+2 дауыс
882 көрілді
Оралмандарға деген көзкарастырыңыз қандай? Көп қандастарымыз елім отаным деп келсе қазақстандағы қандастарымыз оларды оралман, өзбек деп шетке ысырады. Өзбекстанда қазак  десе қазақстанда өзбек десе бейшаралар не қылсын?

5 жауап

+5 дауыс
Өзім ешқашан оралманды өзбек деген емеспін, оралмандар келе бастағанда қуанғанмын, кейін көшеде баллар келек еткенде не үшін деп, түсіндірмек болғанмын, содан өзім басқа нәрсені түсіндім, олай бөлетін адамдар сәл топастау, жастар ғой көбісі, оларға күлуге себеп керек )) Бірақ, оралмандардың да бәрі жақсы деуге болмайды, елге келіп квотаны алып, өзбекстанға барып бай болып тұрып жатқандар да бар, болмаса үй алып оны жалға беріп қояд. Қанша оқыған оралманды көрсем де, солардың бәрі "квотаны" парамен алған. Енді өзім білмейм қаншалықты қиын екенін, бірақ қазір заңды тетіктер өте көп.
пікіріңізбен келісуге болады)
+3 дауыс
Оралмандарға деген көзқарасым жаман емес, жақсы! Олар да біздің бауырларымыз ғой... неге олар жөнінде пікіріміз жаман болсын?! Олардың қайта оралып келіп, қазақстандықтардың санын көбейтіп жатқанына өз басым қуанамын. "Оралман" деп бөліп-жарудың қажеті жоқ. Ең бастысы, олардың біздің қандастарымыз, бауырларымыз екенін естен шығармайық!
+1 дауыс
Мен негізі оралманмын. Оралмандарды балағаттау, үстінен күлу дұрыс емес деп ойлаймын. Бес саусақ бірдей емес қой, лично өзіме алғаш Қазақстанға келгенде қызық болды. Қазақ тілін шала пұла білетін ем, (әрине Өзбекстанда бір қазақ жүрсе өзбекше сөйлеткізеді, ал Қазақстанда керісінше) қазақ тілін мүлдем түсінбеймін, барлығы өзбекский вариант еді ғой, тіпті ана Өзбекстанда латинский буквамен оқыдық, не дегген қиын болды, бірдеңе деп айта алмайсың, айтсаң басқалар күледі, сосын сөйлеген сөздерін үшеуін түсінсем біреуін түсінбейтін ем, үйтіп бүйтіп жүріп, талпынып, жармасып жүріп үйрендім. Қазір құдайға шүкір қазақ тілін 5-ке білем, осының өзі ерлік емес пе? Ал сіздердің көзқарастарыңыз басқа. Өздеріңіз ойлаңыздаршы сіздер де осылай істейтін едіңіздер. Бір жағынан қуанам осындай Қонақжай, жайдарлы, тәуелсіз өз Отаныма оралғаныма
+1 дауыс
Оралмандар - Олар да Қазақтар.
Оралмандар - Олар да Адамдар.
"Оралмандар !" -  деп  мазаққа тартып, түртпектеу дұрыс емес. . .
0 дауыс
Бекболат Тілеухан оралман мәселесі

...