0 дауыс
34.9k көрілді
"Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім" тақырыбына эссе жазу керек?

Қазақстанның дамуы мен көркеюіне менің үлесім

Қазақстан – менің Отаным, менің мақтанышым. Оның кең байтақ даласы, асқақ таулары, мөлдір көлдері – менің жүрегімді тербететін ән. Біздің еліміз – жас мемлекет, бірақ оның әлеуеті зор. Мен Қазақстанның жарқын болашағына сенемін және оның дамуына өз үлесімді қосуға дайынмын.

Меніңше, Қазақстанның дамуының негізгі кілті – білім. Сондықтан мен ең алдымен өзімнің біліміме көңіл бөлемін. Жаңа білім алуға, дағдыларды меңгеруге ұмтыламын. Болашақта мен өз мамандығым бойынша еліміздің экономикасын дамытуға, жаңа технологияларды енгізуге атсалысамын.

Біліммен қатар, мен адамгершілік құндылықтарды да жоғары бағалаймын. Адалдық, әділдік, қайырымдылық – қоғамның іргетасы. Мен өзімнің іс-әрекетіммен осы құндылықтарды дәріптеп, өзгелерге үлгі болуға тырысамын. Қоршаған ортаны қорғау, қоғамдық іс-шараларға қатысу арқылы да өз үлесімді қосамын.

Қазақстан – көпұлтты ел. Мен барлық ұлт өкілдеріне құрметпен қараймын және олармен достық қарым-қатынас орнатуға тырысамын. Тілдерді меңгеру арқылы мәдениеттер арасындағы диалогқа үлес қосамын.

Мен өзімнің Отанымды шексіз сүйемін және оның гүлденуі үшін бар күшімді саламын. Білімді азамат, адал маман, белсенді қоғам мүшесі болу арқылы Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосамын деп сенемін.

Мен жастарға үндеу тастаймын: Біз – Қазақстанның болашағымыз! Біздің қолымызда еліміздің тағдыры. Білім алып, еңбек етіп, Отанымыздың дамуына үлес қосайық! Бірге біз Қазақстанды әлемдегі ең дамыған елдердің қатарына қоса аламыз!

1 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

Қазақстан – тәуелсіз, егеменді ел. Біздің елде түрлі ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Күн санап түрлі ғимараттар, үйлер салынуда. Сан-қилы салалар дамуда. Бір сөзбен айтқанда, еліміз дамып, гүлденіп жатыр. Осындай деңгейге жету үшін, тәуелсіз ел болу үшін халқымыз талай қиындықтардан өтті. Ел басы – Нұрсұлтан Назарбаевты президент етіп халқымыз бекер сайлаған жоқ. Назарбаев халқына берген антында, елдің өркендеуіне берген уәдесін орындады және әлі де орындауда.

Ал енді, мен өз Отанымның өркендеуі үшін не істей алатыным жөнінде тоқталсам. Болашақта өз елімнің өркендеуі үшін аянбай еңбек етемін. Ең алдымен сапалы да, терең білім алсам деймін. Сол мақсатта өз мамандығым бойынша білім алудамын. Қарағанды қаласының, Қарағанды «Болашақ» маңызды білім беру колледжінің 2-курс студентімін. Болашақ мамандығым шетел тілі пәнінің мұғалімі. Алдымен оқуымды жақсы оқып бітірсем деген ой бар. Сабағымды үнемі жақсы оқуға тырысамын. Оқу барысында көптеген конкурстарға қатысып жүлделі орындар алудамын. Оқуымды ойдағыдай аяқтаған соң шет тілі пәнінің мұғалімі немесе аудармашы боламын. Егер де мұғалім болып жатсам, ең алдымен өз оқушыларыма дұрыс тәрбие беріп, ұл балаларға ер жүрек, ал қыз балаларға инабатты болуды үйретенмін. Сондай-ақ, ағылшын тілін де үйретемін. Оларды ағылшын тілінде дұрыс сөйлетіп, жаздыртып, жалпы  тілді еркін меңгеру үшін, қолымнан келгеннің барлығын жасаймын.

Ал егер аудармашы болсам, әр-түрлі елдерге барып, өз қызметімді атқарамын. Шет елдерге саяхат жасау барысында, көптеген өзге ұлт өкілдеріне Қазақстан Республикасы туралы айтып, өзіміздің мәденитімізді паш етемін. Көптеген тілдер үйренемін. Қайткенде де, елімізге шетел тілдерін білетін көптеген білікті маман иелері керек. Себебі, еліміз барлық салалардан өркендеп, әлемнің  дамыған елдер қатарына кіру үшін.

