0 дауыс
710 көрілді
Жақында құрбымның ұзатуына қыз жолдас болатын едім. Сұрайын дегенім қыз жолдас ұзатудан соң қызбен бірге барады ма ұлдың үйіне және қонуға қалады ма? Әлде түнде қыздың туыстарымен бірге қайтып кетеді ме?

1 жауап

0 дауыс

Той десе қу басы домалай кететін қазақтың ұғымында «той» сөзі ерекше қасиетке ие. Оған куә «той десе шашылатын», «той – қазақтың асыл қазынасы», «көппен көрген ұлты той» деген сөздердегі «той» сөзінің қолданылу мәні. Жалғыз «той» сөзінің ішіне көптеген дәстүр, салт, әр аймаққа тән жоралғылар жүреді. Соның ішінде тұрақты бір үрдіс бар. Ол ұзату және үйлену тойы кезінде күйеу жігіт пен ұзатылып бара жатқан қыздың қасында қосшылары жүруі. Қазақ оларды «күйеу жолдас», «жігіт жолдас», «қыз жолдас», «қосшы», «құда бала», «құдаша» деп атай береді. Осы жерде туындайтын сұрақ екеуінің рөлі қандай, маңызы бар ма?

«Күйеу жолдас» пен «қыз жолдастың» ең негізгі рөлі олардың жас отбасын құрып жатқан құрбылары мен құрдастары үшін қастарынан табылып, шашбауларын көтеру. Оған мына міндеттер кіреді:

– Күйеу жігіт пен қыз жолдасқа түсетін салмақты теңдей бөліп көтеру (әр елдің салтына байланысты);

– Жігіт жолдас пен қыз жолдастың дәстүр мен салтқа қанық болғаны өте жақсы. Себебі ол жаңадан отбасын құрып, қобалжып жүрген досының қайын жұртына барған сәтте жасалу керек салтты түсіндіріп, оған қолдау білдіреді;

– Әрине, тойдың отын маздататын да күйеу жолдас пен қыз жолдас. Себебі қыз алуға келіп тұрған жігіт мың жерден өнерлі болса да, әдептен аспағаны дұрыс. Сол секілді қыздың да абыройы маңызды. Ал, ол жауапкершілікті күйеу жолдас пен қыз жолдас арқалайды;

– Күйеу жолдас пен қыз жолдас досын-құрбысын қайын жұртының алдында мақтай отырып, халық ортасынан алып шығушылар. Себебі қыз алуға келген жігіт туралы немесе ұзатуда күйеу бала туралы керемет сөз, тілек болмайды. Басты назар қызға түседі. Сондықтан күйеу жолдастың бұл жердегі міндеті сөйлей білуі. Дәл осы секілді жігіт жақтың тойына келген кезде қыз жолдас қыздың намысын қорғап шығуы маңызды;

Күйеу жолдас пен қыз жолдас бір сөзбен айтқанда «сегіз қырлы, бір сырлы» болғаны жөн. Күйеу бала мен қыз ұяң, жігіт жолдас пен қыз жолдас үндемейтін қосшы болса, бұл қиынға соғады.

Қорыта келгенде, екеуінің де керегі бар екені анық. Бірақ белгілі бір дәстүрге не заңдылыққа байланысты болу керек деген қағида жоқ. Бәлкім, уақыты келгенде төрде жігіт пен қыздың өзі ғана отырып тойлайтын да болар. Дәл қазіргі уақытта бұл нақты талқылауға салатын тақырып емес. Басты назар аударатын нәрсеңіз олардың міндеті мен жауапкершілігі.

Ақпарат дереккөзі: https://massaget.kz/layfstayl/madeniet/47848/

...