0 дауыс
12.0k көрілді

Кристалдық дене мен аморфты дененің айырмашылығы қандай?

№2 Тапсырма 

Есептерді шығарыңыз:

1) Көлденең қимасының  ауданы 0,1, арқанға 20кПа  механикалық кернеу түсіріледі. Осы арқанға түсіретін күш.

2) Темір шыбықта Па  механикалық кернеу  пайда болу үшін,шыбық осінің  бойымен түсірілген күштің модулі 1,9 кН-ға тең. Темір шыбық диаметрін табыңыз.

№3 Тапсырма Есепті шығарыңыз:

Көлденең қимасының ауданы 1м ұзындығы 1,5 м  болат сым 200 Н күштің әсерінен 1,5м-ге ұзарды. Болаттың Юнг модулі.

1 жауап

0 дауыс

Аморфты денелер.Атомдарының ретті орналасуы алыс қашықтықтарда да қайталанып отыруымен сипатталатын кристалдық денелерден аморфты денелердің айырмашылығы, мұнда тек жуық тәртіп қана орын алады.Кейбір заттар кристалл және аморфтық түрде де бола алады.

      Кристалл және аморфты денлердің айырмашылығы, әсіресе жылулық қасиеттерінен қатты білінеді. Кристалл денелердің белгілі балқу температурасы болады. Кристалл заттың балқу графигінде горизонталь бөлік бар, ол балқу температурасының балқу процесінің барлық кезеңдерінде тұрақты екенін көрсетеді. Аморфты денелерде белгілі балқу температурасы жоқ. Қыздырған кезде аморфты дене жұмсарады, оның молекулалары өз көршілерінен оңай айырыла бастайды, оның тұтқырлығы кемиді, ал жеткілікті жоғары температурада ол өзін тіпті тұтқырлығы аз сұйық тәрізді ұстайды. Аморфты денелердің балқу графигінде горизонталь бөлік жоқ. Сондықтан қатты аморфты денелерді өте тұтқыр сұйық деп қарастыруға болады. Олар толық-изотропты.

      Көптеген денелерді аморфтық күйден кристалдық күйге және керісінше өткізуге болады. Мысалы, кәдімгі шыныны белгілі температурада ұстап тұрса, онда ол ұсақ кристалдарға айналып шыны бұлдырланып кетеді.

      Аморфты денелерді шыңдауға да болады. Егер аморфты денені жеткілікті жоғары температураға дейін қыздырып, молекулаларды  белгілі бір қалыпта орналасуына дейін жеткізіп, сосын оны тез салқындатсақ, онда салқындату алдындағы молекулалардың қалыптары сақталып қалады. Мұндай күйде аморфты денелердің тепе-теңдік күйге өтуі өте баяу жүреді, тіптен ақырына дейін жетпейді де. Сондықтан оның шыныққаннан кейінгі күйі ұзақ уақыт сақталып қалуы мүмкін. Жоғары температурада дененің көлемі төменгі температурадағы көлемге қарағанда үлкен.Өте тез шыңдау кезінде беттік қабат ішкі қабаттарға қарағанда ертерек қатаяды да, қатты қабыршақ түзеді. Ішкі бөліктері  салқындағанда олар сығылады, сөйтіп ішкі және сыртқы қабат арасында күшті кернеулік пайда болып, ол денені бұзуға дейін жеткізуі мүмкін. Ішкі кернеуліктер анизотропия тудырады, олар оптикалық әдістермен жеңіл бақыланады.Мұндай кернеулікті тағы да қыздырып және содан кейінгі баяу салқындату арқылы жоюға болады. Мысалы, астрономиялық құралдар үшін үлкен мөлшердегі оптикалық линзаларды дайындағанда, шыны дененің салқындатылуы бірнеше айға созылады.

      Кристалдар.Өзінің формасын да, көлемін де сақтайтын затты қатты дене деп атайтынымыз белгілі. Бірақ бұлар заттың қатты күйін тек сыртқы түріне қарап қана сипаттайды. Физикалық тұрғыдан алғанда біз бұл белгілеріне қарап қатты күйді сұйық күйден айыра алмаймыз.

      Қатты денелерді зерттеген кезде табиғатта олардың белгілі бұрыштармен орналасқан жазық беттерінің болатыны, кей жағдайларда олардың дұрыс көпбұрыштар түрінде кездесетіні белгілі. Мұндай қатты денелерді монокристалдар деп атайды(грек.моно-бір).Көпшілігінде монокристалдардың  мөлшерлері өте кішкентай, әйтсе де олардың арасында үлкендері де бар,мысалы тау хрусталының кейбір монокристалының өлшемі адам бойымен теңеседі.

      Кристалдардың ішкі құрылысын рентген сәулелерінің көмегімен зерттеулер олардағы бөлшектердің(молекулалар, атомдар және иондардың) дұрыс орналасатынын көрсетті, яғни олар кристалдық (кеңістіктік) тор түзеді. Кристалдық тордағы қатты дененің бөлшектерінің ең орнықты тепе-теңдік қалпына сәйкес нүктелері тордың түйіндері деп аталады.

      Тордың түйіндері дұрыс орналасып, кристалл ішінде периодты түрде қайталанып отырады.Бөлшектердің кристалдық тор түйіндерінде дұрыс орналасуы алыс реттілік деп аталады.

      Физикада қатты денелер деп кристалдық құрылымы  бар денелер ғана аталады.Басқаша айтқанда, қатты дене бөлшектерінің орналасуында алыс реттілік болу керек.

Толығырақ: https://www.stud24.ru/phisics/kristaldy-zhne-amorfty-denelerd-rylysy/116211-342375-page1.html

s = 0,1 м²

ø=20кПа = 20000 Па

F =?

F = ø*S = 0,1*20000 = 2000 =  2 кН

Ұқсас сұрақтар

...