0 дауыс
358 көрілді

Жаналық оқып жүріп осындай ойға келдім қазақстан мықты ел сияқты көрінеміз олай емес сияқты шетелге қарызымыз 134 милиярд доллар екен ол деген масқарағой бір екі жылда төлеп құтыла салатын нәрсе емес сияқты өтірік дамып жатқан сияқты ойлайм сендер қалай ойлайсындар. Қалайша дамыған елу елдің қатарына кіріп кеттік соған басым жетпейді дайын ештене шығармаймыз бәрін шетелден сатып аламыз....

7 жауап

0 дауыс

Ойыңыздың 50% ғана келісем. Себебі ҚАЗАҚСТАН елі дамып келе жатыр. Қазақстан дамушы мемлекет. Оның мысалы: Қазақстаннан алғаш рет таза көлік өндіріліп шығады. Бұрындарыда шығып жүрді бірақ ол тек шет елдерден ғана келіп біздікілер 50% ға жетпейтінін өндіретін еді. Ал қазір  басынан аяғына дейін Қазақстанда жасалып шығады. Біздің жас мамандар Кореяға барып тәжірбие алмасып келді. Қазақстан тек алға!!!   Дамыған елу елдің қатарына кіргеніміз ол біздің мақтанатын жағдайларымыздың бірі. 

+1 дауыс

Алла жасса бәрі де жақсы болып кетер иншаллах

0 дауыс

Қазақстанның  жағдайының  дамуы  50   пайыз  секілді  .Қазақстан  дамып  жатыр  бірақ  қарқынды  дамып  жатқан  жоқ,сондада  сәлде  болсын  алға  жылжу  бар

+1 дауыс

Дамып жатқанда былай ғой, болашағы жоқ даму, тек қана шикізат өндіруден (мұнай, газ.. т.б.) тұратын экономиканы даму деп есептемеймін (ертең олар біткесін айға қарап қаламыз ба деп қорқамын). Және олардан түскен ақшаны дұрыс жолға жұмсап жатырғанымыз жоқ (қолына ақша тиген жас балаша оңды-солды шашып) басқа салаларды дамыту керек қой. Мысалы Дубай, туризмді дамытты, қазір мұнай өндіруден түсетін табыс екенші орынға шығып қалды 

0 дауыс

Сыртқы қарыздар кез келген мемлекетте бар. Мысалы, АҚШтың сыртқы қарызы бірнеше триллион доллар сомасында. 2012 жылы 3,1 триллион болған. Қазақстан сырттан қарыз алғанда кепілге Ұлттық қор мен Алтын-валюта запасындағы қаржыны қояды. Ал ол екі қорда орасан зор қаржы жинақталып тұр.

0 дауыс

Шынымды айтсам,Қазақстан артына шала қыстырып алып,космоста қаңғалақтап жүрген космос кемесі сияқты.

Тәуелсіз басылымдарды оқығаннан білгенім,осы жылдар ішінде еш программа аяғына жетпеген!

Халықтың көңілін алғашқы программа саябырси бергенде үнемі басқа программамен алдарқатып отырған.

Сынық түйме түгілі қисық ине шығаратын кәсіпорынның болмауы-масқара емес пе?!

Кедендік одақтың кімге қандай пайдасы барын шынымен-ақ бағамдаған жоқсыңдар ма?

Кеше қант заводында ауыстыратын деталь жоқ деп,қант шығару тоқтатылды.Енді көр,магазиніңде қант бар ма?

http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/economics/17099673/?frommail=1

Және бір мысал,банктегі дүрбелеңнен хабарларың бар болар.Осы жөнінен елбасы"Еш уайымдамаңдар,ешқандай банк банкротқа түспейді"-деп,1 триллион теңге бөлді.

Енді сұрақ:-Жаңа Өзенде 7 ай аштық жариялаған адамдардан "еш хабары жоқ" елбасы ақшаға келгенде қалай бәрін тез біле қалды?Сонда оған не жақын,кім жақын боп тұр?

А,ендеше бізге шәпкіні аспанға лақтыру әлі ертерек болар!

 

0 дауыс

Соңғы жылдардағы жағдайларға қарап солай деп айтуға болады.Төмендегі бір қолданушы жазғандай мұны тәуелсіз басылымдардан білуге болады.Ана хабар,қазақстандағы жаңалықтардан кейбіреулер сондай екен,жағдайымыз жақсарып келе жатыр деп ойлайды.Хабарды "ертегілер әлемін" көрсететін канал деп айтуға болады.

...