0 дауыс
358 көрілді

Қалалардың геохимиялық аномалиялары,  анық жауап отініш

1 жауап

0 дауыс

Аймақтық,  орта-  және  ірі  масштабты    жұмыстарды  жүргізу    келесі  негізгі кезеңдерді қамтиды: 
1) жобалау; 
2)  жиналған  мәліметтер  бойынша  камеральді  жолмен    схемалық 
ландшафтты-геохимиялық карталарды  құрастыру; 
3) далалық экологиялық-геохимиялық жұмыстар; 
4) кондициалық ландшафтты – геохимиялық карталарды  құрастыру; 
5) геохимиялық сынамалау және талдау жүргізу; 
6)  аномалиялық  аймақтарды  және  жеке    аномалияларды  анықтау  және талданған нәтижелерді  өңдеу; 
7) есепті жазу және қорғау. 
Режимді  бақылау  кезең  жұмыстарында  тек  бес  этап  ерекшелінеді.  Оларда екінші  этап  болмайды  (камералды  жолмен    ландшафты-геохимиялық  карталарды  салыстыру),  өйткені  оларды  жүргізбестен  бұрын    ірімасштабты  карталар  құрастырылуы тиіс.  
Аймақтық жұмыстардың  зерттеу кезеңдерінің  негізгі мақсаты (1:2 000 000 - 1:200  000  масштабтағы)  административтік  ерекшелігімен  бөлінетін  аймақтың 
қоршаған  орта  жағдайын  жалпы  кешенді  аймақтық  бағалау  болып  табылады. 
Қоршаған  орта  жағдайын  бағалау  кезінде  аймақтық  жұмыс  кезеңдерінің    ішіндегі 
зерттеулердің алғашқысы  экологиялық-геохимиялық зерттеулер болуы тиіс.  
Қоршаған  ортаны  сапалық  бағалау  кезінде  жүргізілген    региональдық 
зерттеулер аймақтың  обьективті және жан жақты  сипаттамасын беруі тиіс.  Соңғы 
ақпарат  құрылған    геохимиялық  ландшафттар  картасы  негізінде  техногенді 
процестердің жалпы  дамуы  мен  биосфераның  зерттеліп  отырған    бөлігіне  олардың  
негізгі әсерін бағалауға мүмкіндік туғызады. 
Қоршаған  орта  жағдайын    сандық  бағалау  кезінде  аймақтық  жұмыстар 
кезенінде    әрбір  геохимиялық  ландшафттарда  қарастырылатын  элементтердің  
(олардың  қосылыстарының)    фондық  құрамы  (жобаға  сәйкес)    анықталуы  тиіс. 
Сонымен қатар, аномальді участоктер, және  жеке элементтердің  негізгі аймақтық 
аномалиялары  ландшафьты-геохимиялық  жағдайларды    ескере  отырып  жеке 
карталарда  бөлінуі  тиіс.  Анықталған  аномалиялардың    ықтималды  табиғаты  және 
осы аномалияларды тудыратын ластаушы заттардың негізгі көздері  анықталынады.   
Ірі  анықталған  аномалиялар  шегіндегі  ірі  көлемдегі  ластаушы  заттардың 
құрамын  есептеу    жүргізіледі.  Зерттеудің  осы  кезеңінде  сонымен  қатар,    кері 
аномалияларда,  яғни    анықталған  элементтердің  мөлшері  күрт  төмендеген 
участоктер де  айқындалуы тиіс (олардың қосылыстары).  Кері аномалиялар шегінде 
берілген  ландшафттағы  фонмен  салыстырғандағы  сілтілі  қосылыстар  мөлшерін 
есептеу мақсатты.  

Толығырақ: https://emirsaba.org/1996-jildan-bastap-shifadi-osnovan-v-1996-godu.html?page=2

...