінде, кулерден немесе қаырмалы үстелден жоғары орналастырылған. Оған қарама-қарсы ауаны баптауға арналған жабдық орналасқан.

Толығырақ: https://tickets.kz/kk/content/talgo-train.html

...