0 дауыс
498 көрілді
Қыздар неге сондай қызғаншақ? Іштері тар ма?

2 жауап

+1 дауыс
 
Жақсы жауап

ҚЫЗҒАНЫШ  НЕДЕН  ТУАДЫ,

АЛ  ҚЫЗҒАНЫШ НЕНІ  ТУДЫРАДЫ?

Қызғаныш бұқара халықтың бірлігі мен бейбітшілігін, оның ішкі тұрақтылығын, экономикалық һәм рухани дамуын көре алмаудан туындап жатады. Ал мұнан туындаған қызғаныштың арты бүлікке әкеліп соқтырары айтпаса да түсінікті. Бүлікті мақсат еткендер діни, саяси жағдайларды жанына жалау ете отырып әртүрлі әрекеттермен қадам жасауы бек мүмкін.

Қызғаныш жөнінде хадисте не айтылған?! Алла елшісі Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді: «Қызғаныштан қашыңыздар. Өйткені, ол оттың отынды жалынымен жегені секілді, барлық жасаған жақсылықтарыңды жейді». Және бір хадисте: «Әрбір қателік пен күнәға негіз болатын мына үш нәрседен сақтаныңдар. Менмендіктен сақтан, өйткені, шайтанды Адамға сәжде етпеуді жақсы көрсеткен осы менмендік болатын. Кеудемсоқтықтан сақтан, өйткені Адамға жәннаттағы тыйым салынған жемісті жеуге итермелеген осы кеудемсоқтық болатын. Қызғаныштан да сақтан, өйткені Адам атаның екі ұлының бірін өз бауырын өлтіруге итермелеген де осы қызғаныш болатын», - делінген.

Шындығында қызғаныш сезімі жақсылық әкелмейді. Дініміз ислам адамзат баласын бүлік пен қызғаныштан барынша сақтануға шақырады. Ал, пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) былай дейді: «Фитна ұйқыда. Оны оятқандарды  Алла  қарғыс  етсін».

Бүлік пен қызғаныштан сақ болу керек екенін ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына хадисінде көрсетіп беруде: «Жуық арада бүліктер туындайды. Ондай жағдайда отырған кісі тұрғаннан, тұрған жүргеннен, жүрген жүгіргеннен қайырлы болады. Кімде-кім бүлікке бет алса, бүлік өзіне баурап алады.  Кімде-кім паналайтын жер тапса, сол жерді паналасын да бүлікке қатыспасын».

+1 дауыс

Қызғаншақтық адамның жынысына бөлінбейді деп ойлаймын. 

Гүлбану Құрманалиева, психолог маманның ойын оқып қарасаңыз болады.

Дүниенің материалдық байлығына қызығып, жағымсыз қасиеттерді бойларына  сіңірмес үшін, адамзат баласы рухани баюды міндет тұту керек. Адам болу өте қиын, надан болу – әп-сәтте. Адамның жағымсыз қасиеттері – мінез-құлықтың бір сипаты. Психолог маман ретінде студенттер арасында «Қызғаныш сезімнің түрлері» туралы семинар-дәріс өткізгенмін. Сонда мына жайттарды тілге тиек еттім.  «Ақ» қызғаныш, «қара» қызғаныш деп жатады, бірақ тереңіне үңілсек, бұл екеуінде де бір қызғаныш. Қызғаныштары мен іштарлықтары бойларын кернеген адамдар тек қана аяныш сезімдерді тудырады. Өйткені ондай адамдар – өте әлсіз, ерік-жігерлері төмен, сәтсіздікті көтере алмайтын аянышты жандар. Өне бойын қызғаныш пен көреалмаушылық жаулаған адам баласы өзі толыққанды өмір сүре алмайды және басқаға да өмір сүруге кедергі тудырады. Жалпы, адам бойындағы жағымсыз қасиеттер аз сыналмаған. Мұхтар Әуезов «Қызғаныш – құрт ауру. Ол мыс қазандай қайнайтын азап оты» дейді. Қызғаныш пен көре алмаушылық деген қасиеттер жанды жаулап алатын құрттар, надан және жауыз, қатыгез адамдардың жүректеріне ұя салады. Қызғаныш – бұл ауру. Медицинада айтылатындай, қызғаныш отына өртенгендердің ішкі секрециясы қалыпсызданып, жүрек-қан тамыр жүйесі бұзылып, жүйке жүйесі зақымданады. Қызғаншақтық – сыртқа шықпай қоймайтын ішкі былық. Қызғаншақтық пен іштарлықтың үш белгісі бар: Егер адам қасында болмаса, ол туралы ызалы сөздер айтып, жағымсыз ойларын білдіреді; Ол сол адамды көргенде жағымпазданып, екіжүзділеніп, көлгірсиді; Ол адамның бақытсыздығына қуанады. Мұндай қасиеттер – саяз ақылдың белгілері. Өзін әрқашан басқамен салыстыра беретін, басқа біреудің сәттілігін өзінің құлдырауы деп есептейтін адам – жағымсыз қасиет иесі. Біреудің жетістіктері мен жолы болғыштығы оның бойында қорқыныш тудырады, адам санасының ең төменгі пернелеріне әсер етіп, соған орай рефлексті қорғаныш күштері пайда болады, соны жеңу үшін әртүрлі әдістер мен тәсілдер қолданады. Басқаларға жоғары талап қоюдың артында адамгершілік пен психологиялық зиян шегушілігі, кәсіби және жеке бас шамасының төмендігі, ішкі жан дүниесінің бостығы жатады. Адамның жанын жегідей жеген қызғаныш адамға азап шектіреді, әртүрлі аурулардың тууына ықпал етеді. «Осы жағымсыз қасиеттер неден пайда болады?» деген сұрақ туады. Бұл балалық шақтан ата-анасының немесе басқа ересектердің баланы бағалауы мен салыстыру нәтижесінде шығады. Мысалы, «Сен Марат, Айгүл, Жанарлар сияқты болсаң...», «Әне, қарашы елдің баласына...», т.б. салыстырулар мен сын-ескертпелерді естіп өскен балада қызғаныш сезімі пайда болады, яғни қай жерде бағалау, салыстыру, талаптар болса, сол жерде қызғаныш туады. Қызғаншақ адамдар – жағымсыз энергияның иелері. Жан-жақтарына агрессияның ұшқындарын атып, жамандық ойлап, қызғаныш тудырған объектілердің жағымды жақтарынан гөрі жағымсыз жақтарын тезірек байқап, оларды «тізе бүктіру» мақсатында әртүрлі агрессияның түрлерін қолданады. Осындай адамның жеке басына, қоршаған ортасына кері әсерін тигізетін жағымсыз қасиеттерден құтылудың жолдары: сарыуайымға салынбай, өзіңнің сүйікті ісіңмен айналысу (шахмат ойнау, суда жүзу, табиғатқа шығу, спортпен шұғылдану, т.б.); қоршаған ортаға, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау; жан-жүйеңді, ойыңды рухани байытатын көркем шығармалар оқу; адамдардың позитивті тұстарын байқауға тырысу; әрбір күнге шүкіршілік етіп, бәріне көңілі толып, алғыс айта білгені жөн. 

Ұқсас сұрақтар

...