Жоғарыда жазып кеткенімдей, мұғалім болып, балаларға тіл үйретіп қана шектелмеймін. Өзімді басқа қырынан да көрсетпекшімін. Басқа да салаларға өз үлесімді қосқым келеді. Елімізде шешімін таппай келе жатқан көптеген мәселелер бар, соларды шешуге үлесімді қосамын. Мысалы, айтатын болсам, білім беру, медицина, экология, экономика, саясат, тіпті тіл салаларында көптеген өзекті мәселелер бар. Солардың ішіндегі, білім беру саласындағы, білім беру деңгейін неғұрлым жоғарылауы үшін бар жағдайды жасаймын. Балалар мектеп қабырғасында оқып жүрген кезде дұрыс білім алуы тиіс. Осыны жүзеге асыру үшін, ен алдымен білімді мұғалімдер саның көбейтіп, мектеп жүйесін өзгерту қажет деп ойлаймын. Мектепте әр сабақ 45 минуттан болады. Осы уақыт аралығында мұғалім барлық балалардан үй жұмысын сұрап, жаңа тақырыпты толығымен түсіндіріп үргермегендіктен қысқаша түсіндіреді. Сондықтан да, сабақ уақытының ұзартылғаның қалаймын. Тағы бір мәселе,  жоғары сынып оқушыларына қатысты. Оларда күніне 6-7 сабақтан болып тұрады. Оған қосымша, барлық сабақтардан берілетін үй тапсырмалары мен күнделікті ҰБТ-ға дайындық та бар. Соның салдарынан оқушыларда сапалы дайындық жасауға мүмкіндік болмайды. Күнделікті  болып тұратын сабақ санының азайғаның дұрыс деп ойлаймын. Тағы бір қосатыным ҰБТ мәселесі. Мектеп оқушылары тапсыратын «ұлттық біріңғай тестілеу» жүйесін алып тастауды жөн көремін. Менің ойымша, «ҰБТ» жүйесі мектеп оқушылары үшін дұрыс емес. Бұл жүйе оқушаларға  қатты әсер етіп, зардабын тигізуде, тіпті өз-өздеріне қол жұмсап жататын оқушылар да болады.

Колледж, университет мекемелерінде оқитын жағдайы нашар студенттерге тегін білім беру жүйесін енгізу үшін барымды саламын. Өйткені, кейбір студенттер әлеуметтік жағдайдың кесірінен оқудан шығып қалатын оқиғалар болып жатады. Сондай-ақ, балабақшаларды көбейтуді қамтамасыз етер едім. Көптеген бүлдіршіндерге балабақшаларда орындар жетіспеуде.

Бұлардан басқа да, өзекті мәселелердің бірі – табиғат. Қазіргі кезде, табиғат ластануда, табиғат жойылса біз де жойыламыз. Осы мәселені қолға алу үшін, табиғатты қорғау жөнінде қатал заңдар еңгізіп, іс-шаралар ұйымдастырылса жақсы болар еді. Өз басым, табиғатты қорғау жөнінде балаларға арналған үйірмелер ашылғанын жөн көремін. Сабақтан тыс уақытта, балаларға табиғат жөнінде білім беріп, табиғатты аялауды үйрету керек. Немесе мектеп пәні реттінде «табиғатты аялау» пәнін енгізгенін қалар едім. Осы мәселеге қатты көңіл бөлемін. Болашақта бұл мәселенің шешілуіне өз үлесімді міндетті түрде қосамын.

Қазақстанда көптеген кинолар мен сериалдар түсірілуде. Бұлардың көпшілігі махаббат жайында, киноға түскен актерлар дөрекі, ерсі сөздерді айтып жатады. Мұның бәрін балалар көріп, бойларына кинодан көріп алған жаман әдеттерді сіңіруде. Бұл дұрыс емес. Сондықтан да, махаббат туралы емес, пайдалы дүние түсірілгені дұрыс. Мысалы, тәрбиелік мәні бар, ата-ана, жалпы отбасын, туыстарын және үлкендерді сыйлап, құрметтеп, Отанды суюге, өз тіліне деген махаббатын оятуға, балаларды адал, шыңшыл болуға жетелейтін фильмдер түсірілгенің қалаймын.

Еліміздегі басты проблема – тіл мәселесі. Үлкендерден: «қазақша сөйле, қазақ тілін үйрен, орысша сөйлегенді қашан доғарасың?» деген сыни сөздерді естіп жатамыз. Бір жағынан олардың айтқан сөздері де дұрыс. Бірақ мұны жастарымыз ескере бермейді. Мүмкін, әдет болып қалған шығар, үнемі орысша сөйлеу . Көпшілігінің айтуы бойынша: «тіл үйренуге уақытым жоқ» деп жататындар да бар.  Осы мәселені шешу үшін, қатал заң шығарғаны жақсы болар еді. Сонда, қазақтар да, орыстар да қазақ тілін үйрене бастайды. Бұл әрине, ұзаққа созылатын процесс.  Болашақта осы мәселені қолға алар едім.

Еліміздің өркендеуіне өз үлесін қосатын азаматтар мен азаматтаршалар саны көбейеді деп ойлаймын. Соның арқасында, еліміз көркейіп, дамып, өркендеп, биік белестерден көрінетін болады.

Әрине, ауызбен айтқан оңай, іспен орындау қиын. Бірақ мен жоғарыда айтып кеткен мәселелерді шешуге өз үлесімді қосатыныма сенімдімін. Өйткені әр адам өз елінің өркендеуі үшін үлес қосуға міндетті. Мен осы міндетімді орындайымын және де болашағымыздың  жарқын болатынына сенімдімін!

Толығырақ: bilimger.kz

Ұқсас сұрақтар

0 дауыс
1 жауап
Белгісіз 3.02.2021 Табиғат сұрақ қойды
0 дауыс
0 жауап
...