0 дауыс
445 көрілді
Телекоммуникация мамандығына түсу үшін УБТ да кандай пән таңдайды? Және грант қанша балл? Алдын ала рахмет❤️

1 жауап

0 дауыс
Телекоммуникация және байланыс жөніндегі инженер физиканы, математиканы және техникалық ағылшын тілін, ақпараттық және коммуникациялық технологияларды жақсы білуі тиіс. Оған жаңа телекоммуникациялық әзірлемелер мен технологиялар, телекоммуникациядағы байланыс және маркетинг кәсіпорындарының менеджмент негіздері, қолданылатын жабдықтың тағайындалуы мен құрылымы, тарату технологиясы (Ethernet, SDH, PDH, Wi-Fi және т.б.), іс жүргізу бойынша терең білім қажет. Оған байланыс жабдықтарын жобалауда, жабдықты монтаждауда (кәбіл төсеу, антенналарды орнату, т.б.) және іске қосу-реттеу жұмыстарын орындауда, байланыстың әр түрлі желілерімен жұмыс жасауда, өз фирмасының тұсаукесерін жүргізуде, өз фирмасының бұйымдары туралы жарнамалық проспектілерді даярлауда, телекоммуникациялық жабдықтарды баптауды, пайдаланушыларды техникалық қолдауды орындауда, IP-телефония жүйесін, таратылған желілік инфрақұрылымды әкімшіліктендіруде құзыреттер қажет. Ол құжаттарды әлемдік стандарттар деңгейінде ресімдей білуі, ол үшін баспа жүйелерімен жұмыс істей білуі, компьютерлік графика негіздерін білуі, мультимедиа құралдарын (бейне, компьютерлік және дыбыстық ақпарат синтезі) пайдалана білуі, пайдаланушыларға арналған құжаттаманы (нұсқаулықтар, регламенттер, ережелер) әзірлей білуі тиіс.

ҰБТ-дағы бейіндік пәндер-математика және физика.

Телекоммуникация және байланыс жөніндегі инженер жұмыстарды үй-жайда орындайды. Жұмыс түрі белсенді, жылжымалы өмір салтын талап ететін көшпелі жұмыстар, іссапарлар болуы мүмкін. Жұмыс жоғары зияткерлікі талап етеді. Телекоммуникация және байланыс инженерінің басты жұмыс құралдары-оның зияткерлік қасиеті, кәсіби білімі мен тәжірибесі. Сондай-ақ, ол өз жұмысында компьютерлерді, телефондарды және қол құралдарын пайдаланады. Телекоммуникация саласындағы инженер өз бетінше әрекет етеді,басшылықпен қойылған міндеттер шеңберінде өзі шешім қабылдайды.
...