0 дауыс
686 көрілді
Қазақ халқы түркі халқына жатады деп есептеледі. Бірақ  түркі тіліне ұқсас тілі тек оңтүстік қазақтарында. "Анаяқ мынаяқ" бұлай барлық түркі халқы сөйлейді. Бірақ қазақтың солтсүтік пен шығысында ана жақ мына жақ деп айтады. Неге?

2 жауап

0 дауыс

"Анаяқ мынаяқ" деген сөздер түрік тіліне еш қатысы жоқ. Диалектінің емес сөздің түпкі шығу тегінің біртектігіне қарай қазақ тілі түркі тілдес тілге жатады.

Түркі тілдері — Шығыс Еуропадан, Сібір мен Батыс Қытайға дейінгі кең аумақта тұратын 180 млн. адамның ана тілі, 210 млн. адамның екінші тілі боп табылатын, көбі бір біріне өте жақын болған 40 тілден тұратын тілдер тобы. Түркі тілдер жанұясы Алтай тілдері әулетіне жатады. Қазақ тілі соның бірі боп табылады. Түркияда әдетте түркі тілдерінің орнына түрік диалектілері термині қабылданады. Түркия, Әзірбайжан, Өзбек және де барлық түркі тілдерінің барлығы да түрік тілінің диалектілері есептеледі. Түрік тілі айтылған кезде Түркия түрікшесі емес, барлық диалектілерді қамтитын тіл ретінде түсініледі. Түркиядағы Университеттерде Çağdaş Türk Lehçeleri ve Edebiyatları «Заманауи Түрік Диалектілері мен Әдебиеттері» кафедраларында түркі тілдері мен олардың әдебиеті оқытылады.

Көрнекті түркітанушы Н.А. Баскаков Түркі тілдері-нің фонет., граммат. ерекшеліктерін сол тілде сөйлейтін халықтардың тарихи даму, геогр. орналасу жағдайымен ұштастыра отырып, бұл тілдердің тарихын төмендегідей кезеңдерге бөледі:

  1. ) алтай дәуірі;
  2. ) ғұн дәуірі;
  3. ) көне түркі дәуірі (5 – 6 ғ-лар);
  4. ) орта түркі дәуірі немесе негізгі түркі тайпаларының қалыптасу кезеңі;
  5. ) жаңа түркі дәуірі немесе түркі халықтарының қалыптасуы мен даму дәуірі (16 – 19 ғ-лар);
  6. ) ең жаңа дәуір (20 ғ.) немесе түркі тілдерінің Қазан төңкерісіне дейінгі және одан кейінгі даму дәуірі.

Алайда оның екі дәуірі болғанын тұспалдап айтуға болады:

  1. ) Орал-алтай тілдерінің ортақ дәуірі, бұл – көптеген ру мен тайпа тілдерінің бөлінбеген кезеңі;
  2. ) Орал және алтай тілдерінің бір-бірінен бөліну кезеңі, бұдан соң түркі, моңғол, тұңғыс-маньчжур және корей-жапон тілдерінің тармақтарға бөліну дәуірі.

Түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі буын үндестігіне негізделеді, яғни қазақтың төл сөздері не бірыңғай жуан не бірыңғай жіңішке болып келеді. Сөзге жұрнақ пен жалғаулар бірінің артынан бірі қосылу арқылы сөз формасы өзгертіледі. Сөйлем бастауыш-толықтауыш-баяндауыш ретінде құрылады.

Жүз жылдар бойы түркі халықтары көшпелі өмір салтын өткізгендіктерінен, өзара және де басқа тілдес халықтармен араласып, өз тілдеріне және көршілес халықтардың тілдеріне зор әсер еткен. Әсіресе моңғол, славян және парсы тілдерімен ықпалдасу өте терең болған. Бұл ықпалдасу әр бір тіл тобы мен топ ішіндегі тілдердің тарихи дамуын біраз өзгерткен салдарынан, түркі тілдерінің классификациясының бірнеше жүйесі бар. Бүгінгі күндері ең кең қабылданған классификация жүйесі А.Н. Самойловичтің классификациясы боп танылғанмен кейбір жағдайлар әлі де пікірталас тудыруда.

0 дауыс
Оңтұстықдағылар ЖЫЛды Йыл, ЖАСты Йас, ЖҰМЫРТҚАны Йұмыртқа демейтін шығар  ?!
Ж сөздер нақ түркі тілі ғой,  олар да  ЖАНды Йан демейді, Жин деп Ині тықпалайды.
Жан жан болғанда, сөздің тегін талдауға келеді, Отпен қатысты, Аңызға сай келеді... ал жин болса түсініксіз, калка тіл екені анық.
...